Саяхат туралы ақпарат

FlyArystan рейстеріндегі музыкалық аспаптар

 

Музыкалық аспапты ұшақ салонында келесі тәсілмен тасымалдауға болады:

  • Қолжүк ретінде
  • Алдын ала сатып алынған бөлек орында

 

1. Қолжүкті тасымалдау ережелерін еске саламыз:

Қолжүктің мөлшері, салмағы және саны:

  1. Әр жолаушыға бір қолжүкті тасымалдауға рұқсат.
  2. Сіз 5 кг-нан аспайтын қолжүкпен тегін жүре аласыз. Максималды өлшемдері – 56x23x36 см.
  3. Қолжүкті ақылы түрде 10 кг-ға дейін үлкейтуге болады, бірақ саны мен өлшемдері өзгеріссіз қалады, яғни қолжүк 56x23x36* см-ден аспау керек.
  4. Кез-келген қолжүк, оның ішінде музыкалық аспап та, барлық бөлшектерімен бірге (қаптама, қақпақ және т. б.) стандартты сөмке өлшегішке сыйып кету керек.

 

* Осы параметрлерден аспайтын музыкалық аспап қолжүк болып саналады. Ұшақ бортына 1 дана қолжүк кіргізуге рұқсат етілгендіктен жолаушының барлық басқа заттары ақылы түрде багажға тапсырылуы керек.

 

Егер аспап (қорабын қоса алғанда) қолжүктің өлшемдерінен асып кетсе, жолаушыларға жағдай жасау мақсатында (басқа жолаушылардың қолжүгі үшін жеткілікті орынның болуы) және музыкалық аспаптың зақымданбай орналасуы үшін біз жақын тұрған орынды сатып алу шарттарын ұсынамыз (төмендегі ақпаратқа назар салыңыз). Лоукост компаниялар рейс орындау кезінде өздерінің борттарында жолаушылардың көптігіне байланысты және оларға өз жүктерін кедергісіз орналастыруға мүмкіндік беру үшін қолжүк бойынша қатаң ережелерді қабылдауға мәжбүр. Бұл ережелерді әлемдегі басқа лоукост тасымалдаушылар да қолданады.

 

 

2. Егер аспап белгіленген өлшемнен үлкен болса:

  1. Ұшақ салонында қосымша орын қажет ететін музыкалық аспапқа билет рәсімдеу үшін оны сатып алмай тұрып FlyArystan байланыс орталығына (+7 727 331-10-10; what's app чат +7 702 702-02-27 (what's байланысы қоңырауларды қабылдамайды) немесе Live-chat нөмірі бойынша тікелей хабарласу маңызды.
  2. Музыкалық аспапты орналастыруға арналған қосымша орынның құны ағымдағы қолжетімді тариф бойынша борттағы орын құнына сәйкес сатылады.
  3. Егер қосымша орынға билет рәсімделмеген болса, музыкалық аспапты багаж бөліміне тапсыру қажет (бұл жағдайда әуекомпания аспаптың зақымдалмауына жауапты емес) немесе әуежайдағы сақтау камерасында қалдыру керек.

 

Назар аударыңыз: әрбір FlyArystan рейсінің бортында 188 жолаушы болуы мүмкін және жүк сөрелеріндегі орындар шектеулі. Осыған байланысты қолжүктің белгіленген нормаларын сақтау өте маңызды. Біз әрбір жолаушыдан осы талаптарға құрметпен қарауды сұраймыз, олай болмаған жағдайда біз тасымалдаудан бас тартуға мәжбүр боламыз.

Түсіністік пен ынтымақтастық үшін рахмет! Қосымша ақпарат алу үшін Арнайы қызметтер парақшасына өтіңіз.