МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ
FlyArystan әуекомпанияның ___ ______ 20__ жылғы FS ___ рейсіне қатысты төтенше жағдай орын алғанын өкінішпен растайды.
Жолаушыларымыздың, экипаждың және олардың отбасыларының қауіпсіздігі мен қолдау сезінуін қамтамасыз ету біздің басты құндылығымыз болып қала береді.
Туыстары мен жақындары үшін
• Сенім телефоны: Ақпарат алу үшін +7 727 244 55 52, 8 800 080 0440 нөмірі бойынша бізге хабарласыңыз.
• Көмек орталықтары: Біздің қолдау орталықтарымыз келесі мекенжайлар бойынша жұмыс істейді:
Ресми ақпарат
Сенімді ақпарат осы сайтта және әлеуметтік желілердегі біздің ресми парақшаларымызда жарияланатын болады:
БАҚ сұрақтары бойынша pr@flyarystan.com хабарласуыңызды сұраймыз
Менің билетімде қандай айыппұлдар бар?
Тарифтер "Үнемді" және "Икемді" болып бөлінеді. Баға неғұрлым қолжетімді болса, ережелер соғұрлым қатал болады. Айыппұлдың мөлшері сіздің ұшу күніне дейінгі уақыт аралығына байланысты, яғни ұшу күні неғұрлым жақын болса, айыппұлыңыз соғұрлым жоғары болады. Толығырақ сілтемеден өтіп, біле аласыз.
Қайта брондау немесе толық қайтару сомасын қалай білуге болады?
Ол үшін мобильді қосымшадағы/сайттағы "брондауды басқару" бөліміне өтіп, күнді өзгерту/қайтару тетіктерінің қажетін таңдап, анықтасаңыз болады. Ол үшін қажетті рейсті таңдап, нұсқауларды орындаңыз, содан кейін платформа сізді күнді өзгерту/қайтару шарттарымен танысуға болатын бетке апарады.
Әуежай ақысы дегеніміз не?
Әуежай әуекомпаниядан оның рейстеріне қызмет көрсеткені үшін алатын белгілі бір төлем (ұшу және қону ақысы, авиациялық қауіпсіздік, аэровокзал кешенін ұсыну, жолаушылар мен багажды тіркеу және т.б.). Бұл төлемдердің мөлшерін әуежай басшылығы, жергілікті билік немесе әуежай тиесілі елдердің үкіметтері белгілейді.
"Икемді" тарифінде рейс датасын өзгерту тегін бе?
Егер "Икемді" тарифында рейс датасын өзгертер кезде билетіңіздің класы алдыңғы алған билетіңіздің класымен бірдей болса, онда қайта брондауға айыппұл төлемейсіз. Егер брондау класы әр түрлі болса, онда брондау кластарындағы айырмашылықты төлеу керек, бірақ қайта брондау үшін айыппұл алынбайды.
Белгілі бір маршрутта төмен тарифтердің болуын қайдан көруге болады?
Баға кестесінде (күндерді таңдағанда жоғарғы оң жақ бұрышта)
Мен билетімнің қайтарылатын немесе қайтарылмайтынын қайдан білсем болады? Тариф шарттарымен қайдан танысуға болады?
Сіз өзіңіздің тарифіңізді және брондау класын электронды билетте көрсетілген "Класс" бағанындағы белгіге қарап (бір әріппен көрсетіледі) біле аласыз. Қажетті тарифті қайтару шарттарымен толығырақ танысу үшін мына сілтемеден өтіңіз.
Егер біз топ болып ұшатын болсақ, жеңілдік алу мүмкін бе?
Топтық брондауға сұрау салу ішкі рейстерге 15 адамнан және сайтта халықаралық рейстерге 10 адамнан тұратын топқа өтінім ресімдеу арқылы қабылданады. топтық брондауға арнайы жарнамалық акциялар қолданылмайды.
Балалар билеттеріне жеңілдік бар ма?
FlyArystan жолаушыларға тарифтің екі түрін таңдауды ұсынады: арнайы "Үнемді" және "Икемді". Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, FlyArystan 2 жастан 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған жолаушылар үшін "Икемді" тарифтен 50% жеңілдік ұсынады.
ҰОС ардагерлеріне/мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға жеңілдіктер беріле ме?
"Komek" жобасы аясында ҰОС ардагерлері мен 1-топтағы мүгедектігі бар адамдарға өтініші бойынша жеңілдік ұсынылады. Толығырақ мына жерден оқи аласыз.