• Брондау және брондауды өзгерту
  • Ақпарат
  • Көмек

Саяхат туралы ақпарат

Жолаушылардың өзін ұстау ережесі

FlyArystan саясаты

FlyArystan жолаушылардың өрескел жүріс-тұрысына байланысты келесі саясатты ұстанады:

  • Жолаушылардың өрескел жүріс-тұрысы жайлы оқиғаларды ешбір салдарсыз қалдырмау;
  • Әуекомпанияның қызметкерлеріне жолаушылардың өзін ұстау ережелерін бұзуын алдын алу және болдырмау үшін қажетті өкілеттігін беру;
  • Жолаушының өрескел жүріс-тұрысы жайлы құқық қорғау органдарына хабарлау және де ондай жолаушыны кейінгі жауапкершілікке тартуына байланысты көмек көрсету;
  • Қажет болған жағдайда әуекомпания қызметкерлерінің абыройы мен ар-намысын қорғау және жолаушы жасаған материалдық зақымды өтеу үшін сот ісін қозғау.

Назар аударыңыз: Ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, әуе компанияның ақпараттық және операциялық міндеттерін орындау үшін әуе бортында бейне немесе фототүсірілім жүргізілуі мүмкін. Түсірілім Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады және заңнамада көрсетілген жағдайларды қоспағанда, жолаушылардың дербес деректерін жинауға немесе таратуға бағытталмаған. Әуебилет сатып алып, әуе тасымалы қызметін пайдалану арқылы жолаушы айтылған ақпараттан хабардар екендігін растайды.

Жолаушының өрескел жүріс-тұрысы:

Егер FlyArystan жолаушысы құқықбұзушылық жасаса, соның ішінде:

  • Ұшу қауіпсіздігіне немесе басқа адамның өміріне қауіпті жағдай туғызса;
  • Басқа жолаушылардың және әуекомпания қызметкерлерінің денсаулығына, ар-намысына қауіп төндіретін жағдай тудырса, оларға тіл тигізіп немесе жәбірлесе;
  • Экипаж мүшелерінің жұмысын орындауына әдейі кедергі жасаса;
  • Экипаждың қауіпсіздік талаптарын орындауынан бас тартса;
  • «Белдікті тартып алыңыз» таблосы жанғанда белдікті тартудан бас тартса және әуе кемесінің бортында темекі тартуға салынған тыйым туралы әуекомпанияның саяси ережесін бұзса;
  • Қылмыстық іс жасаса;
  • Әуе кемесінің бортында қызмет көрсету кезінде ұсынылған ішімдіктерді қоспағанда, өзінің, соның ішінде алымсыз саудадан сатып алынған спирттік ішімдіктерін қолданса;
  • Экипаж мүшелерінің спирттік ішімдіктерді қабылдауға қойған шектеу талаптарын орындаудан бас тартса;
  • Әуе кемесі ұшу, қону және жүргізілген кезде электрондық құралдар мен аспаптарды қолданса;
  • Жарылғыш заттарды қолданумен қорқытса;
  • Басқа жолаушыларға және экипаж мүшелерінің жұмысына кедергі келтіретін қолайсыз жағдайлар тудырса;
  • Әуекомпания мүлкін бұзса және/немесе оны әуе кемесі бортынан алып шықса,

Ондай жағдайларда FlyArystan жолаушылардың өрескел жүріс-тұрысын алдын алу және болдырмау үшін келесі шараларды қолдануға құқылы:

  • Жолаушыны ұшып бару жеріне дейін тасымалдаудан бас тарту;
  • Жолаушыны ұшып келген елдің құқық қорғау органдарына тапсыру және оны кейінгі сол елдің заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тарту.

 

Жолаушының өрескел жүріс-тұрысының нәтижесінде болған амалсыз қону шығындары

Егер жолаушының өрескел жүріс-тұрысының нәтижесінде экипаж сол жолаушыны түсіру үшін амалсыз қонса, онда ол жолаушы амалсыз қонумен байланысқан барлық материалдық шығындарды өтейді. Егер жолаушы-құқықбұзушы амалсыз қонумен байланысқан әуекомпания зиян шеккен шығындарды өтеуден бас тартса, «FlyArystan»  зақым сомасын сот тәртібі бойынша өтеу үшін сот мекемелерінің қызметіне жүгінуге толықтай құқығын сақтайды.

Қылмыстық жауапкершілік: терроризм туралы жалған хабарлама және тыйым салынған заттарды заңсыз тасымалдау

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны (оның ішінде әзілдер), қару мен оқ-дәрілердің барлық түрлерін, жарылғыш, есірткі, басқа жолаушыларға немесе тасымалдаушыға зиян келтіруі мүмкін басқа да заттар мен заттарды заңсыз тасымалдағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделген.