• Брондау және брондауды өзгерту
  • Ақпарат
  • Көмек

FlyArystan квизіне қатысу ережелері

1. Жалпы ережелер

Бұл квиз FlyArystan әуекомпаниясының қызметтері мен өнімдері туралы жолаушыларды хабардар етуге бағытталған маркетиңтік кампания болып табылады.
Квиз Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген лотерея, конкурс, құмар ойын немесе уәделенген сыйақы табыстайтын сайыс емес.
Жолаушының квизге қатысу/қатыспау еркі өзінде және қатысу тегін. Ұйымдастырушы қатысушылардың жеке деректерін жинамайды.

2. Ұйымдастырушы

Квизді ұйымдастырушы: «FlyArystan» акционерлік қоғамы (әрі қарай «Ұйымдастырушы»).

3. Қатысу шарттары

Кәмелеттік жасқа толған жеке тұлғалар қатыса алады 
Географиялық шектеулер жоқ
Квиз https://play.flyarystan.com сайтында іске асады
Квизді өте отырып қатысушы аталған ережелермен келісетінін растайды.

4. Квиз құрылымы:

10 сұрақтан тұрады
Соңында нәтиже көрсетіледі (ұпай / қорытынды)
Квиз нәтижесіне сәйкес қатысушы промокод алады

Ұйымдастырушы:

  • промокод беру шарттарын және
  • нәтижені есептеу логикасын өзгерту және анықтау құқығына ие.

5. Промокодты пайдалану шарттары

Промокод квизға қатысушыларға беріледі
Промокод тек FlyArystan мобильді қолданбасында жарамды
Промокод тек әуебилетін сатып алу кезінде тіркелген қолжүкті алуға қолданылады

Шектеулер:

  • қолдану мерзімі шектеулі
  • қаражатқа айырбасталмайды
  • басқа науқан және ұсыныстармен бірге қолданылмайды

6. Жауапкершілік

Ұйымдастырушы: 

  • сайт немесе үшінші тарап қызметіндегі техникалық ақаулар
  • қатысушы енгізген деректердегі қате
  • Ұйымдастырушыға байланысы жоқ себептермен промокодты пайдалана алмау жағдайлары үшін жауапты емес.

7. Шарттарды өзгерту құқығы

Ұйымдастырушының:

  • ойын ережелерін өзгертуге
  • квизді уақытша тоқтату немесе толық аяқтауға
  • промокод беру шарттарын алдын ала ескертусіз өзгертуге мүмкіндігі бар.