FlyArystan Ваучері
FlyArystan ваучері — билет үшін төленген ақшаның қалдығы сақталатын электрондық құжат. Ол қолма-қол ақшалай немесе төлем картасына тікелей қайтарылмайтынын ескеріңіз.
FlyArystan ваучерін пайдаланып, болашақта ұшақ рейсіне брондау қоюға және FlyArystan компаниясының қосымша қызметтерін (орын таңдау, тамаққа тапсырыс беру немесе жолжүк т. б.) алуға болады.
- Ваучер брондаудағы әр жолаушыға беріледі.
- Жолаушы өз атына билеттер мен қосымша қызметтерді төлеу үшін жеке ваучерді қолданыла алады. Жолаушының тегі мен аты ваучердегі тегі мен атына сай болуы тиісті.
- Жолаушы біржолғы төлемде 2 ваучерге дейін қолданыла алады.
- Егер ваучердегі сома толық төлемді орындау үшін жеткіліксіз болса, жетпей қалған сома банк картасы арқылы төленеді.
- Егер ваучердегі сома билет сомасынан артық болса, айырмашылы автоматты түрде тағы да пайдалануға болатын жаңа ваучерге рәсімделеді.
- Егер әуебилетті қайтарған кезде алған ваучеріңізге құны төмен жаңа билет алсаңыз, онда жүйе автоматты түрде арадағы артылған соманы жаңа ваучер түрінде береді. Әуебилетті немесе қосымша қызметтерді тағы да сатып алу үшін жаңа ваучерді пайдалануға болады, ал оның жарамдылық мерзімі ресімделген күннен басталады.
- Егер ваучер әуежайда берілсе, оны тек бір рет пайдалануға болады. Ваучерді бір рет пайдаланғаннан кейін сіз сатып алғыңыз келетін билеттің бағасына қарамастан ол жарамсыз болып қалады.
FlyArystan ваучері:
- FlyArystan ваучері арқылы жаңа билет немесе FlyArystan компаниясының қосымша қызметтерін (орын таңдау, тамаққа тапсырыс беру немесе жолжүк т. б.) сатып алуға болады. Берілген күннен бастап 3 ай бойы жарамды.
- Әуекомпанияның www.flyarystan.com сайты арқылы, FlyArystan мобильді қосымшасы арқылы, FlyArystan байланыс орталығының +7 727 331 10 10 нөмірі бойынша немесе туристік агенттіктер кеңсесі арқылы пайдалануға болады.
- Өзге тұлғаға беруге тыйым салынады.
- FlyArystan ваучері ақшаға айырбасталуға келмейді.
- FlyArystan ваучері дербес құжат ретінде тасымалдау үшін жарамсыз.
Ваучерді қалай пайдалануға болады:
Ваучерді билетті брондағаннан кейін ғана пайдалануға болады (күндер мен бағыттарды таңдағаннан кейін, жолаушы туралы деректерді енгізгеннен кейін).Төлем кезеңіне жеткенде "ваучермен төлеу" әдісін таңдау керек, содан кейін жолаушының атын таңдап, ваучердің нөмірін енгізіп, "Қолдану"батырмасын басыңыз. Ваучер нөмірін енгізген кезде қосымша символдардың енгізілмегеніне көз жеткізіңіз, мысалы 465420000000.»