Онлайн тіркелу жоспарланған ұшу уақытынан 30 күн бұрын ашылып, Қазақстан бойынша ішкі рейстерге жоспарланған ұшу уақытынан 40 минут бұрын және халықаралық рейстерге 60 минут бұрын жабылады. Сіз онлайн-тіркеуден тек біздің сайтымызда немесе мобильді қосымшамызда өте аласыз.
Әуежайда рейске тіркелу, iJan терминалдарын қоса алғанда, ақылы қызмет болып табылады. Ал онлайн тіркелу – әрқашан тегін. Рейске тіркелу және ұшаққа отырғызу ережелері мына жерде.
Планетаны сақтайық! Қағаз қалдықтарын азайтуға көмектесіңіз! Тегін онлайн тіркеуден өткеннен кейін электрондық отырғызу талонының түпнұсқасын (QR коды бар) телефоныңызға сақтаңыз. Оны тексеру кезінде әуежай қызметкерлеріне және отырғызу кезінде әуекомпания агенттеріне телефоныңыздан көрсету жеткілікті. Ijan терминалдары арқылы отырғызу талонын басып шығару - ақылы. Толығырақ мына парақшада "Отырғызу талоны" бөлімінде таба аласыз.
Онлайн-тіркелу барлық жолаушылар үшін қол жетімді, тек:
Онлайн режимінде тіркеуден өтіп, бірақ отырғызу талонын тек әуежайдағы тіркеу пунктінде тіркеу аяқталуына 40 минуттан (ішкі рейстер) және 60 минуттан (халықаралық рейстер) кешіктірмей алуға тиiс жолаушылардың санаттары:
Тіркеуден бас тартқаннан кейін билетті қайтаруға болады немесе ұшу күнін тариф шарттарына сәйкес өзгертуге болады (тариф шарттарына сілтеме).
Егер сіз сапарға жүкпен шықсаңыз, тіркелу аяқталғанға дейін - жоспарланған ұшу уақытынан 60 минут бұрын, әуежайда FlyArystan baggage drop-off бағанасында жүкті тіркеп, тапсыруыңыз қажет.
Егер сіз онлайн тіркелген болсаңыз, бірақ сіз техникалық қандай да бір себептерге байланысты отырғызу талоныңызды сақтай / басып шығара алмасаңыз, отырғызу талонын әуежайдағы тіркеу пунктінде бағанасында жоспарланған ұшу уақытынан 60 минуттан кешіктірмей алуға тиістісіз. Отырғызу талоны болмаса, жолаушы рейске қабылданбайды , билет жойылады.
Желіде Онлай-тіркеу кезінде жүйе автоматты түрде орындарды кездейсоқ тәртіпте тағайындайды. Егер сіз тағайындалған орынды ауыстырғыңыз келсе, таңдаған қатарға байланысты төлем жасауыңыз керек.