• Брондау және брондауды өзгерту
  • Ақпарат
  • Көмек

Билет сатып алу

FlyArystan билетін қайдан сатып алуға болады?

Билеттерді FlyArystan мобильді қосымшасында, www.flyarystan.com сайтында, туристік агенттіктерде, FlyArystan байланыс орталығына телефон арқылы хабарласып (тек балалар билеттері үшін) сатып алуға болады.

 

Дегенмен, билеттерді сатып алу кезінде қаржы үнемдеу үшін www.flyarystan.com сайтында немесе FlyArystan мобильді қосымшасында алуға кеңес береміз

FlyArystan мобильді қосымшасында/ресми flyarystan.com сайтында билетті қалай рәсімдеуге болады?

Әуе билетті брондау үшін мыналарды таңдаңыз:

  • Рейс түрі (бір бағытқа, барып-қайту); ұшып кету және ұшып келу қалалары; саяхат күні; жолаушылар саны.
  • "Іздеу" батырмасын басыңыз. Ұсынылған рейстердің ішінен қажетін белгілеп, «Таңдау» батырмасын басыңыз.
  • Одан кейін барлық жолаушылардың мәліметтерін енгізіп, билетті төлеуге кірісіңіз.

Ұшу уақытысынан қанша сағат бұрын мен билеттерді онлайн сатып ала аламын?

Сайтта онлайн сату рейстен 2 сағат бұрын, ал әуежайда сату ұшудан 1 сағат бұрын жабылады.

Сайттан бір топ жолаушыға билеттер сатып ала аламын ба?

  • Егер сіздің тобыңызда ең көп дегенде тоғыз адам ұшатын болса, сіз барлығына бір брондау арқылы билет ала аласыз. Сайттың басты бетінде қайдан, қайда және қай күні ұшатындығыңызды, жолаушылар санын енгізіңіз.
  • Егер сіздің тобыңызда 10 адам немесе одан да көп болса, рейстерді бірнеше брондау арқылы сатып алуға болады (бір броньда максималды 9 адамды көрсетуге болады).
  • Ішкі бағыттарға 15 адамнан және халықаралық бағыттарға 10 адамнан артық болса, сіз топтық брондауға өтінімді мына сілтеме бойынша рәсімдей аласыз.

Мүмкіндігі шектеулі жолаушыға ұшуды рәсімдегім келеді. Билетті сайттан сатып ала аламын ба?

Сіз билетті онлайн сатып ала аласыз. Ол үшін сайттан билет сатып алар кезде жолаушы деректерін енгізгеннен кейін "Арнайы сүйемелдеу" белгісін таңдаңыз. Толық ақпаратты сілтеме бойынша таба аласыз.

Мен жануар алып ұшамын. Билетті сайттан сатып ала аламын ба?

Сіз билетті сайттан өзіңізге сатып ала аласыз, ал FlyArystan ұшақтарында жануарларды тасымалдау үшін сізге рейс жөнелтетін уақыттан 24 сағат бұрын бұл туралы саяхат бюросының агентіне хабарлап немесе бізге пошта арқылы ақпарат жазуыңыз қажет: special.services@flyarystan.com.

Нәрестеге билет алу міндетті ме?

Нәрестеге бөлек билет берілмейді. Flyarystan мобильді қосымшасында немесе www.flyarystan.com сайтында ересек адамға билетті сатып алғанда нәрестені қосуға болады. Егер қандай да бір себептермен сатып алу кезінде ересек адам билетіне нәрестені қосу мүмкін болмаса, онда баланың аты-жөнін сіз сатып алған билетке мына байланыс орталығына хабарласу арқылы қосуға болады: мобильді қосымшада Livechat арқылы немесе WhatsApp-тағы +7 702 702 02 27 нөміріне жазу арқылы (тек мәтіндік хабарламалар); - байланыс орталығына +7 727 331 10 10 нөмірі бойынша қоңырау шалу арқылы (тек қоңыраулар). Бұл қызмет түрі – тегін.

Нәрестеге билетті қалай сатып алуға болады?

Нәрестеге бөлек билет берілмейді. FlyArystan мобильді қосымшасында немесе www.flyarystan.com сайтында ересек адамға билетті сатып алғанда нәрестені қосуға болады.

 

Егер қандай да бір себептермен сатып алу кезінде ересек адам билетіне нәрестені қосу мүмкін болмаса, онда баланың аты-жөнін сіз сатып алған билетке мына байланыс орталығына хабарласу арқылы қосуға болады:

  • мобильді қосымшада Livechat арқылы немесе WhatsApp-тағы +7 702 702 02 27 нөміріне жазу арқылы (тек мәтіндік хабарламалар);
  • байланыс орталығына +7 727 331 10 10 нөмірі бойынша қоңырау шалу арқылы (тек қоңыраулар). Бұл қызмет түрі – тегін.

Баланың билетін онлайн сатып алу кезінде қандай құжатты көрсету керек?

  • Ішкі рейстер үшін туу туралы куәлік мәліметтері көрсетілуі керек.
  • Ал халықаралық рейстер үшін баланың паспорт мәліметтері көрсетілуі керек.

Сондай-ақ, әуежайда баланы ертіп жүретін ата-ананың мәртебесін растау үшін баланың туу туралы куәлігінің түпнұсқасын немесе E-gov порталынан электрондық құжатты ұсыну қажет екенін ескеріңіз. Ересек жолаушыға баланы тасымалдау үшін ата-ананың бірі берген сенімхаттың түпнұсқасын немесе QR коды бар сенімхатты («Е-нотариат» порталы арқылы ресімделген және нотариустың электрондық қолы қойылған) көрсету қажет.

Билетті сатып алу кезінде балалардың деректерін (аты-жөнін) латын тілінде қалай дұрыс тіркеуге болады?

Балаларға билетті төлқұжат немесе туу туралы куәлік негізінде рәсімделеді. Төлқұжатта деректер латын тілінде көрсетілген. Туу туралы куәлікте деректер тек кириллицада жазылғандықтан, броньдағы деректерді дұрыс толтыру үшін ата-ананың құжатында көрсетілген тегіндей (егер тегі өзгеше болмаса) толтыру ұсынылады. Баланың тегі әр түрлі болған жағдайда, кез-келген онлайн аудармашы арқылы аты-жөнінің жазылуын латын әріптерімен тексеріңіз.

16-17 жас аралығындағы бала өздігінен ұшып кете ала ма?

16 жастан бастап жолаушылар күндізгі рейстерде өздігінен жүре алады. 16 жастан асқан, бірақ 18 жасқа толмаған балалар түнгі рейстерге қабылданбайды (23:00-ден 06:00-ге дейін).

"Жетелеушісі жоқ балалар" қызметін рәсімдеу үшін қандай құжаттар қажет?

Балаға: туу туралы куәлік, паспорт (егер халықаралық рейс болса), халықаралық рейстерде өзімен бірге Қазақстан Республикасының кәмелетке толмаған азаматының кету мерзімін және ол баратын мемлекетті (мемлекеттерді) көрсете отырып, екі ата-анасының/асырап алушыларының/қорғаншыларының/қамқоршыларының нотариалды рәсімделген келісімі болуы қажет;

Ертіп жүрушіге: Қазақстан Республикасының кәмелетке толмаған азаматының шығуына баланы аталған жауапты тұлғаның қолына беруге арналған нотариалды куәландырылған сенімхаттың түпнұсқасы; сондай-ақ, билетті сатып алғаннан кейін және Қызметті растағаннан кейін сізге поштаға PDF файлына сілтеме бар хат келеді, оны алдын-ала толтырып, басып шығару керек.

Күтіп алушының өзімен бірге жеке куәлігі болуы қажет.

Егер жетелеушісі жоқ баланы ата-анасы шығарып салып, қарсы алса, шекараны кесіп өтуге келісім керек пе?

Иә, керек. Қызмет пен талаптар туралы толығырақ мәліметті мына сілтемеден оқи аласыз.

"Жетелеушісі жоқ балалар" қызметі арқылы саяхаттайтын балаға орын қалай сатып алуға болады?

Ұшу кезінде бортсеріктердің балаларға күтім жасауына ыңғайлы болу үшін оларға соңғы қатардан орын беріледі.

Егер ата-анасы ажырасқан болса, кәмелетке толмаған баланың шекарадан өтуіне екінші ата-ананың рұқсаты қажет пе?

Егер бала ата-анасының бірімен саяхаттаса, екінші ата-ананың келісімі қажет емес.
Егер ол жалғыз саяхаттаса, онда екі ата-ананың бірінің келісімі қажет. Сонымен қатар, 16 жасқа дейінгі жолаушылар үшін "Жетелеушісі жоқ балалар" қызметі қажет. Толығырақ мына сілтеме бойынша оқи аласыз.

Сенімхат/келісімді шет тіліне аудару керек пе?

Сенімхат/келісім ағылшын тіліне аударылып, нотариалды куәландырылуы керек.

Сайтта ұшу нұсқаларын таба алмадым: «Рейстер табылмады» деген жазба шығады. Не істеу керек?

Сіз рейс жоқ күндерге билеттерді іздеген болуыңыз мүмкін. Рейстер күнтізбесін қарап, іздеуді қайталап көріңіз.

Билетті сатып алған кезде неге телефон нөмірін және email-ді көрсету керек?

Билетті брондау кезінде сіз көрсеткен электронды поштаға біз расталған броньды жібереміз. Егер рейсте өзгерістер болса, біз уақытылы хабарлаймыз.

Мен брондауды қанша уақыт ішінде төлей аламын?

Брондалған билеттерді 1 сағат ішінде төлеу керек.

Онлайн сатып алу кезінде билетті қалай аламын?

Сайтта билетті рәсімдеп, жолаушылар туралы мәліметтерді толтырған кезде сіз электронды поштаны да көрсетесіз. Бұл электронды поштаға біз бронның расталғаны туралы мәлімет жібереміз. Ұшу туралы барлық ақпараты бар маршруттық түбіртекті "Брондауды басқару" бөлімінен жүктеп алуға болады.

Менің электронды поштама брондалған билет туралы хат келген жоқ. Не істеу керек?

Алдымен электронды поштаңыздағы "Спам" бөлімін тексеріңіз, кейде билеттер кездейсоқ сол бөлімге түсіп қалуы мүмкін. Егер ол жерде ештеңе табылмаса, онда сайттағы немесе FlyArystan мобильді қосымшасындағы чатқа жазыңыз. Банк картасының деректерін хабарлау қажет: карта нөмірінің алғашқы 6 және соңғы 4 санын, сондай-ақ төленген соманы, жолаушылардың аты-жөнін, күні мен бағытын.

Билет келмеді, бірақ төлем алынды, не істеуім керек?

+7 727 331 10 10 нөмірі арқылы Байланыс орталығына немесе flyarystan.com/emailus кері байланыс нысаны арқылы FlyArystan қосымшасындағы онлайн-чат арқылы хабарласып, банктік картаның келесі деректерін: карта нөмірінің алғашқы 6 және соңғы 4 санын, сонымен бірге алынған соманы, жолаушылардың атын-жөнін, ұшу күні мен бағытын көрсету керек.

Сапар алдында электронды билетті басып шығару керек пе?

Тіркеу немесе рейске отыру кезінде басып шығарылған билетті талап етпейді, өйткені барлық деректер электронды түрде сақталады. Рейске отыру үшін жеке басын куәландыратын құжат (паспорт, туу туралы куәлік, егер бала ата-анасының бірімен ұшпаса сенімхат қажет) жеткілікті.

Билет сатып алу кезінде жергілікті уақыт па, әлде Астана уақыты көрсетіле ме?

Сайтта әрқашан ұшатын қаланың уақыты мен қонатын қаланың уақыты көрсетіледі. Мысалы, егер сіз Ақтаудан сағат 14:05-те ұшатын болсаңыз, онда Ақтау қаласының уақыты көрсетіледі. Алматыға 16:20-да ұшып келсеңіз – Алматының жергілікті уақыты көрсетіледі. Егер сіз билетті сатып алғанда «+1» жазуын көрсеңіз, бұл келу келесі күні болады дегенді білдіреді.

Іздеген сұрағыңызға жауап таба алмадыңыз ба?