• Брондау және брондауды өзгерту
  • Ақпарат
  • Көмек

Саяхат туралы ақпарат

Орынды таңдау

 

Орындардың орналасу схемасы

seat-map-kk

 

Таңдаған орныңыздың ақысын төмендегі жолдармен төлеуге болады:

Науқан! "Орынды таңдау" қызметіне -50% дейін жеңілдіктер қолданылады. Бағасы рейстің алыстығына және ұшуға дейінгі уақытқа байланысты. Алдын ала арзанырақ!

*Сілтемені басып, борттағы орынның құны (науқандық жеңілдіктерді есепке алмағанда көрсетілген) туралы ақпаратпен таныс болыңыздар.

**Орындар саны шектеулі, ақпарат алу үшін бортсеріктерге хабарласыңыз.

Ақшаны қайтаруды рәсімдеу үшін бізге жазыңыз.

Орынды алдын ала брондамаймын деп шешсеңіз, тіркелгенде сізге кездейсоқ негізде тегін орын беріледі.

Егер брондауда 2 немесе одан да көп жолаушы болса және олардың біреуі ғана орын алса, барлық басқа жолаушыларға орын кездейсоқ тағайындалады.

Рейстің күні жолаушы еркімен өзгертілсе, ұшақ бортында сатып алынған орынды сақтау кепілдігі берілмейді және қызмет құны қайтарылмайды. Өзгертілген күнге орын таңдау қызметін қайта сатып алу қажет.

Жолаушы орынының үстіндегі қолжүк сөресі орындыққа байланбаған. 1D, 1E, 1F орындардың үстіндегі қол жүк сөресі әуекомпанияның ұшу қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес құтқару жабдықтарын міндетті түрде тасымалдауға байланысты толтырылған. 

Қауіпсіздік ережелері

  • Апаттық шығу орындары апаттық шығу есіктерінің дәл жанында орналасқан.
  • Эвакуация жағдайында, апаттық шығу орындарындағы жолаушылар апаттық есікті ашуға көмек көрсетулері тиіс.
  • Апаттық шығу орындарындағы жолаушылар авиациялық қауіпсіздік талаптарына сай болуы, яғни физикалық күйлері жақсы, психологиялық тұрғыдан төзімді болуы, экипаждың ағылшын, орыс немесе қазақ тілдеріндегі нұсқауларын түсінуі тиіс.
  • Қауіпсіздік Ережелеріне сәйкес 11 және 12 қатар орындықтарының артқы жағы бүгілмейді*
  • "Орын таңдау" қызметі " Жетелеушісі жоқ бала"қызметі расталған жолаушылар үшін қол жетімді емес, өйткені қауіпсіздік ережелеріне сәйкес оларға тек соңғы қатарда орын беріледі.
  • Саяхатқа үй жануарларымен шыққан жолаушылар 1-қатардан және апаттық шығу есігі бар қатардан орындарды сатып ала алмайды. Бір қатарда жануарды ұшақ бортында тасымалдау қызметті растаған бір жолаушыға ғана отыруға рұқсат етіледі. 
  • Апаттық шығу орындарын сатып ала алмайтын жолаушылар:

       - физикалық және психологиялық тұрғыдан апаттық шығу есігін ашуға қабілетті емес адамдар;
       - балалар мен жасөспірімдер (2-18 жас), соның ішінде ересексіз жүрген балалар;
       - нәрестелі және/немесе балалы жолаушылар;
       - үй жануарлары бар жолаушылар;
       - физикалық жай-күйі тез қозғалуға мүмкіндік бермейтін жолаушылар;
       - экипаждың ағылшын, орыс немесе қазақ тілдеріндегі нұсқауларын түсіне алмайтын жолаушылар;
       - зейнеткерлер;
       - жүкті әйелдер;
       - мүмкіндіктері шектеулі жолаушылар;
       - қауіпсіздік белдігін тағу үшін ұзартқыш қажет болатын жолаушылар.

  • Апаттық шығу орындарына отырғызылатын тұлғалар туралы қорытынды шешімді экипаж мүшелері қабылдайды.
  • Қауіпсіздік талаптарына сай болмаған жағдайда, экипаж мүшелері жолаушыға ақша қаражатын қайтармай басқа орын беруге мәжбүр болады.

 

Төленген құнын қайтару

Ұшақ бортын ауыстырған кезде, рейс кешіккенде немесе орындалмайтын болған жағдайда ұқсас орын түрі (премиум: бірінші және аппаттық шығу есіктерінің дәл жанында орналасқан орындар, алдынғы 2-4 қатардағы орындар, 5-11/14-30 қатардағы стандартты орындар) беруге мүмкіндік болмаса, жолаушы төлемақы алуға құқылы. Ақша билет сатып алынған жерден толық көлемде қайтарылады және жолаушы тегін орынға отырғызылады.

Ақшаны қайтару жағдайында қызмет сатып алынған орынға хабарласыңыз және әуежай Бақылау қызметінің мөрімен отырғызу билетіңіздің көшірмесін жіберіңіз.

Әуекомпания ақша қаражатын әуежайда немесе ұшақ бортында қайтармайды.

Ақшалай қайтарым келесі жағдайларда ЖАСАЛЫНБАЙДЫ:

  • әуебилетті өз еркімен қайтару немесе сапар күнін өзгерту жағдайында;
  • онлайн тіркеу барысында орынның өзгертілуі;
  • авиациялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеген кезінде;
  • кешігу себебіне байланысты жолаушының рейске келмеуі, көші-қон және басқа да талаптарға сәйкес келмеу жағдайларында;

 

Орындардың орналасу схемасы