• Брондау және брондауды өзгерту
  • Ақпарат
  • Көмек

Саяхат туралы ақпарат

Ұшақта тамақтандыру және қызмет көрсету

 

Arystan Café мәзірі:

  • Тауық еті қосылған құймақ - 4 000 ₸
  • Терияки соусындағы тауық еті  - 4 500 ₸
  • Күркетауық еті қосылған сэндвич - 3 300 ₸
  • Ірімшік қосылған круассан - 3 300 ₸

Толық мәзірді қарау

Сілтемені басып, тамақтану құны туралы ақпаратпен таныс болыңыздар.

Ұшуға дейін 24 сағаттан кешіктірмей алдын-ала тапсырыс беріңіз:

  • Билетті сатып алу барысында flyarystan.com немесе FlyArystan App қосымшасы арқылы.
  • Сатып алынған билет болса, FlyArystan App қосымшасындағы "Менің сапарларым" бөлімі арқылы немесе flyarystan.com "Жүк, орын, тағам" бөлімі арқылы.

Борттық төлемдер

  • Қолма-қол ақшамен төлеу
  • Картамен төлеу
  • Apple Pay / Samsung Pay / Google Pay

 

Алдын ала тапсырыс беру шарттары

  • Егер брондау ұшуға дейін 24 сағаттан кешіктірілмей алдын ала жүзеге асырылса, тамақтануға алдын ала тапсырыс беруге болады.
  • Отырғызу талоны алдын ала тапсырыстың растамасы болып табылады және бортсеріктерге ұсынылуы тиіс.
  • Алдын ала тапсырысты қайта брондау ұшуға дейін 24 сағаттан кешіктірілмей жүзеге асырылады.
    • Өз еркіңізбен қайта брондағанда ұшуға дейін 24 сағаттан кем уақыт қалғанда, тапсырысты қайта брондау мүмкіндігі жойылады және қызметтің құны қайтарылмайды.
    • Қайта брондау мәжбүрлі түрде әуекомпанияның кінәсінен және алдын-ала тапсырыс қызметі көрсетілмегендіктен болса, тапсырыс құнын https://flyarystan.com/kk/emailus арқылы  қайтаруға болады.

 

Ережелер мен шарттар

  • Сіздің таңдауыңыз әрқашан қолжетімді болмайтынын ескергеніңіз жөн

 

Қайтарым

Ақшалай қаражатының қайтарымын рәсімдеу үшін қызметті сатып алу орнына хабарласып, тексеру қызметінің мөрі басылған отырғызу талонының көшірмесін ұсыну қажет. Әуекомпания әуежайда немесе ұшақ бортында ақшалай қаражатының қайтарымын жүзеге асырмайды.

 

Ақшалай қаражатының қайтарымы келесі жағдайларда жүзеге асырылады:
  • рейс 6 сағаттан артық уақытқа кідіртілген/рейс орындалмаған кезде жолаушы ұшудан мәжбүрлі түрде бас тартқан жағдайда;
  • әуе кеме ауыстырылуына байланысты тамақтану қызметінің ұсынылмауы.

 

Ақшалай қаражатының қайтарымы келесі жағдайларда жүзеге асырылмайды:
  • әуебилетті өз еркімен қайтару немесе өзгерту;
  • жолаушының ұшаққа/отырғызуға келмеуі (кешігу, көші-қон және өзге де жағдайларға байланысты келмеуі және т.б.).

Ваучермен төлеу

  • Қосымша қызметтерді ваучер арқылы сатып алу үшін авиакомпанияның www.flyarystan.com сайтында, FlyArystan мобильді қосымшасында, +7 727 331 10 10 телефоны бойынша FlyArystan байланыс орталығы арқылы немесе туристік агенттіктердің кеңселерінде пайдалануға болады. Ваучерді әуежайда пайдалануға болмайды.