МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ
FlyArystan әуекомпанияның ___ ______ 20__ жылғы FS ___ рейсіне қатысты төтенше жағдай орын алғанын өкінішпен растайды.
Жолаушыларымыздың, экипаждың және олардың отбасыларының қауіпсіздігі мен қолдау сезінуін қамтамасыз ету біздің басты құндылығымыз болып қала береді.
Туыстары мен жақындары үшін
• Сенім телефоны: Ақпарат алу үшін +7 727 244 55 52, 8 800 080 0440 нөмірі бойынша бізге хабарласыңыз.
• Көмек орталықтары: Біздің қолдау орталықтарымыз келесі мекенжайлар бойынша жұмыс істейді:
Ресми ақпарат
Сенімді ақпарат осы сайтта және әлеуметтік желілердегі біздің ресми парақшаларымызда жарияланатын болады:
БАҚ сұрақтары бойынша pr@flyarystan.com хабарласуыңызды сұраймыз
Уәкілетті емес адамдардың балаларды (кәмелеттік жасқа толмаған) заңсыз алып жүруіне жол бермеу мақсатында, баламен бірге сапар шегетін ересек (18 жастан асқан) жолаушылар әуежайда баланы тасымалдауға заңды құқығын растайтын құжатты көрсетуге міндетті, яғни:
Егер баланы оның заңды өкілі болып табылмайтын тұлға алып жүрсе, туу туралы куәліктің түпнұсқасы және нотариалды куәландырылған сенімхаттың түпнұсқасы немесе «Цифрлық құжаттар» сервисі арқылы ұсынылатын электрондық сенімхат («Е-нотариат» сервисі арқылы рәсімделіп, нотариустың электрондық қолтаңбасымен қол қойылған).
*Сенімхаттың түпнұсқасын көрсету туралы талап, егер ол QR кодсыз берілсе және сенім білдіруші де, нотариус та сиямен қол қойса, күшінде қалады.
Маңызды ақпарат: Электрондық құжаттар «Цифрлық құжаттар» сервисі арқылы QR-кодты немесе қысқа кодты тексеру мүмкіндігімен ұсынылуы тиіс. Құжаттың фотосуреті, скриншот, PDF-көшірмесі және басқа да графикалық кескіндері электрондық құжат болып саналмайды және жеке басты немесе тасымалдау құқығын растау үшін қабылданбайды.
Балалары/сәбилері бар жолаушыларға сайтта немесе FlyArystan мобильді қосымшасында онлайн тіркелумен қоса отырғызу талондарын алу қызметі қолжетімді. Баланың туу туралы куәлігін және/немесе құжаттың түпнұсқасын тексеру отырғызуға шыққанда жүзеге асырылады.
Балалары/сәбилері бар жолаушыларға ұшу қауіпсіздік талаптарына сәйкес апаттық шығу (12-13 қатарлар) қатарындағы орындарда отыруға тыйым салынған.
Сәбилер (7 күннен асқан - 2 жасқа толмаған)
7 күннен асқан, бірақ 2 жасқа толмаған сәбилер қасындағы кәмелет жасқа толған жолаушының алдына отырғызылып, тегін алынып жүре алады немесе сатып алынған бөлек орынға отырғызылып бара алады;
Әуе қауіпсіздігі талаптарына сәйкес әр сәбиге жеке билет рәсімделуі тиіс. Өзіңізге билетті брондау кезінде жаныңызға сәбиді тегін қоса аласыз. Немесе билет алып болған соң мобильді қолданбадағы «Сапарларым» бөлімінде (әрі қарай «Брондауды өзгерту») қоссаңыз болады. Ұшақтағы бала саны шектеулі болғандықтан, FlyArystan жеке билеті жоқ сәбиді әуе бортына отырғызбауға толықтай құқылы. Назар аударыңыз! Баланы әуежайда рәсімдеу – ақылы. Толық ақпарат осында, «Айыппұлдар мен алымдар» бөлімін таңдаңыз.
Әр FlyArystan әуе кемесі шектеулі сәбилерге арналған мөлшердегі апаттық жабдықтармен (18 құтқару кеудешелер және қауіпсіздік белдіктер) жабдықталған. 2 жасқа дейінгі балаларға берілген әуе билеттерінің негізінде, әуекомпания борттағы рұқсат етілген сәбилер санын бақылай алады.
Балалар (2 жастан - 18 жасқа дейін)
Жетелеушісі жоқ балалар (заңды өкілінің ертіп жүруінсіз саяхаттайтын бала)
Бесік арба және аспа бесік
Егер сізге аспа бесік қажет болса, бірінші қатардан орын сатып алып, рейске кемінде 24 сағат қалғанда special.services@flyarystan.com электрондық поштасы арқылы әуекомпаниядан алдын ала растау алуыңыз қажет. Бесік салмағы 11 кг дейінгі нәрестелерге ғана ұсынылады және оның өлшемі баланың бойына сәйкес келуі тиіс (аспа бесіктің өлшемі: 224 × 750 × 340 мм). Ұшақта екі аспа бесігін ғана қолдануға рұқсат және рейсте бесік саны толған болса, әуекомпания өтінімді қабылдамауға құқылы.
Балаға арналған гамак
Балаға арналған гамак– жолаушы орындықтары арасындағы кеңістікте баланы орналастыруға арналған кез-келген мата немесе торлы құрылғы Мұндай құрылғыларды ұшудың қай кезінде болмасын пайдалануға қатаң тыйым салынады.
Әуе кемесінің ішкі жабдықтары (үстел, орындық арқасы және бекіту нүктелері) үшін балаға арналған гамак – қосымша салмақ. Оны пайдалану салон жабдықтарының зақымдауы мүмкін, және көрші жолаушылардың жайлылығы мен қозғалысына кедергі келтіреді. Сондай-ақ турбуленттілік немесе ұшу жағдайлары өзгерген кезде, бала мен басқа жолаушылардың жарақат алу қаупі де бар.
Осы себептерге байланысты балаға арналған гамактарды әуе бортында пайдалануға тыйым салынады.
Too Many Request