Ozgert Intl Main Banner Kz

Билет сатып алу

Күн

calendar

Ozgert-пен саяхатты жоспарлау әлдеқайда тиімді!

Ozgert-ті сатып алу − айыппұлсыз қайта брондау мүмкіндігін береді.

Сапарыңыздың күндеріне сенімді емессіз бе? Енді саяхаттарыңызды еш күмәнсіз жоспарлай аласыз! Билеттерді Ozgert қызметімен бірге алдын ала сатып алыңыз. Бұл қызмет ұшу күндерін айыппұлсыз өзгертуге мүмкіндік береді.

*Қызмет енді халықаралық рейстерге де қолжетімді

Қызметті қолдану шарттары:

        Өзгерт қызметі

  • Қызмет "Икемді" тарифінің барлық топтамалары және "Үнемді" тарифінің Комфорт Плюс топтамасы үшін қолжетімсіз (аталған топтамаларда бұл қызмет түрі қамтылған).
  • Ozgert қызметін жолаушылардың әрқайсысына және рейстердің әрқайсысына бөлек қосуға болады.
  • Ozgert 1 рет айыппұлсыз қайта брондау мүмкіндігін береді, алайда қайта таңдалған тарифтің құны ескеріледі (тарифтер арасындағы айырмашылық болған жағдайда қосымша ақы алынады).
  • Ozgert арқылы рейс бағытын немесе жолаушының атын өзгертуге болмайды.
  • Жолаушы Ozgert қызметі қосылған билетті рейстің жоспарланған ұшу уақытынан кем дегенде 2 сағат бұрын сатып ала алады және пайдалана алады.
  • Топтық брондаулар үшін Ozgert қызметі қолжетімсіз.
  • Ozgert қайтарылмайтын қызмет. Ozgert қызметінің құны әуекомпанияның кінәсінен туындаған мәжбүрлі қайта брондау (рейстің 6 сағаттан аса кешігуі/ерте ұшуы) немесе мәжбүрлі қайтарым жасау (рейсті болдырмау) жағдайында ғана жолаушыға қайтарылады.

Қызмет бағасымен сілтеме арқылы өтіп, танысыңыз https://flyarystan.com/kk/services-and-fees.