• Брондау және брондауды өзгерту
  • Ақпарат
  • Көмек

Билетті жою және қайтару

Cіз брондауынызды жоспарланған ушұ уақытына кем дегенде 2 сағат бұрын, халықаралық рейстерге кем дегенде 3 сағат бұрын айыппұл төлеп, жоя аласыз.

  • Айыппұл бағасы және билет қайтару мүмкіндігі сатып алынған тариф түріне байланысты.
  • Тарифтік пакеттердің, қосымша қызметтердің және комиссиялық алымдардың құны қайтаруға жатпайды.

Билетті қайтаруды FlyArystan веб-сайтында немесе мобильді қосымшасында өзіңіз жүзеге асыра аласыз.

Тек FlyArystan.com сайтында және FlyArystan мобильды қосымшасы арқылы сатып алынған билеттер үшін қолжетімді. Егер билеттер басқа қызметтер/мекемелер арқылы сатып алынса, сол жерге хабарласқаныңыз жөн.

Билетті қайтару үшін сіз

  1. «Брондауды өзгерту» бөліміне өтуіңіз керек. Әрі қарай, тиісті өрістерге брондау нөмірін және латын әріптерімен жолаушының тегін енгізіңіз;
  2. «Рейсті жою» батырмасына басыңыз;MMB Cancel fight
  3. Билетті қайтарғыңыз келетін рейсті/терді таңдаңыз да, жалғастыру батырмасын басыңыз. Таңдалған рейстер брондаудағы барлық жолаушырар үшін жойылатынын ескеріңіз;Билет қайтарылатын рейсті таңдау
  4. «Келесі шарттармен таныстым және оларды қабылдаймын» шаршыны түртіп жалғастырыңыз. Билетіңіз осылайша қайтарылады.

Жоспарланған ұшу уақытына ішкі рейстерге 2 сағаттан аз, ал халықаралық рейстерге 3 сағаттан аз уақыт қалғанда билетті жою мүмкін емес. Рейске кешіккен кезде немесе отырғызуға уақытылы келмеген жағдайда, сіздің төлеміңіздің 100% құны күйіп кетеді, пайдаланылмаған әуежай алымы ғана қайтарылады.