• Брондау және брондауды өзгерту
  • Ақпарат
  • Көмек

Растау анықтамасы

Рейс кешіктірілген немесе орындалмаған жағдайда, сондай-ақ ұшу уақытының өзгеруі туралы, электрондық билетті пайдалану немесе билетті қайтару туралы растама қажет болса, біз керекті анықтама-растамаларды бере аламыз. Рейстің статусы туралы анықтама рейс аяқталғаннан кейін ғана рәсімделуі мүмкін.

Төмендегі форманы толтыра отырып, сіз электрондық билетіңіздің қолданылғандығы туралы растау анықтамасын ала аласыз. Анықтаманың түпнұсқасы берілмейді.

Брондау нөмірі

Билетте көрсетілген алты таңбалы код. Мысалы: R0Q8D9

Тегі
Arline Code
KC
FS
Рейс нөмірі
Date

Электрондық растау анықтамасын шығару ережелері:

Анықтамалар ұшу билеті алынған валютада беріледі.

Рейстің орындалмағандығын немесе кешігуін растайтын анықтамаларды алу үшін келесі электрондық мекенжайға жазыңыз: customer.relations@flyarystan.com.

Тарифтерді, белгілі күндері ғана болатын тарифтерді, бағыттарды растайтын анықтамалар берілмейді. Тарифтер мен бағыттар жайлы ақпаратты біздің сайтымыздан таба аласыз

Әуекомпания анықтамалардың басқа түрлерін бермейді және басқа да растама хаттар рәсімдеу жайлы келген тапсырыстар қарастырылмайды.

Билет нөмірін анықтауға мүмкіндік беретін ақпаратты немесе билет нөмірін үшінші тұлғаларға бере отыра, жолаушы осы растау анықтаманы үшінші тұлғаның алуына да келісімін береді. Бұл жағдайда билеттің нөмірі бойынша қолданылуы жайлы ақпараттың қолжетімді болғаны үшін тасымалдаушы жауапты емес.

Contact.centre@flyarystan.com арқылы анықтаманы үшінші тұлғаларға беру үшін, сізден нотариалды түрде расталған хат, сенім-хат немесе жолаушының (жолаушылардың) жеке бас (конфиденциалды) ақпараттарының үшінші тұлғаға ұсынылуына қарсылығы жоқ екендігі жайлы алынған хатты (барлық үлгілер еркін түрде, қолы қойылып сканерленген көшірмесі) жіберуіңізді сұраймыз. Талаптар орындалмаған жағдайда тапсырысыңыз қарастырылмайды.

Клиенттердің назарына.

2025 жылы сатып алынған және ұшуы 2026 жылы орындалатын билеттер бойынша ҚҚС-ты есепке жатқызу мақсатында әуекомпанияның сайтында қалыптастырылған жол жүру фактісін растайтын құжатты («Растау-анықтамасын») пайдалану қажет. Аталған құжат Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 480-бабы 6-тармағының 2) тармақшасына сәйкес (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ) ҚҚС-ты есепке жатқызудың бастапқы негізі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 460-бабы 5-тармағына сәйкес әуе тасымалы қызметтері бойынша айналым жасалған күн ұшу орындалған айдың соңғы күні болып табылады; 01.01.2026 жылдан бастап ҚҚС 16% мөлшерлемесінде қолданылады.

Егер 2025 жылы ресімделген билетте ҚҚС 12% мөлшерлемесінде белгіленген болса, қызмет көрсетілген күнгі ҚҚС-тың дұрыс мөлшерлемесі мен сомасы нақтыланған «Растау-анықтамасындағы» деректерге сүйенуіңізді сұраймыз.