Komek жобасы
Komek жобасы келесі санаттағы жолаушыларға билеттерді жазып беру үшін жеңілдіктер қарастырады:
- ҰОС ардагерлері
- Мүгедектігі бар адамдар (1 топ)
Әуебилеттерді жазып беру шарттары:
- ҰОС ардагерлері:
- ҰОС ардагерлерінің әуебилетіне 100% жеңілдік
- Бір еріп жүрушінің әуебилетіне 100% жеңілдік
- 20 кг жолжүк ҰОС ардагердің әуебилетіне кіреді
- Әр билетке салмағы 5 кг-ға дейінгі 1 дана қолжүгі кіреді
- Салықтар, әуежай алымдары, жолжүкті тасымалдауды, сондай-ақ басқа да қосымша қызметтерді жолаушы өз бетінше төлейді
- "Komek" жобасы бойынша билеттерді қайтару және қайта брондау әуекомпанияның қайтару/қайта брондау ережелері бойынша кәдімгі әуебилеттер сияқты айыппұлмен жүзеге асырылады
- Жеңілдік Қазақстан бойынша тұрақты және тікелей рейстерге қолданылады
- Жеңілдік жылына 1 рет 1 жолаушыға және оның еріп жүрушісіне қолданылады
- 1 рейске жеңілдіктігі бар 1 жолаушы және оның еріп жүрушісі рұқсат етілген.
- Онлайн тіркелу мүмкін емес. Тегін тіркелу үшін тіркеу бағанасын қолдана аласыз.
Әуебилетке өтінішті қарастыру үшін komek@flyarystan.com поштасына келесі құжаттарды жіберу керек: 1) Толтырылған форма (принтерде басылған нұсқада); 2) Ардагер куәлігі; 3) Ардагердің және бір еріп жүрушінің жеке куәлігі;
- Билетке өтінімдер қажетті ұшу күніне дейін кемінде 15 және одан да көп жұмыс күні бұрын қабылданады
- Бір рейсте жеңілдік тек бір жолаушыға және оның еріп жүрішіне қолданылады. Егер нақты рейсте бұл жеңілдік қолданылған болса, онда балама рейстерді таңдау ұсынылады
- Бұл жеңілдік басқа жеңілдіктермен бірге қолданылмайды, сондай-ақ жеңілдік науқандық әуебилеттерге қолданылмайды
Форманы жүктеу
1-топтағы мүгедектігі бар жолаушылар (пилоттық жоба)
- 1-топтағы мүгедектігі бар жолаушылар әуебилетіне 50% жеңілдік
- Бір еріп жүрушінің әуебилетіне 50% жеңілдік
- Жеңілдік брондау кезінде қолжетімді тарифке қолданылады
- Бір рейсте жеңілдік тек бір жолаушыға және оның еріп жүрушісіне қолданылады. Егер нақты рейсте бұл жеңілдік қолданылған болса, онда балама рейстерді таңдау ұсынылады
- 20 кг жолжүк 1-топтағы мүгедектігі бар жолаушылардың әуебилетіне кіреді
- Әр билетке 1 дана 5 кг қолжүгі кіреді
- Жеңілдік Қазақстан бойынша орындалатын тұрақты рейстерге қолданылады
- Жеңілдік жылына 1 рет 1 жолаушыға және оның еріп жүрушісіне қолданылады
- 1 рейске жеңілдіктігі бар 1 жолаушы және оның еріп жүрушісі рұқсат етілген
- "Komek" жобасы бойынша билеттерді қайтару және қайта брондау әуекомпанияның қайтару/қайта брондау ережелері бойынша кәдімгі әуебилеттер сияқты айыппұлмен жүзеге асырылады
Әуебилетке өтінішті қарастыру үшін komek@flyarystan.com поштасына келесі құжаттарды жіберу қажет: 1) Толтырылған форма (принтерде басылған нұсқада); 2) Мүгедектіктің бірінші тобын растайтын мүгедектік туралы медициналық анықтама немесе Egov-тан алынған QR-коды бар мүгедектік туралы куәліктерді (мысал ретінде QR-коды бар Egov-тан алынған куәлік); 3) Мүмкіндігі шектеулі адамның және бір еріп жүрушінің жеке куәлігі;
- Билетке өтінімдер қажетті ұшу күніне дейін кемінде 15 және одан да көп жұмыс күні бұрын қабылданады
- Бұл жеңілдік басқа жеңілдіктермен бірге қолданылмайды, сондай-ақ жеңілдік науқандық әуебилеттерге қолданылмайды
Форманы жүктеу