• Брондау және брондауды өзгерту
  • Ақпарат
  • Көмек
Артқа

Үрімші

Ақтау — Үрімші (Қытай) әуебилеттері

Қазақстан мен Қытай арасында тікелей рейстер. Ақтау (SCO) - Үрімші (URC) рейстері сейсенбі және жұма күндері күндері орындалады. 2026 жылғы 26 маусым мен 23 қазан аралығындағы рейстерге билеттер қолжетімді.

Назар аударыңыз: Қытайға/дан ұшатын рейстерге тегін онлайн тіркеу рейстің ұшу уақытынан 10 күн бұрын ашылады. FlyArystan-ның басқа барлық рейстеріне онлайн тіркеу 30 күн бұрын ашылады. Рейске тіркеу ережелері туралы толығырақ мына жерде.

Қытайға кіретін шетел азаматтары кіру туралы ақпаратты онлайн түрде толтыра алады. Толық ақпарат мұнда (Қытайға кіру үшін қойылатын талаптар).

Ақтау -Үрімші: әуебилеттерінің бағасы

Ақтаудан Үрімшіге ұшаққа билет қанша тұратынын тікелей flyarystan сайтында немесе мобильді қолданбасында білуге болады.

Басты бетке өтіңіз. "Қайдан" бағанында Ақтауды, ал "қайда" — Үрімші таңдаңыз. Әрі қарай, қажет болса, алға-артқа ұшу күнін белгілеңіз. Іздеу белгішесін түртіңіз. Нәтижесінде Ақтау - Үрімші әуерейстерінің кестесін көріп, бағасын бірден білесіз.

Ақтау — Үрімші ұшағына билеттерді қалай сатып алуға болады

Жолды алдын ала жоспарлаған кезде Ақтау — Үрімші ең арзан әуебилеттерін сатып ала аласыз. Күні жақын рейстерге баға қазірдің өзінде бекітілген, бірақ барлық кейінгі рейстер өзгеруі мүмкін. Ұшу күнін шешіп, арзан болу үшін билеттерді мүмкіндігінше ертерек брондауды ұсынамыз.

Ақтаудан Үрімшіге ұшаққа билеттерді тиімді сатып алу үшін тағы бір лайфхак - оларды жұмыс күніне алу. Қалалар бір-бірінен екі сағаттан астам тікелей ұшуда, сондықтан Астана-Үрімші рейсінің пайда болуымен лоукостер компаниясынан демалыс күндерін әртараптандыру мүмкіндігі пайда болады. Бұл сәйкесінше құнға әсер етеді.

Айтпақшы, рейсті іздеу кезеңінде қолжетімді рейстердің күнтізбесі көрсетіледі. Онда айдың ең төмен бағалары бар күндер көрсетілген. Бұл саяхат пен саяхатты жоспарлау процесін жеңілдетеді.

Ақтау – Үрімші рейстері туралы жиі қойылатын сұрақтар

Ақтаудан Үрімшіге рейс қанша уақытта ұшады?

Тікелей рейс 2 сағат 25 минутқа созылады.


FlyArystan қандай бағыттар ұсынады?

FlyArystan лоукостері әртүрлі бағыттар ұсынады. Олардың ішінде: Ақтау – Үрімші, Кутаиси – Астана, Астана - Батуми, Қостанай – Алматы және т.б. Барлығын көру

Ақтау – Үрімші тікелей рейсі несімен ыңғайлы?

Ақтаудан Үрімшіге ауысымсыз тікелей ұшу – Қытайдың ең қызықты қалаларының біріне жылдам әрі ыңғайлы жетудің тәсілі. Тікелей рейс уақытты үнемдейді.

Үрімшінің көрікті жерлері

"Low-cost Travel" айдарымыздан бейне-роликті көріп, Диананың серуеніне өзіңіздің жоспарыңызға Үрімшіде баруға қызықты жерлерді қосыңыз.

Неліктен FlyArystan-мен ұшуға тұрарлық

FlyArystan британдық консалтингтік агенттігінің Skytrax рейтингі бойынша Орталық Азия мен ТМД-ның үздік лоукост әуекомпаниясы деген жоғары атаққа ие болды. 

Міне, бізбен бірге ұшудың тағы бірнеше себептері:

  • Астана-Үрімші әуебилеттерін онлайн брондау;
  • Билетті сатып алу кезеңінде ұшақ бортында белгілі бір орынды таңдаудың қол жетімділігі;
  • Қолжүгіне сыймайтын жолжүкті тасымалдау.

Билетті брондау 

Естеріңізге сала кетейік, Ақтау — Үрімші рейсіне билеттердің бағасы өзгеруі мүмкін, сондықтан алдын ала брондау тиімді. Қызметті Flyarystan сайтында және iOS немесе Android үшін мобильді қосымшада пайдалануға болады.

Cілтеме арқылы Қытайға саяхаттау талаптарымен алдын ала танысуды сұраймыз.

Сатып алу

Рейс күні

calendar