• Брондау және брондауды өзгерту
  • Ақпарат
  • Көмек

Саяхат туралы ақпарат

MyMAIL

MyMAIL

 

Қазақстан қалалары арасында «Есіктен есікке» сәлемдеме мен құжаттарды жеткізу

Қалай жіберуге болады?

Жеткізу тәсілдері

Жеткізу тәсілдері

MyMail пайдалану шарттарын осы жерден табуға болады

MyMAIL кеңселері туралы ақпаратты осы жерден табуға болады

 

MyMAIL жіберу пунктілері

Астана қаласы
Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайы
2-терминал, 2-қабат, Air Astana әуе кассасы
Тел.: +7 (7172) 286 478
Жұмыс уақыты: күнделікті 08:00-21:30-ға дейін үзіліссіз
Қабылдау: рейстің ұшу уақытынан кем дегенде 2 сағат бұрын
Беру: рейс қонғаннан соң 1 сағаттан кейін
Пошта жіберуші және алушы жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын көрсетуі қажет

 

Алматы қаласы
Алматы халықаралық әуежайы
Терминал, 2-қабат, ішкі рейстер ұшу залы, Air Astana кеңсесі
Тел.: +7 (727) 270 30 53, +7 (727) 270 31 40
Жұмыс уақыты: күнделікті 08:00-22:00-ге дейін үзіліссіз 
Қабылдау: 08:00-21:30, рейстің ұшу уақытынан кем дегенде 2 сағат бұрын
Беру: 08:30-22:00, рейс қонғаннан соң 1 сағаттан кейін  
Пошта жіберуші және алушы жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын көрсетуі қажет

 

Жеткізу шарттары

  1. Барлық жөнелтілімдер пломбасыз жеткізуге қабылданады. Тыйым салынған заттардың бар-жоғын визуалды тексергеннен кейін жөнелтілімдер әуежайдағы қабылдау пунктінде пломбаланады.
  2. «Есіктен есікке дейін» курьерге қоңырау шалу үшін өтініштер тек Алматы және Астана қалаларында сағат 07:30-дан 20:00-ге дейін қабылданады.
  3. «Есіктен есікке дейін» жеткізу курьермен сағат 08:30-дан 22:00-ге дейін тек Алматы және Астана қалаларында жүзеге асырылады.
    Сәлемдемені курьерге беру кезінде жеке куәлікті көрсету қажет.
  4. Курьердің тегін күту уақыты - 10 минут, ең көп күту уақыты - 20 минуттан аспайды. Тегін күту уақыты асып кетсе, сізге қосымша төлемге сілтеме жіберіледі.
  5. Пакет курьерге 20 минут ішінде берілмесе, қызмет ішінара аяқталды деп есептеледі. Соманың 50% қайтару MyMail@airastana.com электрондық поштасына жазбаша сұрау салудан кейін 15 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Ақшаны қайтару туралы жазбаша өтініштер өтініш тіркелген күннен бастап 14 күнтізбелік күн ішінде қабылданады.
  6. Егер алушы 20 минут ішінде сәлемдемені курьерден алмаса, сәлемдеме әуежайға қайтарылады. Бұл жағдайда алушы 3000 теңге айыппұл төлей отырып, сәлемдемені әуежайдан алып кетуі керек.
  7. Талап етілмеген сәлемдемелер 7 күнтізбелік күн ішінде сақталады. Әуе компаниясы талап етілмеген сәлемдемені өз қалауы бойынша иеліктен шығару құқығын өзіне қалдырады.
  8. Егер жөнелтілім рұқсат етілген өлшемдерге сәйкес келмесе немесе мазмұны күмәнді болса, авиакомпания тасымалдаудан бас тартуға құқылы.

Жіберуге тыйым салынады:

◉ Сұйықтықтар
◉ Азық-түлік, соның ішінде көкөністер мен жемістер
◉ Өсімдіктер мен гүлдер
◉ Смартфондар, телефондар, ноутбуктер, литий-ионды батареялары бар жабдық
◉ Бағалы жөнелтілімдер (валюта, күміс, алтын, асыл тастар және т.б.).
◉ Қару
◉ Есірткі және психотроптық препараттар, улар
◉ Жарылғыш және жанғыш заттар
◉ Тыйым салынған жарияланымдар, аудио және бейне материалдар
◉ Қауіпті, ластануы немесе басқа жөнелтілімдер мен жабдықты зақымдауы мүмкін заттар.