• Брондау және брондауды өзгерту
  • Ақпарат
  • Көмек

iJan терминалдары

iJan терминалы деген не?

iJan – әуежайда тіркелу үшін ашылған цифрлы көмекші.

IJan құрылғысында келесідей қызметті алуға болады:

  • рейске тіркелу (терминалда тіркелу құны 2000 теңге, онлайн – тегін)
  • жолжүкті өлшеу және тіркеу
  • қосымша қызметтерді сатып алу
  • егер сізде онлайн тіркеу болса, отырғызу талонын басып шығарыңыз (қызмет ақылы – 500 KZT)

Ұшудан қанша уақыт бұрын iJan терминалын пайдалана аламын?

Ішкі рейстерде терминал 6 сағат бұрын ашылады, жоспарланған рейстің ұшуына 40 минут қалғанда жабылады.

Өзін-өзі тіркеу үшін iJan терминалын қалай пайдалануға болады?

Нұсқаулық ретімен экранда көрсетіледі:

Жеке басын куәландыратын құжаттың артқы жағын сканерге қойыңыз немесе брондау нөмірін қолмен енгізіңіз.

Әрі қарай, сіз ұшақ салонындағы орынды таңдай аласыз және құрылғы отырғызу талоныңызды басып шығарады.

Терминал электронды құжаттарды қабылдамайды

Бейненұсқаулықты сілтеме бойынша көре аласыз.

Рейсім ертең, бірақ мен онлайн тіркеле алмадым. Әуежайда тіркелу үшін ақы төлеуім керек пе?

Онлайн тіркелу 30 күн бұрын ашылады және ішкі рейстерде ұшуға 40 минут қалғанда, ал халықаралық рейстерде ұшуға 60 минут қалғанда жабылады.

Мен онлайн тіркелдім, бірақ отырғызу талонын басып шығармадым, оны әуежайдан алуға бола ма?

Отырғызу талонын iJan терминалында ақылы басып шығаруға болады, құны – 500 теңге. Халықаралық рейстерге онлайн тіркелу кезінде отырғызу талоны берілмейді, оны қажетті құжаттардың бар-жоғын тексергеннен кейін әуежайдағы тіркеу үстелінен тегін алу қажет.

Мен онлайн тіркелдім, бірақ менде ақылы жолжүк бар. Мен жолжүк биркасын ала аламын ба?

Жолжүк биркасын iJan терминалынан алуға болады.

Рейсімнің статусын қалай білуге болады?

Рейс статусын көру үшін FlyArystan мобильді қосымшасындағы меню топтамасындағы "Рейс статусы" бөлімін ашыңыз немесе сайттағы "Брондау және басқару" бөліміне өтіп, "Рейс статусы" белгісін басыңыз. Маршрутыңызды және ұшу күнін енгізіңіз.

Менің рейсім кешіктірілді. Бұл жағдайда әуекомпания жолаушыларға не ұсынады?

Рейс екі сағаттан артық кешіктірілсе, жолаушыларға алкогольсіз сусындар ұсынылады. Төрт сағаттан артық кешіктірілген рейс үшін жолаушыларға тамақ беріледі. Егер рейс күндізгі уақытта сегіз сағатқа, ал түнде алты сағатқа кешіктірілсе, әуекомпанияның есебінен қонақүйге орналаса аласыз. Қонақүйге бару-қайту трансфері де тегін ұсынылады. Ол үшін әуекомпания өкілдеріне хабарласу қажет.

Ұшудан қанша сағат бұрын әуежайға бару керек?

Әуежайға Қазақстан бойынша рейстерге ұшудан кемінде екі сағат бұрын және халықаралық рейстерге үш сағат бұрын келуге кеңес береміз. FlyArystan рейстеріне багажды тіркеу және қабылдау ішкі рейстерде ұшудан 40 минут бұрын және халықаралық рейстерде 60 минут бұрын аяқталады. Сондай-ақ, багажды қабылдау, тексеру және шекаралық бақылаудан өту кезінде кезектер болуы мүмкін.

Іздеген сұрағыңыздың жауабын таба алмадыңыз ба ?