МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ
FlyArystan әуекомпанияның ___ ______ 20__ жылғы FS ___ рейсіне қатысты төтенше жағдай орын алғанын өкінішпен растайды.
Жолаушыларымыздың, экипаждың және олардың отбасыларының қауіпсіздігі мен қолдау сезінуін қамтамасыз ету біздің басты құндылығымыз болып қала береді.
Туыстары мен жақындары үшін
• Сенім телефоны: Ақпарат алу үшін +7 727 244 55 52, 8 800 080 0440 нөмірі бойынша бізге хабарласыңыз.
• Көмек орталықтары: Біздің қолдау орталықтарымыз келесі мекенжайлар бойынша жұмыс істейді:
Ресми ақпарат
Сенімді ақпарат осы сайтта және әлеуметтік желілердегі біздің ресми парақшаларымызда жарияланатын болады:
БАҚ сұрақтары бойынша pr@flyarystan.com хабарласуыңызды сұраймыз
Шетелге шығу үшін өзіңізбен бірге не болуы керек?
Жарамдылық мерзімі сапар аяқталғаннан кейін 6 айдан кем болмауы тиіс шетелдік паспорт. Қажет болған жағдайда виза, кіруге рұқсат қағазы, медициналық сақтандыру полисі және т.б.
Қазақстаннан ұшып шығу кезінде шекаралық бақылаудан кедергісіз өту үшін шетелге шығуға рұқсаты жоқ борышкерлердің тізімін мына сілтеме арқылы тексеруіңізді ұсынамыз.
Әр елге саяхаттау талаптары туралы көбірек ақпарат алу үшін мына сілтемені қараңыз.
Паспорттық бақылау пункті мені өткізбеді. Мен ақшаны қайтарғым келеді.
Ақшалай қаражатты қайтару тариф ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады, өйткені жолаушы елден шығу кезінде қиындықтар туындаған жағдайда дербес жауап береді.
Грузияға/Түркияға және тағы басқа елдерге кіру ережелері қандай?
Шет елдерге кіру ережелерімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.
14 жасқа дейінгі балалар паспорт немесе туу туралы куәлік бойынша өздігінен ұша ала ма?
15 жасқа дейінгі балалар туу туралы куәлік пен төлқұжат бойынша тек ата-анасының\қамқоршыларының\ата-анасынан сенімхат алған үшінші тұлғалардың ертіп жүруімен немесе әуекомпания ұсынатын "Жетелеушісі жоқ балалар" қызметімен саяхаттай алады. Қызмет туралы толығырақ мына жерден оқи аласыз.
Балаға басқа елге ұшу үшін паспорт қажет пе?
Иә, шетелге ұшу үшін 16 жасқа дейінгі балаларда паспорт пен туу туралы куәлік болуы керек.
Шет елдерге кіру үшін сақтандыру полисі қажет пе?
Шет елдерге кіру үшін сақтандыру полисінің талабы сіз баруды жоспарлап отырған елге байланысты. Өзге елге ұшар алдында сол елдің консулдығынан немесе елшіліктің ресми сайтынан сақтандыру талаптарын нақтылау ұсынылады.