• Брондау және брондауды өзгерту
  • Ақпарат
  • Көмек

Алматыдан Аланияға әуе билеттері (Газипаша–Алания әуежайы, Түркия)

Түркияға сапар үшін FlyArystan тұрақты рейстерін таңдаңыз. Алматы – Алания бағыты бойынша әуе билеттерін тиімді бағамен брондаңыз. Рейстер Алания курорттық аймақтарына жақын орналасқан Газипаша–Алания әуежайына орындалады.

Алматы мен Алания арасындағы қашықтық шамамен 3 400 км. Тікелей рейспен ұшу уақыты орта есеппен 5,5–6 сағатты құрайды.

Тікелей рейстер 13 мамырдан 24 қазанға дейін орындалады. Билеттер жазғы маусым бойына сатылымда.

Маңызды: Түркияға сапар алдында елге кіру талаптарын алдын ала тексеріп, шетелдік төлқұжаттың жарамдылығына көз жеткізіңіз.

Алания — Түркияның Жерорта теңізі жағалауында орналасқан танымал курортты қала. Қала ұзын жағажайларымен, жылы теңізімен, шуақты ауа райымен және тыныш демалыс атмосферасымен танымал. Алания жағажай демалысына, отбасылық сапарларға және жайлы тынығуға өте қолайлы бағыт.

Аланияда не көруге болады

Алматы – Алания әуе билеттерін сатып алғаннан кейін демалыс жоспарын алдын ала құрған жөн. Қаланың көптеген көрікті жерлері бір-біріне жақын орналасқан.

Ұсынылатын орындар:

  • өңірдегі ең танымал жағажайлардың бірі — Клеопатра жағажайы

  • қала мен теңізге панорамалық көрініс ашатын Алания қамалы

  • қаланың тарихи нышаны саналатын Қызыл мұнара (Kizil Kule)

  • ерекше микроклиматымен танымал Дамлаташ үңгірі

  • Алания маринасы және теңіз жағалауы

Уақытыңыз болса, келесі орындарға да баруға болады:

  • Дим өзені мен Дим үңгірі

  • Жерорта теңізі жағалауындағы көрші курорттар мен жағажайлар

Демалыс жайлы өтуі үшін бір күнде екі немесе үш іс-шарадан артық жоспарламаған жөн.

Алматы – Алания әуе билеттерін қайдан тиімді сатып алуға болады

Әуе билеттерін FlyArystan мобильді қосымшасы немесе ресми сайт арқылы сатып алуға болады. Билет бағасы икемді түрде қалыптасады: жолжүк, орын таңдау, тамақтану сияқты қызметтерді өз қалауыңыз бойынша қосасыз.

Билеттерді ертерек және бірден барып-қайту бағытына брондау арқылы сапар шығындарын азайтуға болады.

FlyArystan компаниясымен бірге Аланияға сапарыңызды жоспарлап, әуе билеттерін мобильді қосымша немесе ресми сайт арқылы брондаңыз.

Сатып алу

Рейс күні

calendar