Ijan Main Banner Kz

Билет сатып алу

Күн

calendar

iJan-ға "ИӘ" деп айт  

iJan — бұл әуежайдағы өзіндік қызмет көрсету терминалдары. iJan санаулы секундта тіркеуден өтуге, жолжүкті өлшеп, биркасын басып шығаруға және қосымша қызметтерді сатып алуға мүмкіндік береді.

Ijan терминалдары Алматы, Астана, Семей, Түркістан, Павлодар, Қызылорда, Атырау, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе, Қостанай, Орал және Өскемен әуежайларында қызметтерін көрсетуде. FlyArystan рейстері ұшатын басқа әуежайлар да жақын арада iJan терминалдарымен жабдықталады.

Әуежайда рейске тіркелу қызметі, iJan терминалдарын қоса алғанда, ақылы.
◉ Әуежайда тіркелу қызметін алдын ала онлайн сатып алу − 1 000 теңге ішкі рейстерге, 5 000 теңге халықаралық рейстерге (11 доллар); балаларға 2 500 теңге (5 доллар) халықаралық рейстерге.
◉ Билетті брондау кезінде немесе билетті брондағаннан кейін:
• flyarystan.com-да «Жүк, орын, тағам» бөлімі арқылы; немесе
• FlyArystan мобильді қосымшасында «Менің сапарларым» арқылы алдын ала сатып алынады.
◉ Әуежайда тіркелу қызметін iJan терминалында сатып алып, тіркелу − 2 000 теңге ішкі рейстерге, 15 000 теңге (33 доллар) халықаралық рейстерге; балаларға 7 500 теңге (16 доллар) халықаралық рейстерге.
◉ Ұшу алдында әуежай тіркеу бағанасында төлеп, тіркелу − 2 000 теңге ішкі рейстерге, 15 000 теңге (33 доллар) халықаралық рейстерге; балаларға 7 500 теңге (16 доллар) халықаралық рейстерге.
◉ Ал онлайн тіркелу* − әрқашан тегін.
◉ Брондалған жолжүкті тіркеу − тегін
◉ Отырғызу талонын iJan терминалы арқылы (егер "әуежайда тіркелу" қызметі сатып алынбаған болса) басып шығару – 500 теңге ішкі рейстерге.Отырғызу талондары туралы толығырақ мына жерде оқыңыз.

**Тек қана FlyArystan мобильді қосымшасы немесе flyarystan.com арқылы.Рейске онлайн тіркелу қызметі жоспарланғаг ұшу уақытына 30 күн қалғанда ашылады және Қазақстан бойынша рейстерге ұшу уақытынан 40 минут бұрын, ал халықаралық рейстерге 60 минут бұрын жабылады.

❗ iJan арқылы тіркеу Қазақстан бойынша ішкі рейстерге ұшудан 6 сағат бұрын ашылады және ұшуға 40 минут қалғанда жабылады – қызмет тек Қазақстан бойынша рейстер үшін қолжетімді.

iJanтерминалын пайдалану нұсқаулығы мына сілтемеге басып қараңыз.

Онлайн тіркелу ережелерімен осы жерден таныса аласыз.

Әуежайда тіркелу бағасын сілтеме арқылы таба аласыз. 

Әлі де сұрақтарыңыз қалды ма? Мына сілтемеде iJan туралы жиі қойылатын сұрақтарға жауаптарымыз жиналған.