• Брондау және брондауды өзгерту
  • Ақпарат
  • Көмек

Брондауды өзгерту

Тегі (латын әріптерімен)
Брондау нөмірі

Қалаған қосымша қызметті билетті сатып алғаннан кейін де және/немесе билет онлайн/тур-агенттікте брондалған болса да, сайтымызда/қосымшамызда сатып алуға болады. Әуежайда жолжүк және қолжүк ақысы бірнеше есе қымбат. Сондықтан қызметтерді алдын ала тиімді бағаға сатып алуды ұсынамыз.

Қосымша қызметтерді сатып алу

Билет сатып алған жеріне қарамастан, сіз жолжүгін, үлкейтілген қол жүгін, орын, тамақтану, приоритетті отырғызу, спорттық құрал-жабдықтар сияқты қосымша қызметтерді ішкі бағыттарға сапарға шыққанға дейін 2 сағаттан кешіктірмей және халықаралық сапарға 3 сағаттан кешіктірмей сатып ала аласыз.

Ұшу күнін немесе уақытын өзгерту

Қайта брондау қызметін айыппұл және ұқсас тариф болмаған жағдайда, келесі қол жетімді тарифке дейін тиісті айырмашылықты жоспарланған ұшу уақытына дейін ішкі бағыттарға 2 сағаттан кешіктірмей және халықаралық бағыттарға 3 сағаттан кешіктірмей төлей отырып, билетті басқа күн мен уақытқа қайта брондауға болады.

 

FlyArystan әуекомпаниясының ресми сайты мен мобильді қосымшасынан өзге жерден сатып алынған әуебилеттерін өз еркімен және мәжбүрлі қайтару сатып алған орында жүзеге асырылады.

Ұшуға тіркелу

Сіз ұшаққа онлайн режимде тіркеле аласыз.

Ішкі рейстерге онлайн-тіркеу 30 күн бұрын ашылады және ұшудан 40 минут бұрын жабылады. Халықаралық рейстерге онлай-тіркеу* 30 күн бұрын ашылады және ұшудан 60 минут бұрын жабылады. 2023 жылдың 3 тамызынан бастап халықаралық рейстерге әуежайда тіркеу ақылы болады. Чартерлік рейстерге тіркеу әуежайда ғана орындалады.

* Халықаралық рейстерге отырғызу талондарын төлқұжаттарды тексергеннен кейін тек қана әуежайдағы тіркеу пунктінде ұшуға кем дегенде 60 минут қалғанда алуға болады.  

** Онлайн-тіркеу кезінде жүйе автоматты түрде сізге тегін кездейсоқ орынды тағайындайды. Қосымша төлем үшін онлайн-тіркеуден өту кезінде сіз өзіңізге ыңғайлы орынды таңдай аласыз.

Билетті басып шығару

Қажет болған жағдайда, сіз билеттерді жүктеп, басып шығара аласыз. Электронды билет отырғызу талоны болып табылмайды. Ұшаққа отыру үшін рейске тіркелу міндетті қадам. 

Байланысушы адамның міліметтерін өзгерту

Сіз брондауда көрсетілген байланысушы адамның мәліметтерін, телефон нөмірін немесе электрондық пошта мекен-жайын өзгерте аласыз.

Қайтарым жасау

Cіз брондауынызды жоспарланған ушұ уақытына 2 сағат қалғанға дейін, халықаралық рейстерге 3 сағат қалғанға дейін айыппұл төлеп, жоя аласыз.

  • Айыппұл бағасы және билет қайтару мүмкіндігі сатып алынған тариф түріне байланысты.
  • Тарифтік пакеттердің, қосымша қызметтердің және комиссиялық алымдардың құны қайтаруға жатпайды.

*Тек FlyArystan.com сайтында және FlyArystan мобильды қосымшасы арқылы сатып алынған билеттер үшін қол жетімді. Егер билеттер басқа қызметтер арқылы сатып алынса, сол жерге хабарласқаныңыз жөн.