Шетелге ұшып жүрген жолаушыларға ұсыныстар
Халықаралық паспорттың жарамды екеніне көз жеткізіңіз. Паспорттың қолданылу мерзімі сапар аяқталғаннан кейін 6 айдан кем болмауы керек.
Шекаралық бақылаудың кедергісіз өтуі үшін шетелге шығуға тыйым салынған борышкерлердің тізімін бір тексеруді ұсынамыз .
Шет елге саяхаттау кезінде сіз сол мемлекеттің заңдарына бағынып, оны қатаң сақтауыңыз керек.
Шетелде болған кезде медициналық сақтандыру полисін сатып алуға кеңес береміз.
Барғалы жатқан елде сізге қажет дәрі-дәрмектердің болуы туралы ақпаратты алдын-ала сұраңыз.
Грузияға кіру үшін қойылатын талаптар
Грузияға ұшатын жолаушыларда кері қайту билеті болуы керек.
Грузияда қосымша қызметтерді әуежайда қолма-қол ақшасыз тәсілмен төлегенде комиссиялық алымдар алынады.
Туркияға кіру үшін қойылатын талаптар
Түркияға кіру үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының төлқұжаты Түркияға келген күннен бастап кемінде 180 күн жарамды болуы керек.
Әзірбайжанға кіру үшін қойылатын талаптар
2023 жылдың 28 наурызынан бастап шетел азаматтарына Әзірбайжанға кіру үшін барлық ковид шектеулері күшін жояды.
Үндістанға кіру үшін қойылатын талаптар
Қазақстан азаматтарына Үндістан Республикасына саяхаттау үшін виза қажет, ол алдын ала рәсімделуі тиіс.
Электрондық виза қызметтерін пайдалану үшін https://indianvisaonline.gov.in/evisa/tvoa.html сайтында e-Visa алуға онлайн өтінім толтырыңыз.
Қосымша ақпаратты осында табуға болады.
Бару/қайту билеттері жоқ Қазақстан азаматтарына Үндістанға кіруге бас тартылуы мүмкін.
Үндістан Республикасының авиациялық билігі (Bureau of Civil Aviaton Security) Жарлық №02/22 параграф 20.А.2. мен параграф 6 (19.01.2023 жылы енгізілген толықтырулармен) талаптарына сәйкес Үндістанға ұшатын әуе кемесінің бортында спутниктік телефондар мен GPS құрылғыларын (Garmin және олардың аналогтары сияқты) кез келген жолжүк түрінде тасымалдауға тыйым салынғанын ресми түрде хабарлайды.
Назар аударыңыз! Үндістаннан ұшып шығатын рейстеріміз үшін:
Үндістан әуежайларының халықаралық терминалдарына кіру үшін жолаушы осы күнге жарамды ағылшын тілінде әуебилетін көрсету қажет. Жолаушыны шығарып салатын адамдарға терминалға кіруге рұқсат етілмейді. Билетті ағылшын тілінде «Брондауды басқару» арқылы жүктеуге болады. «Билеттерді басып шығару» түймесін басып, EN тілін таңдаңыз.
Үндістан әуежайларында FlyArystan рейстеріне жолаушылар мен жолжүкті тіркеу "Air Astana" бағаналарында жүргізіледі, сондай-ақ, ұшып шығу/ұшып келу таблосында рейс "Air Astana" логотипімен бегліленеді.
Өзбекстанға кіру үшін қойылатын талаптар
Ресей Федерациясының ішкі төлқұжаттары бар азаматтар Өзбекстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Ресей Федерациясына/Ресей Федерациясынан тікелей рейстерде ғана кіруге/шығуға рұқсат етіледі. Қазақстанға немесе Қазақстаннан Ресей Федерациясының ішкі төлқұжаттарымен келетін/кететін жолаушыларды шекара қызметі өткізбейді.
Өзбекстанда үш күннен артық болатын жолаушылар келгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде жергілікті полиция қызметіне тіркелуі керек. Қонақ үйде тұратын жолаушылар үшін тіркеуді қонақүй жүзеге асырады. Өзбекстаннан шыққан кезде тіркелу қатаң тексеріледі.
Қайту билеттері жоқ Қазақстан азаматтарына елге кіруге тыйым салынуы мүмкін.
Қытайға кіру үшін қойылатын талаптар
Жарамды визасы бар Қытай, Қазақстан және басқа елдердің азаматтары үшін Қытайға кіруге рұқсат етіледі.
2023 жылғы 10 қарашадан бастап Қытай Халық Республикасының азаматтары, жартылай ресми паспорттың, кәдімгі паспорттың немесе уақытша жол жүру құжатының иелері және Қазақстан Республикасының азаматтары, паспорттың немесе Қазақстан Республикасына оралу туралы куәліктің иелері жеке бизнес, туризм, емдеу, халықаралық тасымалдар, транзит мақсаттары, сондай-ақ іскерлік мақсаттар (келісімшарттар жасасу, келіссөздер, консультациялық қызметтер көрсету және басқа да іскерлік мақсаттар үшін) кіру, шығу, басқа елдің аумағы арқылы транзитпен өту үшін 180 (жүз сексен) күнтізбелік күн ішінде жалпы алғанда 90 (тоқсан) күнтізбелік күн құрайтын - 30 (отыз) күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге визалық талаптардан босатылады. Егер сапардың мақсаттары немесе мерзімдері жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, екі елдің азаматтары екінші тарап мемлекетінің аумағына кіргенге дейін тиісті виза алуға өтініш беруі тиіс. http://kz.china-embassy.gov.cn/rus/sgxx/sgdt/202311/t20231103_11173753.htm
2023 жылдың 1 қарашасынан бастап Үрімшіге ұшатын жолаушылар денсаулығы туралы декларацияны міндетті түрде толтыру талабынан босатылады.
Қазақстанға кіру үшін қойылатын талаптар
2022 ж. 8 маусымнан бастап ҚР азаматтары мен шетелдіктер үшін вакциналау мен ПТР растау талаптары алынып тасталады.
*Осы парқшадағы ақпаратты FlyArystan ұжымы үнемі тексеріп, жаңартып отыруға тырысады. FlyArystan ақпараттың уақытылы жаңартылуына кепілдік бере алмайды және біз оны пайдаланудан туындаған жауапкершілікті өз мойнымызға ала алмаймыз. Баратын елдің ережелері мен шарттарын ресми үкіметтік басылымдардан тексеруге кеңес береміз.