МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ
FlyArystan әуекомпанияның ___ ______ 20__ жылғы FS ___ рейсіне қатысты төтенше жағдай орын алғанын өкінішпен растайды.
Жолаушыларымыздың, экипаждың және олардың отбасыларының қауіпсіздігі мен қолдау сезінуін қамтамасыз ету біздің басты құндылығымыз болып қала береді.
Туыстары мен жақындары үшін
• Сенім телефоны: Ақпарат алу үшін +7 727 244 55 52, 8 800 080 0440 нөмірі бойынша бізге хабарласыңыз.
• Көмек орталықтары: Біздің қолдау орталықтарымыз келесі мекенжайлар бойынша жұмыс істейді:
Ресми ақпарат
Сенімді ақпарат осы сайтта және әлеуметтік желілердегі біздің ресми парақшаларымызда жарияланатын болады:
БАҚ сұрақтары бойынша pr@flyarystan.com хабарласуыңызды сұраймыз

Планетаны сақтайық! Қағаз қалдықтарын азайтуға көмектесіңіз! Тегін онлайн тіркеуден өткеннен кейін электрондық отырғызу талонының түпнұсқасын (QR коды бар) телефоныңызға сақтаңыз. Оны тексеру кезінде әуежай қызметкерлеріне және отырғызу кезінде әуекомпания агенттеріне телефоныңыздан көрсету жеткілікті. Ijan терминалдары арқылы отырғызу талонын басып шығару - ақылы. Толығырақ төмендегі "Отырғызу талоны" бөлімінде таба аласыз.

Онлайн тіркеу
![]() |
Уақытыңызды, ақшаңызды үнемдеп, тіркеу орнында кезекте тұрмауыңызға болады. Онлайн тегін тіркеліңіз! |
Онлайн тіркеу жоспарланған ұшу уақытынан 30 күн* бұрын ашылып, Қазақстан бойынша ішкі рейстерге жоспарланған ұшу уақытынан 40 минут бұрын және халықаралық** рейстерге 60 минут бұрын жабылады. Сіз онлайн-тіркеуден тек біздің сайтымызда немесе мобильді қолданбамызда өте аласыз.
*Қытайға/дан ұшатын рейстерге 72 сағат бұрын, Түркияға/дан ұшатын рейстерге 24 сағат бұрын.
**Халықаралық рейстерге отырғызу талондары жолаушы құжаттары тексерілгеннен кейін әуежайдағы тіркеу бағанында тегін беріледі.
Онлайн тіркеу кезінде жүйе сізге автоматты түрде тегін орын таңдап береді. Сондай-ақ, онлайн тіркеуден өту кезінде қосымша ақы төлеп, өзіңізге ыңғайлы орынды таңдай аласыз. Жолжүкті және басқа да қосымша қызметтерді сайттан онлайн тіркеуден өткеннен кейін де немесе өткенге дейін де сатып алуға болады, бірақ ұшуға 2 сағат қалғаннанға дейін кешіктірмей сатып алу қажет.
Рейсіңізге отырғызуға шығу есігі (гейт) әуежайдың ақпараттық экранында көрсетіледі.
Онлайн тіркелу ережелері мен шарттары:
Онлайн-тіркелу төмендегі жолаушы санаттарынан басқа барлық жолаушылар үшін қолжетімді:
Келесі санаттағы жолаушылар рейске онлайн тіркеле алады, алайда отырғызу талонын алу үшін әуежайдағы тіркеу бағанына келулері тиіс:
Тіркеу және «Жүкті рәсімдеу» бағаналары ішкі рейстерге ұшуға 2 сағат қалғанда ашылып, 40 минут қалғанда жабылады; халықаралық рейстерге 3 сағат бұрын ашылып, 60 минут қалғанда жабылады.
Отырғызу талоны
Егер сіз әуежайда болып, электронды отырғызу талонды әуекомпания/әуежай қызметкерлеріне көрсете алмасаңыз немесе қағазда басылып шығарылған отырғызу талонын қажет етсеңіз, оны iJan киоскілерінде басып шығаруға болады, бірақ сізден жолаушыға қосымша ақы алынады.
Отырғызу талонын басып шығару қызметі тек ішкі рейстерде, iJan киоскілерінде қолжетімді. Қызмет тарифі: 500 KZT.
Рейсіңізге отырғызуға шығу есігі (гейт) әуежайдың ақпараттық экранында көрсетіледі.
Бұл әуежайда отырғызу талонын басып шығару қызметі. Төлем жолаушы онлайн тіркеуден өткен, электронды отырғызу талоны бар және әуежайда қағаз отырғызу талонын басып шығарғысы келген жағдайда ғана алынады.
Егер жолаушы "Әуежайда тіркеу" қызметін сатып алса, төлем алынбайды.
Әуежайдағы тіркеу
![]() |
Қазақстан бойынша рейстерге:
Халықаралық рейстерге:
FlyArystan "А нүктесінен Б нүктесіне" қағидасы бойынша жұмыс істейді, яғни түйісу бағдарындағы әрбір рейс бөлек бағыт болып саналады. Мысалы, егер сіз Қостанайдан Ташкентке Астана арқылы ұшатын болсаңыз, Астанаға келгеннен кейін жүгіңізді алып, келесі Астана–Ташкент рейсіне қайта тіркеуден өтуіңіз керек (орын мен жүкті тіркеу). Ол үшін әуекомпанияның тіркеу бағанына өтіңіз. Егер сіз онлайн тіркеуден өткен болсаңыз, әрбір бағытқа э-отырғызу талондарын өзіңізбен бірге алып жүруіңіз керек. Жолаушы түйісу рейстеріне тіркеуге кешігу/тіркеуден өтпеу салдары үшін өзі жауапты болады. |
Отырғызу
![]() |
|
Халықаралық рейстердің жолаушыларын ұшақ бортына отырғызу кезінде нормадан тыс қол жүгі үшін белгіленген тарифтер бойынша ақы төленген жағдайда, бажсыз сауда дүкендерінен (duty free) сатып алынған өнімді алып өтуге рұқсат етіледі. 1 дана қолжүктің жалпы салмағы 10 кг-нан аспауы тиіс.
Құжаттар
Шығу есігі
Әуежай туралы ақпарат экрандары сізге тіркеуден және қауіпсіздікті бақылауынан өткеннен кейін қажетті шығу есігін көрсетеді. Егер сіз әуежайдағы тіркелуді пайдалансаңыз, әуежай қызметкерлері қандай шығу есігіне өту керектігі туралы ақпаратты бере алады.
Тіркеу немесе отырғызуды жіберіп алу
Егер сіз:
сіздің брондауыңыз жойылады және сіз ұшаққа отыра алмайсыз. Сіз төленген билеттің 100% жоғалтып, тарифтің түріне қарамастан ақшаңызды қайтара алмайсыз. Мұндай жағдайларда сіздің шығындарыңыз өтелу үшін сақтандыруды сатып алуды ұсынамыз.
Тіркелген жолжүкте алып жүруге тыйым салынатын қауіпті заттар
Жолаушыларға тіркелген жолжүкте төмендегі сипаттамаға сәйкес келетін барлық қауіпті заттарды алып жүруге тыйым салынады:
Қажет кездерде жолаушы әуежай қауіпсіздік қызметі өкілдерінің барлық сұрақтарына жауап беруге міндетті. Қауіпсіздік қызметінің талаптарын орындамауыңыз салдарынан жолжүгіңіз қабылданбаса, FlyArystan компаниясы осыған байланысты пайда болатын ешбір шығынға жауапты болмайды.
"Жолаушыларға азаматтық әуе кемелерінде тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттардың, сондай-ақ есірткінің барлық түрлерінің тізбесін бекіту туралы" бұйрықпен толығырақ мына сілтеме бойынша таныса аласыз.
Қолжүкте алып жүруге тыйым салынатын қауіпті заттар
Сондай-ақ әуежайдағы немесе әуе кемесінің бортындағы бажсыз сауда дүкендерінен сатып алынған, ұшу кезінде пакеттің мазмұнына қол жеткізуді көзбен шолып сәйкестендіруді қамтамасыз ететін сенімді мөрленген (пломбаланған) пластик пакетке оралған сұйықтықтарға рұқсат етіледі. Алайда, сатып алынған тауарға чек қажет болады, онда бұл сатып алу әуежайдағы бажсыз сауда дүкендерінде немесе сапар күні әуе кемесінің бортында жүргізілгені туралы сенімді растау бар.
Қарулар
Басқа
Too Many Request