Жалпы ережелер
«FlyArystan» АҚ сіздің жеке мәліметтеріңіздің құпиялығы мен қауіпсіздігін сақтауға барынша мән береді. Нормативтік талаптар мен стандарттарды сақтап, бұл Саясат біз жинаған жеке ақпаратты егжей-тегжейлі, оны жинау мақсаттары және өңдеу, сондай-ақ жеке деректерге қатысты құқықтарыңызды сипаттайды. Сіздің жеке деректеріңіз тек «FlyArystan» АҚ рейстеріне қатысты заңды мақсаттарда пайдаланылады.
Жеке ақпарат дегеніміз не?
Жеке ақпарат (немесе жеке деректер) сізді сәйкестендіретін немесе сізді сәйкестендіру үшін қолданылатын мәліметтерді қамтиды. Ол мәліметтерге сіздің атыңыз және байланыс контактілері, сіздің рейстеріңіз туралы ақпарат, және т.б. Сонымен қатар, бұл ақпарат біздің веб-ресурстарымыз бен мобильді қосымшаларымызды пайдалануыңыз туралы ақпаратты қамтуы мүмкін.
Осы Құпиялылық туралы ескерту қашан қолданылады?
Бұл Құпиялылық туралы ескерту біз жинайтын, пайдаланатын және/немесе басқа жолмен өңдейтін жеке ақпаратыңызға қолданылады. Бұл біздің рейстерімізбен саяхаттау, веб-сайтымызбен немесе мобильді қолданбамызбен байланысу, брондау және ақпарат орталығына хабарласу немесе басқа қызметтеріміздің кез келгенін пайдалану жағдайларын қамтиды. Қызметтерімізді пайдалану арқылы сіз осы Құпиялылық туралы ескертудің шарттарына келісесіз.
Бізбен қалай байланысуға болады?
Жеке ақпаратыңызға қатысты кез келген сұрақтар немесе алаңдаушылықтар бойынша сіз «FlyArystan» АҚ-ның келесі байланыс арналары арқылы хабарласа аласыз:
Жеке деректерді өңдеуге кім жауапты?
«FlyArystan» АҚ "Жеке деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және басқа да қолданыстағы жергілікті және халықаралық заңнамаға сәйкес сіздің жеке деректеріңізді жинау, сақтау, пайдалану, қорғауына және құпиялылығына толығымен жауапты.
Біз қандай жеке ақпаратты жинаймыз?
«FlyArystan» АҚ қызметтерді көрсету және жақсарту, шарттық және заңды міндеттемелерді орындау және ұшу барысында сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін жеке ақпаратыңызды жинайды және өңдейді. Бұл жеке ақпарат келесіні қамтиды:
Жиналған жеке деректердің түрлері мен көлемі сіздің «FlyArystan» АҚ-мен өзара әрекеттесу сипатыңызға байланысты болады. Бұл деректер қызметтеріміз бен цифрлық платформаларымызды пайдалану кезінде тікелей сізден, сондай-ақ рейсіңізді ұйымдастырумен айналысатын билеттерді сату агенттіктері сияқты үшінші тұлғалардан жиналады.
Жеке деректерді өңдеу бойынша біздің мақсаттарымыз қандай?
«FlyArystan» АҚ жеке деректерді қорғау туралы жергілікті және қолданыстағы халықаралық заңнаманың сақталуын қамтамасыз етіп, жеке деректеріңізді келесі мақсаттарда жинайды және өңдейді:
Жеке деректерді өңдеудің негізі неде?
Егер сіз басқа адамға брондау жасасаңыз немесе әуе билетін сатып алсаңыз, ол адамның жеке ақпаратын пайдалануға рұқсатын алуыңыз қажет.
Сіздің жеке деректеріңіз қалай жиналады?
Біз жоғарыда аталған жеке деректер санаттарын әртүрлі арналар арқылы аламыз:
Біздің сату арналарымыз арқылы брондау жасағанда немесе ұшу билетін және/немесе басқа тауарлар мен қызметтерді сатып алғанда, рейске тіркелгенде, онлайн аккаунт жасағанда, бізге сұрау немесе шағым жібергенде, сауалнамадағы сұрақтарға жауап бергенде, бізге әлеуметтік желілерде хабарлама қалдырғанда, қолдау көрсету тобына хабарласқанда, чатботпен байланысқанда, электрондық ақпараттық немесе мобильді хабарландыруларымызды алу үшін тіркелгенде, медициналық бланкілерді толтырғанда жеке деректерді тікелей сізден аламыз.
Біз сіздің жеке деректеріңізді туристтік агенттігі немесе үшінші тарап веб-сайттары арқылы ұшу билетін сатып алғанда немесе серіктестеріміздің автокөлікті жалға алу, аудару, қонақүйді брондау қызметтерін пайдаланған кезде аламыз. Сіздің рейсіңізді ұйымдастыруға қатысатын осы үшінші тұлғалар сіздің жеке деректеріңізді өңдеуге де жауапты. Олар сіздің жеке деректеріңізді қалай өңдейтіні туралы қосымша ақпарат алу үшін олардың құпиялылық туралы тиісті хабарламаларын қарауыңызды сұраймыз.
Біз сіздің жеке ақпаратыңызды қанша уақыт сақтаймыз?
"FlyArystan" АҚ қолданыстағы заңнаманы және жеке деректерді өңдеудің көрсетілген мақсаттарын ескере отырып, жеке ақпаратты сақтау мерзімдерін белгілейді. Жеке деректерді өңдеу мақсатына қол жеткізілгеннен кейін, жеке деректер ұзақ уақыт сақталуы тиіс заңмен белгіленген жағдайларды қоспағанда, сіздің жеке ақпаратыңыз жойылады немесе жасырылады.
Нақтырақ айтқанда, сіз брондау жасағанда немесе әуе билетін сатып алғанда, біз сізге әуе саяхаты қызметтерін ұсыну үшін тиісті жеке ақпаратты сақтаймыз. Сіздің рейсіңіз аяқталғаннан кейін біз сіздің рейсіңізге қатысты кез келген сұрауларыңызды немесе шағымдарыңызды шешу үшін жеткілікті ақпаратты сақтаймыз.
Егер сіздің жеке ақпаратыңызды қонақ үй немесе автокөлік жалдау компаниясы сияқты үшінші тұлға жинаса, ол олардың құпиялылық саясатына сәйкес сақталатынын ескеруіңізді сұраймыз.
Біз сіздің жеке ақпаратыңызды кімге жариялай аламыз?
Деректерді өңдеудің жоғарыда аталған мақсаттарына қол жеткізу үшін және жоғарыда аталған заңды негіздерге сәйкес (келісімшарттың орындалуы, заңды мүдделері, келісім немесе заңмен бекітілген өңдеу міндеттемелері) сіздің деректеріңіз алушылардың келесі санаттарына берілуі мүмкін:
Қызмет провайдерлері, мысалы, веб-сайтты пайдалану, ақпараттық хабарламаларды тарату және кері байланысты өңдеу.
Біз сіздің жеке ақпаратыңыздың қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етеміз?:
Сіздің жеке деректеріңіздің қауіпсіздігі мен құпиялылығын қамтамасыз ету біз үшін өте маңызды. Біз қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз ету үшін кез келген кездейсоқ немесе заңсыз жойылудың, жоғалудың, өзгерістердің, ақпаратты ашудың немесе осы деректерге рұқсатсыз қол жеткізудің алдын алу үшін шараларды қабылдадық. Бұл шараларға мыналар жатады:
Жеке деректерге қатысты сіздің құқықтарыңызды қалай құрметтейміз?
"Жеке Деректер және Оларды Қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ, қолданыстағы халықаралық құқыққа сәйкес сіздің жеке ақпаратыңызға қатысты белгілі бір құқықтарыңыз бар:
Егер сіз осы құқықтардың кез келгенін пайдаланғыңыз келсе, бізге электрондық пошта арқылы хабарласыңыз:customer.relations@flyarystan.com
"FlyArystan" АҚ сізден құқықтар туралы сұрауға байланысты деректер субъектісі ретінде жеке басыңызды растау үшін қосымша мәліметтерді сұрауы мүмкін.
Маркетингтік хабарламаларды алудан қалай бас тартуға болады?
«FlyArystan» АҚ маркетингтік мақсаттар үшін жеке деректеріңізді өңдейді, соның ішінде, мысалы, ақпараттық хабарламалар мен ұсыныстарды жіберу, маркетингтік науқандарды жүргізу.
Мысалы, сіз ақпараттық хабарламаға жазылған кезде, сіздің келісіміңіз маркетингтік хабарламаларды жіберуге негіз болады. Егер біз сіздің жеке деректеріңізді ақпараттық және маркетингтік мақсаттар үшін келісім сұрамай-ақ өңдейтін болсақ, әр жағдайда біздің заңды мүдделеріміз осындай өңдеуге жеткілікті негіз болады деген қорытындыға келдік.
Егер сіз бұдан былай маркетингтік коммуникацияларды алғыңыз келмейтінін шешсеңіз, кез келген уақытта ойыңызды өзгерте аласыз. Маркетингтік коммуникацияларды қабылдауды тоқтатудың жолдары төменде сипатталған:
Біз cookie файлдарын қалай пайдаланамыз?
https://flyarystan.com веб-сайт немесе мобильді қолданбаларды қолдану арқылы сіз cookie файлдарын құрылғыңызға орналастыруымызға, оларға қол жеткізуімізге және пайдаланушы тәжірибеңізді жақсарту үшін, веб-сайтты және мобильді қолданбаларды пайдалануыңыз туралы деректерді жинау үшін, басқа әдістерді пайдалануымызға келісесіз.
Cookie – бұл веб-сайтқа кіргенде немесе мобильдік қосымшаны қолданғанда Сіздің компьютеріңізде не мобильдік құрылғыңызда орналасқан шағын ақпарат файлдары. Олар веб-сайттың тиісті деңгейде жұмыс істеуіне мүмкіндік береді, сондай-ақ Сіздің веб-сайтпен және мобильдік қосымшамен жұмыс істеу тәжірибеңізді жақсартады.
Мысалы, біздің cookie файлдар Сіз таңдаған тілді және елді есте сақтап,https://flyarystan.com/ сайтына әр кірген сайын оны қайта таңдаудан арылтады.
FlyArystan веб-сайтымыз бен мобильді қолданба(лары)мызда сессиялық, функциялық жарнамалық/мақсатты және cookie әрекеттері файлдарын мына мақсаттарда пайдаланады:
Сookie файлдары қандай жеке ақпаратты жинайды?
Cookie файлдары түрлі жеке ақпаратты сақтайды, соның ішінде:
Қандай сookie пайдаланатынын таңдауға бола ма?
Сіз біздің веб-сайтқа кіргенде cookies файлдарының қалқыма терезесін көресіз, оларды қалауыңызға қарай қосуға не өшіруге болады.
Сookie файлдарын қалай өшіруге болады?
Ғаламтор браузері cookie файлдарының баптауын өзгертуге мүмкіндік береді. Әдетте бұл баптаулар Сіздің ғаламтор браузеріңізде «Параметрлер» не «Баптаулар» мәзірінде болады. Төмендегі сілтемелер осы баптауды түсінгенге пайдалы болуы мүмкін. Толық ақпарат алу үшін Сіз сондай-ақ ғаламтор браузеріңізде «Анықтама» опциясын қолдана аласыз.
Алайда, Сіз барлық cookie файлын бұғаттасаңыз (веб-сайт жұмысы дұрыс істеуге қажеттісін қосқанда), Сіз барлық сайтқа немесе оның кейбір қызметіне қол жеткізе алмайсыз.
Cookie файлдарын жоюға не бұғаттауға қатысты қосымша ақпарат алу үшін http://www.aboutcookies.org/ веб-сайтына өтіңіз.
Google Аналитика, Facebook Пиксель және Яндекс Метрика
Біздің сайт Google Сараптаманы, Facebook Пиксель мен Яндекс Метриканы, сәйкесінше Google, Inc., Facebook пен Yandex LLC ұсынатын веб-сараптама қызметін қолданады. Аталған қызметтер Сіз www.flyarystan.com қолданғанда cookie-ді бақылауға, сараптама жасауға және тиісінше есеп жасауға пайдаланылады (жоғарыдағы cookie саясатымызды қараңыз). Біздің Google Сараптама жинаған IP-адрестер жасырын. Қосымша ақпарат алу үшін Google, Facebook және Яндекстің құпиялылық саясатымен танысыңыз.
Google Сараптаманы қолдануға қарсы болсаңыз, осы сілтемені қолданыңыз: https://tools.google.com/dlpage/gaoptout?hl=ru
Яндекс Метриканы қолдануға қарсы болсаңыз, осы сілтемені қолданыңыз: https://yandex.ru/support/metrika/general/opt-out.html
Қолданудан бас тарту cookie-ге негізделген, сондықтан Сіз жаңа құрылғыны қолдансаңыз немесе браузердегі cookie файлдарын өшірсеңіз, Сізге бас тартуды бірнеше рет жіберуге тура келуі мүмкін.
Facebook Пиксель туралы қосымша ақпарат алу үшін келесі сайтқа кіруді өтінеміз: https://www.facebook.com/business/gdpr
Басқа сайттардың Құпиялылық туралы хабарламары
Біздің веб-сайтта сізге ыңғайлы болу үшін және ақпарат алу үшін басқа веб-сайттарға сілтемелер болуы мүмкін. Біз сіздің жеке ақпаратыңызды веб-сайтымызда және мобильді қосымшаларымызда қорғағанымызбен, үшінші тарап веб-ресурстарын пайдаланған кезде бөлісуге болатын жеке ақпаратыңыз үшін жауап бермейміз. Осыған байланысты, осындай веб-сайттардың құпиялылық саясатын өз бетіңізше қарап шығуыңызды сұраймыз.
Құпиялылық туралы хабарламаға өзгерістер
Біз сіздің жеке деректеріңізді қорғауға қатысты нақты және өзекті ақпаратты ұсыну үшін осы Құпиялылық туралы хабарламаға өзгертулер енгізу құқығын өзімізде қалдырамыз.
Осы Құпиялылық туралы хабарламаға өзгерістер енгізілген жағдайда, жаңартылған нұсқасын https://flyarystan.com/ веб-сайтымызда орналастырамыз.