Назар аударыңыз! Егер сіз билетті онлайн / тур-агенттіктер арқылы брондаған болсаңыз да, қосымша қызметтерді flyarystan.com сайтынан "Брондауды өзгерту" бөлімшесі арқылы сатып ала аласыз.
iJan терминалдарымен жабдықталған әуежайларда жолаушы жолжүгін осы терминал арқылы өз бетімен тіркеп (бейне-нұсқаулық), FlyArystan "Жолжүкті рәсімдеу" бағанасында ішкі рейстерге ұшуға 40 минуттан кешіктірмей тапсыруы тиіс. Халықаралық рейстерге жолжүгі тіркеу бағанасында тіркеліп, 60 минуттан кешіктірмей тапсырылады.
* Қызметті рейс ұшқанға дейін 5 күннен кешіктірмей -70% жеңілдікпен қосу тиімді. Ұшу уақыты неғұрлым аз болса, соғұрлым қосымша қызмет қымбатқа түседі. Сіздің бағдарыңыз бойынша "Жолжүк" қызметінің құнын мына жерде анықтаңыз.
** Тасымалдауға тыйым салынған заттар туралы ақпарат, сондай-ақ жолжүкке қойылатын басқа да талаптар осында.