МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ
FlyArystan әуекомпанияның ___ ______ 20__ жылғы FS ___ рейсіне қатысты төтенше жағдай орын алғанын өкінішпен растайды.
Жолаушыларымыздың, экипаждың және олардың отбасыларының қауіпсіздігі мен қолдау сезінуін қамтамасыз ету біздің басты құндылығымыз болып қала береді.
Туыстары мен жақындары үшін
• Сенім телефоны: Ақпарат алу үшін +7 727 244 55 52, 8 800 080 0440 нөмірі бойынша бізге хабарласыңыз.
• Көмек орталықтары: Біздің қолдау орталықтарымыз келесі мекенжайлар бойынша жұмыс істейді:
Ресми ақпарат
Сенімді ақпарат осы сайтта және әлеуметтік желілердегі біздің ресми парақшаларымызда жарияланатын болады:
БАҚ сұрақтары бойынша pr@flyarystan.com хабарласуыңызды сұраймыз
Грузияға саяхаттау үшін FlyArystan әуекомпаниясының тұрақты рейстерін таңдаңыз. Астана – Батуми бағыты бойынша әуебилеттерін тиімді бағамен брондаңыз. Сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларынан Астана арқылы Батумиге стыковкалы рейстер қолжетімді. Астана мен Батуми арасындағы қашықтық шамамен 2 300 км. Тікелей рейспен ұшу уақыты орта есеппен 3,5–4 сағатты құрайды.
Астана – Батуми бағытындағы тікелей рейстер 2 маусымнан бастап орындалады. Рейстерге билеттер 2026 жылғы 29 тамызға дейін сатылымда.
Маңызды: Грузияға кіру үшін медициналық сақтандырудың болуы міндетті. Сапар алдында елге кірудің өзекті талаптарымен мұқият танысуды ұсынамыз.
Батуми — Қара теңіз жағалауында, Грузияның батысында орналасқан курорттық қала. Қала жұмсақ климатымен, теңіз ауасымен және заманауи сәулет пен тарихи кварталдардың үйлесімімен танымал. Батуми жағажай демалысы үшін де, мазмұнды қалалық саяхат үшін де тамаша бағыт. Қысқа сапардың өзінде серуендеуге және демалуға арналған қызықты орындар табу оңай.
Астана – Батуми әуебилеттерін сатып алғаннан кейін, саяхат бағытын алдын ала жоспарлаған жөн. Батуми өздігінен серуендеуге ыңғайлы, ал негізгі көрікті жерлер бір-біріне жақын орналасқан.
Міндетті түрде баруға кеңес береміз:
Қара теңіз жағалауындағы Батумский бульвар мен теңіз жағалауы — тәуліктің кез келген уақытында серуендеуге тамаша орын
Ескі қала — тар көшелері, аулалары мен жайлы кафелерімен
Еуропа алаңы және қаланың орталық көшелері
Би билейтін субұрқақтар мен жағалаудағы кешкі жарықтандыру
Қала мен теңізге панорамалық көрініс ашатын Арго аспалы жолы
Уақыт мүмкіндік берсе, сондай-ақ ұсынамыз:
Аймақтағы ең әдемі бақтардың бірі — Батумский ботаникалық бағы
Қала маңында орналасқан Гонио қамалы
Сарқырамалары, жасыл бағыттары мен шолу алаңдары бар Таулы Аджария
Сапар жайлы өтуі үшін күніне екі-үштен артық көрікті жер жоспарламауды ұсынамыз. Бұл демалысты асықпай, шаршамай өткізуге мүмкіндік береді.
Әуе билеттерін сатып алу үшін FlyArystan мобильді қосымшасын немесе әуекомпанияның ресми сайтын пайдаланыңыз. Қосымшада ыңғайлы рейсті таңдап, тек қажет қызметтерді қосып, билет құнын өз қалауыңызға қарай қалыптастыра аласыз.
Билет құны конструктор қағидаты бойынша жасалады: сізге шынымен қажет қызметтер үшін ғана төлейсіз — багаж, орын таңдау, тамақ және басқа да қосымша қызметтер. Егер билеттерді алдын ала және бірден барып-қайту бағытында брондасаңыз, сапар құны одан да тиімді болады.
FlyArystan компаниясымен Батумиге саяхатыңызды жоспарлап, әуебилеттерін қазірдің өзінде мобильді қосымша арқылы немесе ресми сайттан брондаңыз.
Too Many Request