Әуежайда тіркелу қанша уақыт бұрын басталады?
Рейске отырғызу қашан аяқталады?
Сіз ұшаққа отырғызу аймағында жоспарланған ұшу уақытынан 30 минут бұрын болуыңыз керек. Ыстамбұл, Дели және Дубай халықаралық әуежайларында сіз жоспарланған ұшу уақытынан кемінде 50 минут бұрын гейтте болуыңыз қажет.
Егер мен тіркелуге кешігіп қалсам, әуекомпания маған ақшаны қайтара ма?
Әуежайдың пайдаланылмаған алымдарын ғана қайтара аласыз.
Тіркеуге немесе отырғызуға бірнеше минут кешігіп қалсам не болады?
Сізге кешігіп жеткен рейсіңізге отырғызуға рұқсат берілмейді. Билет құнынан тек әуежайдың пайдаланылмаған алымдарын ғана қайтара аласыз.
Бастапқы ұшу әуежайында бірден келесі қаладағы отыратын рейсіме тіркеле аламын ба?
Кез-келген бөлек рейс басқа маршрут болып саналады. Сондықтан сіз оған бөлек тіркелуіңіз керек, сондай-ақ жолжүгіңізді де әр рейске бөлек тіркеп, аласыз.
Мен "комфорт плюс" пакетін сатып алдым, енді әуежайда тіркелу кезінде алдыңғы қатардағы орынды таңдай аламын ба?
Иә, премиум қатарларда бос орын болған жағдайда сіз кез-келген орынды таңдай аласыз.
Егер менің жүгім тіркеуде орнатылған қолжүгінің өлшемдерінен немесе салмағынан асып кетсе не болады?
Стандартты қолжүгі (5 кг, 56х23х36 см) – тегін, үлкейтілген қол жүгі (10 кг, 56х23х36 см) – ақылы, FlyArystan сайты мен қосымшасында, сондай-ақ тіркеу бағанасында (әуежайда қымбатырақ) сатып алуға болады. Егер сіздің қолжүгіңіздің мөлшері 10 кг-нан және 56х23х36 см-ден асса, оны тіркелген жолжүк ретінде тапсырып, әр кг үшін тариф бойынша төлеу керек. Тарифтер туралы толығырақ мына сілтемеден біле аласыз.
Есеп беру үшін отырғызу талонын қалпына келтіруім керек. Мұны қалай жасауға болады?
Ұшқаныңыз туралы анықтама немесе растауды әуекомпанияның ресми веб-сайтында келесі сілтеме арқылы өзіңіз ресімдей аласыз. Қызметті рәсімдеу үшін тиісті бағандарға билет нөмірі мен жолаушының тегін латын әріптерімен енгізіп, дайын болған анықтаманы сақтау қажет.
Мен бортта бір затымды ұмытып кеттім. Мен заттарымды қалай қайтарамын?
Ұшақта бірдеңе қалдырғаныңызды білгеннен кейін, ұшып келу әуежайының Lost and Found бөліміне хабарласу керек, өйткені біздің қызметкерлер тапқан барлық заттарды осы бөлімге өткізеді.
Әуежайда аты мен тегі бойынша деректерді түзетуге бола ма?
Тегі немесе атын жазуда 3 әріпке дейін қате кетсе, әуежай супервайзерлері мағынасы жоғалмаған атауды қосымша ақыға түзете алады. Егер тегі мен аты керісінше енгізілсе, жолаушы дереу байланыс орталығына 8 727 331 10 10 нөмірі бойынша хабарласуы керек. Басқа жағдайларда жолаушы байланыс орталығына өтінішті ұшуға дейін кемінде бір тәулік бұрын алдын ала қалдыруы қажет. Өтінім жеке және кезек тәртібімен қаралатын болады.