• Брондау және брондауды өзгерту
  • Ақпарат
  • Көмек

Саяхат туралы ақпарат

Саяхаттауға қажетті құжаттар

Қазақстан бойынша әуе тасымалы үшін келесі жеке куәліктер * жарамды:

  • Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (ЖСН-мен)**;
  • Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі (ЖСН-мен);
  • Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат (ЖСН-мен);
  • Азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
  • Босқын куәлігі;
  • Туу туралы куәлік (16 жасқа дейінгі ҚР азаматтары үшін);
  • Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты;
  • Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты;
  • Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігі;
  • Шетелдік паспорт;
  • Қайтып оралуға арналған куәлік;
  • Жол жүру құжаты жеке басты куәландыратын құжат.

* Құжаттың түпнұсқасы ұсынылуы керек.

** Шетелге шығатындар үшін паспорттың жарамдылық мерзімі сапар аяқталғаннан кейін 6 айдан кем болмауы керек.

Балалармен бірге саяхат

  • бала ата-анасының біреуіне тиесілі екендекендігін растау үшін туу туралы куәліктің түпнұсқасын немесе e-gov порталынан электрондық құжат;
  • туу туралы куәліктің түпнұсқасын және бірге жүретін ересек жолаушының баланы тасымалдауына ата-анасының біреуі берген сенімхаттың түпнұсқасын немесе e-gov порталынан электрондық құжат және сенімхаттың түпнұсқасы немесе QR коды бар электрондық сенімхат (Е-нотариат порталы арқылы беріліп, нотариустың электрондық қолтаңбасы қойылған).
  • Халықаралық рейстерде балаңыздың жеке басын куәландыратын баланың туу туралы куәлігі және ата-аналардың біреуінің паспортында жазбамен бірге сурет болуы қажет.

Сенімхат QR кодсыз берілсе және сенім білдіруші мен нотариус қолтаңбасымен қол қойған болса, сенімхаттың түпнұсқасын ұсыну талабы сақталады.

 

Болашақ аналар

  • Жүкті әйелдер рейске тіркелуге мүмкіндігінше ертерек (тіркеу уақыты басталған уақытта) келуі тиіс.
  • Жүкті әйелдердің жүктілік мерзімін және келесі әрекеттерді анықтау үшін жүкті әйелдер тіркеу кезінде айырбастау картасын ұсынуы керек
  • Жүктілік уақыты 22 аптадан аспаған жүкті әйелдер дәрігерден ұшуды растайтын құжатты алмастан сапар шеге алады.
  • Жүкті әйелдер бір нәрестелі жүктілік кезінде 22 аптадан 34 аптаға дейін және көпнәрестелі жүктілік кезінде 22 аптадан 32 аптаға дейін медициналық ұжымның жүктілік уақыты мен жүкті әйел денсаулығының жарамдылығы туралы анықтамасымен тасымалданады. Халықаралық бағыттарда ұшу үшін анықтаманың ағылшын тілінде аудармасы болуы тиіс. Анықтаманың жарамдылық уақыты - 30 күн.
  • Жүкті әйелдер бір нәрестелі жүктілік кезінде 34 аптадан бастап және көпнәрестелі жүктілік кезінде 32 аптадан бастап құзіретті медициналық комиссияның жазбаша түрде шешімдері бойынша тасымалданады (Қазақстан Республикасында № 026/у формасы бойынша болуы тиіс). Халықаралық бағыттарда медициналық шешімнің ағылшын тілінде аудармасы болуы тиіс. Медициналық шешімнің жарамдылық уақыты - 30 күн.
  • Әйел жүктілігінің ерте сатысында немесе жалпы жүктілік уақытында қандай да бір асқынулары болса, онда әуе көлігімен сапар шегу алдында дәрігерден кеңес алуы тиіс.
  • Егер жүкті әйелдің босану уақыты келесі 7 күн аралығында күтілген жағдайда, медициналық комиссияның жазбаша түрдегі рұқсатына қарамастан, авиакомпанияның оны тасымалдауданбастартуына құқығы бар.
  • Қай жағдайда болмасын, болашақ ананың денсаулығына өзі және оған анықтама мен болашақ ананың әуе арқылы жүруіне мүмкіндік беретін дәрігер жауапты.
  • Босанған әйел және оның нәрестесі босану уақытынан бастап 7 күнге дейін тасымалданбайды.
  • FlyArystan авиакомпаниясы белгіленген елдің көші-қон заңнамасының талаптарына сәйкес жүкті әйелді тасымалдаудан бас тартуына құқығы бар.