• Брондау және брондауды өзгерту
  • Ақпарат
  • Көмек

Тіркеуден өту үшін қажет құжаттар

Қазақстан бойынша рейстерге әуежайда тіркелу үшін қандай құжаттар қажет?

  • паспорт;
  • жеке куәліктің түпнұсқасы\eGov порталынан электронды құжат немесе паспорт (Қазақстан Республикасының азаматтары үшін – ЖСН көрсетіле отырып);
  • туу туралы куәлік (16 жасқа толмаған балалар үшін);
  • шетел азаматының Қазақстан Республикасында тұруға рұқсат беретін құжат (ЖСН-мен);
  • азаматтығы жоқ адамның куәлігі;
  • босқын куәлігі;

Құжаттардың көшірмелері мен сканерленген түрі қабылданбайды.

eGov порталынан құжаттың электронды нұсқасын ұсына аламын ба?

Қазақстанның барлық қалаларында тіркелу кезінде электронды құжаттар қабылданады. Алайда, жүйеде техникалық ақау болып қалуы мүмкін, сондықтан құжаттың түпнұсқасын өзіңізбен бірге алып жүруге кеңес береміз.

Жеке куәліктің сканерленген нұсқасын немесе нотариус куәландырған құжаттың көшірмесін бере аламын ба?

Тек құжаттардың түпнұсқалары немесе eGov порталындағы электронды құжат қабылданады. Ешқандай көшірме де, скриншот та қабылданбайды, өйткені әуежайдғы тексеру құрылғысы көшірмелердегі штрих-кодтарды анықтай алмайды.

Қазақстан бойынша ұшу үшін әуежайда баланың (2-16 жас) өзімен бірге қандай құжаттары болуы тиіс?

Туу туралы куәлік (егер бала 16 жасқа толмаған болса).
Жеке куәлік (16 жастан бастап).
Егер бала үшінші тұлғамен ұшатын болса, онда ата-анасының бірінің/қамқоршысының үшінші тұлғаға берген сенімхаты қажет.
Егер бала жалғыз ұшатын болса, онда әуежайға ертіп баратын азаматқа сондай-ақ күтіп алатын тұлғаға сенімхат берілуі керек (егер ата-анасының бірі шығарып салып, бірі күтіп алмайтын болса немесе қамқоршысы болмаса), сондай-ақ "еріп жүрмейтін бала" қызметін алу керек. Қызмет туралы толығырақ мына жерден біле аласыз.

Халықаралық рейстерде ұшу үшін әуежайда баланың (2-16 жас) қандай құжаттары болуы керек?

  • Паспорт және туу туралы куәлік (16 жасқа дейінгі балалар үшін).
  • Паспорт (16 жастан бастап).
  • Ата-анасының біреуінен шекарадан өтуге нотариалды куәландырылған келісім қажет (егер бала ата-анасынсыз ұшатын болса).
  • Егер бала үшінші тұлғамен ұшатын болса, баланы ертіп бара жатқан кәмелетке толған жолаушыға ата-анасының\қамқоршыларының бірінен сенімхат талап етіледі.
  • Егер бала жалғыз ұшатын болса, ата-анасының бірінен әуежайға ертіп баратын және қарсы алатын адамға сенімхат қажет (егер ол ата-ана\қамқоршы болмаса), сондай-ақ "еріп жүрмейтін бала" қызметін рәсімдеу қажет. Қызмет туралы толығырақ мына жерден біле аласыз.
  • Виза (қажет болған жағдайда баратын ел үшін).

Жеке куәлігіммен шетелге ұша аламын ба?

Шетелге ұшу үшін сізге паспорт қажет (Қырғызстанды есепке алмағанда). Жеке куәлік тек ҚР аумағында ғана қолданылады.

Егер әуебилет ескі фамилияға немесе есімге жазылған болса не істейміз?

Егер сіз билетті сатып алғаннан кейін фамилияңыз немесе атыңыз өзгерген болса, онда броньға өзгерістер енгізу үшін әуе билетін сатып алған жерге хабарласуыңыз керек.
Егер өзгеріс әуе билетін рәсімдеуге дейін болса, сізге түзетуден бас тартылады. Толық мәліметті мына жерден біле аласыз.

Егер мен билетті жеке куәліктегі мәліметтерді тіркеп сатып алсам, кейін тек паспортыммен ұша аламын ба? Немесе керісінше?

Сіз әуе билетін рәсімдеу кезінде көрсетілген құжатты пайдалануыңыз керек. Сәйкес келмеген жағдайда билетті сатып алу орнына хабарласып, брондаудағы құжаттың нөмірін алдын ала өзгертуді сұраймыз. Қызмет тегін көрсетіледі.

Ұшаққа отырғызар алдында әуекомпания қызметкерлеріне қандай құжаттарды көрсетуім керек?

Басып шығарылған/электронды отырғызу талоныңыз бен жеке басын куәландыратын құжат/паспортты көрсетесіз.

Егер мен жаңа төлқұжат алсам және менің әуебилетім ескісіне тіркелсе ше?

Құжат нөмірін өзгерту үшін әуебилетін сатып алған жерге алдын ала хабарласуыңыз қажет.

Егер ұшу кезінде билет сатып алынған жеке басын куәландыратын құжаттың жарамдылық мерзімі аяқталса ше?

Ұшаққа отырғызу кезінде құжатыңыздың мерзімі аяқталмау қажет. Сіздің жеке куәлігіңіздің жарамдылық мерзімі сіздің бүкіл сапарыңыздың барысында жарамды болуы тиіс. Халықаралық ұшулар үшін паспорттың қолданылу мерзімі сіздің Қазақстанға оралатын күніңізден кемінде 6 ай болуы тиіс.

Менің құжатымның мерзімі аяқталды, бірақ менде уақытша құжат бар. Оны тіркелу кезінде көрсетуге бола ма?

Жеке куәліктің немесе төлқұжаттың түпнұсқасын көрсету қажет.

Мен ҚР азаматымын, шетелге сапар шегу кезінде паспортым жоғалып кетті/ұрланды. Не істеу керек?

Сіз барған еліңіздегі ең жақын ҚР Елшілігіне/консулдығына жүгінуіңіз қажет. Сізге елге кіру құқығын беретін қайтару куәлігі беріледі. Егер сіз Отаныңызға оралғаннан кейін Қазақстан ішінде ұшу қажет болса, онда жеке куәлігіңізді немесе eGov порталынан электронды құжатыңызды көрсетіп сапарлай аласыз.

Менің құжатым жыртылды, желімделген құжат тіркеуде қабылданады ма?

Егер барлық жеке деректер оқылатын болса, онда құжат қабылданады.

Қазақстанға сапар шегуді жоспарлап отырған шетелдіктерге қандай құжаттар қажет?

Шетелдік азаматтар Қазақстанға кіруі үшін алдын-ала талаптарды мұқият қарап шыққаны абзал. Қолданыстағы паспорттан басқа елге кіруге тиісті құжаттардың (визаның, шақырудың және т.б. болуы) болуын өз бетінше жасақтап алуы шарт.

ҚР азаматтарына шетелге шығу үшін паспорттан басқа не қажет?

Паспорттың жарамдылық мерзімі сапар аяқталғаннан кейін 6 айдан аз уақыт ішінде аяқталмауы керек.
Қазақстаннан ұшып шығу кезінде шекаралық бақылаудан кедергісіз өту үшін шетелге шығуы шектелген борышкерлердің тізілімін тексеруді ұсынамыз.
Белгілі бір елге кіру шарттарын алдын-ала сұраңыз, қажетті құжаттарды дайындаңыз (виза, кіруге рұқсат және т.б.).
Шет мемлекетте болған кезде сіз сол мемлекеттің заңдарын қатаң сақтауға міндеттісіз.
Шетелде болатын уақытыңызда медициналық сақтандыру полисін сатып алуға кеңес береміз.

Менде баламен халықаралық рейске отырамын, қандай құжаттар қажет?

Халықаралық рейстер үшін баланың жеке паспорты болуы керек. Егер сіз ата-ана болсаңыз: сіздің мәртебеңізді растайтын баланың туу туралы куәлігін ұсыну қажет. Егер сіз ертіп жүруші болсаңыз (ата-ана\қамқоршы емес): баланың туу туралы куәлігін, екі ата-ананың нотариалды куәландырылған сенімхатын ұсыну қажет.
Егер сенімхат QR кодсыз рәсімделсе және сенімхат беруші мен нотариус қолжазбаға қол қойса, сенімхат түпнұсқасы талап етіледі.

Бала әжесімен бірге ұшады. Ата-анадан сенімхат қажет пе?

Иә, баланы алып жүру кезінде үшінші тұлғалар ата-анасынан нотариалды куәландырылған сенімхат ұсынуы керек.

Іздеген сұрағыңызға жауап таба алмадыңыз ба?