Билет құнын қалай төлеймін?
Билетті сатып алудың бірнеше жолы бар:
Мен броньды алдын-ала қойып, төлемді кейінірек жасай аламын ба?
Жоқ, броньды билетті рәсімдеу кезінде бірден төлеу керек.
Егер төлем кезінде қате пайда болса ше?
Интернетке дұрыс қосылғанын тексеріңіз, төлем картасында интернет транзакцияларының ашық екеніне көз жеткізіңіз, сондай-ақ онлайн сатып алу лимитінен асып кетпегенін анықтаңыз.
Егер төлем сәтті өтіп, алайда поштаға брондалғаны туралы мәлімет келмесе, не істеу керек?
Біздің whatsapp-тағы 8 702 702 02 27 нөміріне немесе FlyArystan ресми сайты мен мобильді қосымшасындағы Live chat-қа (24/7) жазып, әуекомпанияға хабарласу қажет.
Сайттан төлем туралы фискалды чекті қалай алуға болады?
Сіз сайттағы "Брондауды өзгерту" бөліміне өтіп, содан кейін "Растау анықтамаларын" таңдап, "Фискалдық чекті" басуыңыз керек. Осы жерге брондау нөмірін және жолаушының тегін латын әріптерімен енгізіңіз.
Агенттік арқылы брондау кезінде төлем сомасы билеттің бастапқы құнынан неге ерекшеленеді? (Transaction fee)
Әуебилеттің құны тарифтен, әуежай алымдарынан, әуекомпанияның сервистік алымынан, сондай-ақ агенттіктің сервистік алымынан құралады. Броньдау кезінде алдымен тарифтің құны, әуежай алымдары көрсетіледі, содан кейін ғана агенттіктің сервистік алымының сомасы көрсетіледі.
Билетті қайдан алуға болады?
Билеттің құнын төлегеннен кейін рәсімдеу кезінде көрсетілген электронды поштаға брондалған билет жіберіледі. Сондай-ақ, билетті мобильді қосымшадағы "Менің сапарларым" бөлімінен немесе сайттағы "Брондауды басқару" бөлімінен жүктей аласыз. Ол үшін "Билетті басып шығару" функциясын таңдау керек.
Билетті басып шығару керек пе?
Тіркелу және рейске тексеру рәсімдерінен өту үшін телефонда сақталған билеттің электронды нұсқасы жеткілікті болады.