*Қазақстан әуежайларында жолаушы жолжүкті iJan терминалы арқылы өзі тіркеп, оны FlyArystan "Жолжүкті ресімдеу" бағанасында кесте бойынша ұшу уақытына дейін 40 минуттан кешіктірмей тапсырады. Шетелдік әуежайларда жолаушы алдын ала онлайн тіркеуден тегін (не әуежайда ақылы) өтеді және қауіпсіздік, жолжүкті тіркеу және тапсыру мақсатында құжаттарды тексеру үшін FlyArystan тіркеу бағанасында кесте бойынша ұшып шыққанға дейін 60 минуттан кешіктірмей келеді. Тіркеу және отырғызу мерзімдерімен қосымша сілтемеге басып, танысыңыз.
Алдын ала төленген жолжүк |
Алдын ала
Ішкі рейстерге жоспарланған ұшуға 2 сағат, халықаралық рейстерге жоспарланған ұшуға дейін 3 сағат қалғанға дейін сатып алуға мүмкіндік бар. |
Ақылы |
Артық жолжүк |
Нормативтен тыс жолжүкке төлем бүтін килограмм бойынша жүргізіледі . Жолжүктің салмағын жинақтап қорыту төменде көрсетілген өлшем бойынша жүргізіледі:
|
Ақылы |
Нақты тасымалданатын жолжүк |
Нормативтен тыс жолжүкке төлем бүтін килограмм бойынша жүргізіледі. Жолжүктің салмағын жинақтап қорыту төменде көрсетілген өлшем бойынша жүргізіледі:
|
Ақылы |
Тегін жолжүк ретінде келесі жүкті тасымалдай аласыз:
Азық-түлік тасымалдау
Кез келген түрдегі ет және балық өнімдері (мұздатылған, ысталған, кептірілген, тұздалған және т.б.) | |
Тасымалдауға қойылатын талаптар:
*Халықаралық рейстерде өзіңізбен бірге ветеринариялық сертификат болуы қажет |
|
Қаптамаға қойылатын талаптар: 3 қабатты ылғалға төзімді берік қаптама. Мысалы: ет/ балық ->тығыз полиэтилен-> қағаз / картон -> тығыз полиэтилен |
Сүт және қышқыл/ашытылған сүт өнімдері | |
Тасымалдауға қойылатын талаптар:
|
|
Қаптамаға қойылатын талаптар: Ыдысы:
|
Бал және басқа желе тәрізді өнімдер (тосап, джем) | |
Тасымалдауға қойылатын талаптар:
|
|
Қаптамаға қойылатын талаптар:
|
Қауіпсіздік
Тіркелген жолжүкте келесі заттардың жоғалуына, бүлінуіне немесе кешігуіне FlyArystan компаниясы жауапты болмайды:
Кей әуежайларда қол жүкте және/немесе тіркелген жолжүкте алып жүруге болатын заттарға қосымша шектеулер қойылған. Ондай жағдайларда әуежай ережелері басым күшке ие болады.
Ескерту: әуежайдың қауіпсіздік ережелерін әуежайдың ресми сайттарынан табуға болады.
Бөтен адамдардан алынған сәлемдемелерді, чемодандарды және басқа заттарды әуе кемелерінде тасымалдауға тыйым салынады.
"Жолаушыларға азаматтық әуе кемелерінде тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттардың, сондай-ақ есірткінің барлық түрлерінің тізбесін бекіту туралы" бұйрықпен толығырақ мына сілтеме бойынша таныса аласыз.
Қауіпті заттар
Жолаушыларға қол жүкте және/немесе тіркелген жолжүкте төмендегі сипаттамаға сәйкес келетін барлық қауіпті заттарды алып жүруге тыйым салынады:
Аталған заттардың кез келгенін жолжүкке салған болсаңыз, жолжүгіңізді тіркей алмаймыз. Әлі де сұрақтарыңыз болса, жолжүгіңізге заттарды салмай тұрып веб-сайтта «Бізге хабарласыңыз» қойындысымен өтіп немесе FlyArystan Байланыс Орталығына хабарласу арқылы сұрақтарыңызды бізге қойыңыз.
Қажет кездерде жолаушы әуежай қауіпсіздік қызметі өкілдерінің барлық сұрақтарына жауап беруге міндетті. Қауіпсіздік қызметінің талаптарын орындамауыңыз салдарынан жолжүгіңіз қабылданбаса, FlyArystan компаниясы осыған байланысты пайда болатын ешбір шығынға жауапты болмайды.
"Жолаушыларға азаматтық әуе кемелерінде тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттардың, сондай-ақ есірткінің барлық түрлерінің тізбесін бекіту туралы" бұйрықпен толығырақ мына сілтеме бойынша таныса аласыз.
Шектеулі жауапкершілік туралы биркалер
Зақымы бар, сынғыш, ірі заттары бар, қате буып-түйілген, кеш тіркелген және рұқсат етілген өлшемдерден асып кететін жолжүк «Шектеулі жауапкершілік» биркасымен ғана тасымалдауға қабылданады. FlyArystan компаниясы ондай заттарға жауапты болмайды.
Литий батареялары және аккумуляторлары
Литий батареяларды ұшақпен тасымалдау мүмкіндігі олардың (қуатталатын литий-ионнды батареяларда) ватт-сағат (Вт/сағ.) параметрлеріне немесе (қуатталмайтын литий-металл батареяларда) литий мөлшеріне (ЛМ) байланысты.
Құрамында литий-металл немесе литий-ионды батареялары бар пайдаланушы электрондық құрылғыларын (сағаттарды, фото- және бейнекамераларды, ұялы телефондарды, ноутбуктарды, т. б.) тасымалдаған кезде қысқа тұйықталу жағдайы орын алмауы үшін, қосалқы батареяларды жеке-жеке қорғау керек. Қосалқы батареяларды өндірушінің түпнұсқа қаптамасына салып қою немесе клеммаларын оқшаулау (мысалы, жалаң клеммаларын оқшаулағыш таспамен жауып қою) қажет, немесе әр батареяны бөлек пластик пакетке немесе қорғайтын сөмкеге салып қою қажет.
Қосалқы батареяларды тек қолжүк ішіне салып тасымалдауға болады. Қосалқы батареяларды тіркелген жолжүкпен тасымалдауға тыйым салынады!
Сонымен қатар әр орнатылған немесе қосалқы батареяның параметрі келесі талаптардан аспауы тиіс:
Сыйымдылығы 100 Вт-сағ-тан асып, 160 Вт-сағ-тан аспайтын литий-ионды батареяларды FlyArystan компаниясының алдын ала рұқсатын алып, қолжүкпен қосалқы батареялар ретінде бөлек тасымалдауға немесе жабдық құрамында тасымалдауға болады. Әр жолаушыға жеке қорғанысы бар, сыйымдылығы 100 Вт-сағ және 160 Вт-сағ аралығындағы ең көбі 2 (екі) қосалқы батарея алып жүруге рұқсат етіледі.
Осы тармақта шекті параметрлер бойынша келтірілген шарттарға сәйкес келмейтін, орнатылған немесе қосалқы батареялары бар тасымалы электрондық құрылғыларды ЖОЛАУШЫНЫҢ ЖОЛЖҮГІ НЕМЕСЕ ҚОЛЖҮГІ РЕТІНДЕ ТАСЫМАЛДАУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
Стандартты ноутбуктың литий-ионды батарея сыйымдылығы шамамен 53 Вт-сағ құрайды.
Литий аккумуляторлық батареялармен жүретін жеке моторлы көлік құралдарын, яғни:
қолжүкте және/немесе тіркелген жолжүкте тасымалдауға толықтай тыйым салынады.
"Жолаушыларға азаматтық әуе кемелерінде тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттардың, сондай-ақ есірткінің барлық түрлерінің тізбесін бекіту туралы" бұйрықпен толығырақ мына сілтеме бойынша таныса аласыз.
Жолжүгіңіз жоғалған, зақымдалған, кешіктіріп жеткізілген жағдайда, бұл жайтты межелі қалаға жеткенде хабарлауға болады.
Қате өңделген жолжүк иесіне барынша тез қайтарылуы үшін, тіркеуге дейін барлық жолжүк бірлігіне жолаушының аты, аты-жөнінің бірінші әріптері және мекенжайы жазылған биркалер тағылуы тиіс.
Жолжүктің зақымдалуы
Төмендегі тәртіпке сәйкес жауапты боламыз:
Шағымдар мен арыздар түсіру:
Шағымдарды «Бізге хабарласыңыз» қойындысы арқылы («Кері байланыс түрі» «Шағым» таңдаңыз өрісінде «Зақымдалған/Жоғалған жүк» бөлімін таңдаңыз).
Шағымыңызды өңдеу процесін жылдамдату үшін мәселені хабарлаған кезде бортта немесе әуежайда сізге берілген қолжүктің зақымдалуы туралы актіні немесе жолжүктің ақаулығы немесе зақымдалғаны туралы актіні шағымға қоса жіберіңіз. Сонымен қатар келтірілген зиянның өтемақысын аудару (қолданылатын жағдайларда) үшін байланыс деректеріңіз бен банк деректемелеріңізді беруіңіз қажет.
Сұрақтарыңыз бар ма? Жауаптарды табу үшін мына сілтемені басыныз.