• Брондау және брондауды өзгерту
  • Ақпарат
  • Көмек

Жолаушылардың ерекше санаттары

Сайттан мүмкіндігі шектеулі жолаушыға билет сатып алуға бола ма?

Билетті FlyArystan мобильді қосымшасында немесе flyarystan.com сайтында сатып алу барысында "Арнайы сүйемелдеу" тармағынан қажетті қызметті таңдауға болады. Егер сіз билетті сатып алған болсаңыз, онда FlyArystan компаниясының арнайы қызмет көрсету бөліміне сұрау жаза аласыз (special.services@flyarystan.com).

Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға жеңілдік бар ма?

"Komek" жобасы аясында 1-топтағы мүгедектігі бар адамдардың өтініші бойынша жеңілдік ұсынылады. Толығырақ келесі сілтеме бойынша оқи аласыз.

Арбадағы жолаушыға билетті қалай сатып алуға болады?

Билетті FlyArystan мобильді қосымшасында немесе flyarystan.com сайтында сатып алу барысында "Арнайы сүйемелдеу" тармағынан қажетті қызметті таңдауға болады. Егер сіз билетті сатып алған болсаңыз, онда FlyArystan компаниясының арнайы қызмет көрсету бөліміне сұрау жаза аласыз (special.services@flyarystan.com).

Мен зағип немесе нашар көретін жолаушыға билет сатып алғым келеді. Мұны қалай жасауға болады?

Билетті FlyArystan мобильді қосымшасында немесе flyarystan.com сайтында сатып алу барысында "Арнайы сүйемелдеу" тармағынан қажетті қызметті таңдауға болады. Егер сіз билетті сатып алған болсаңыз, онда FlyArystan компаниясының арнайы қызмет көрсету бөліміне сұрау жаза аласыз (special.services@flyarystan.com).

Бағыттаушы итті тасымалдау үшін ақы төлеу керек пе?

Көру қабілеті бұзылған жолаушылар қызметтік иттерімен бірге қосымша ақысыз саяхаттай алады. Үйретілген бағыттаушы иттің тұмсыққабы болуы керек. Жолаушыда қажетті ветеринарлық құжаттар мен иттің мәліметтері жазылған сертификат болуы керек. Саяхат басталғанға дейін біздің арнайы қызмет көрсету бөліміне тиісті ақпаратты жіберуіңізді сұраймыз: special.services@flyarystan.com.

Сапар барысында мүмкіндігі шектеулі жолаушыны ертіп жүру міндетті ме?

Міндетті емес, билетті FlyArystan мобильді қосымшасында немесе flyarystan.com сайтында сатып алу барысында "Арнайы сүйемелдеу" тармағынан қажетті қызметті таңдауға болады. Егер сіз билетті сатып алған болсаңыз, онда FlyArystan компаниясының арнайы қызмет көрсету бөліміне сұрау жаза аласыз (special.services@flyarystan.com).

Арбаңызды қалай тасымалдауға болады?

Барлық түрдегі кресло-арбалар багажда тасымалданады. Кресло-арбаларды багаждың белгіленген нормасынан тыс тегін тасымалдай аласыз.

Біз барлық тиісті тапсырмаларды беру үшін және қолайсыздық болмас үшін өз арбаларымен саяхаттайтын жолаушыларға ұшудан кемінде 24 сағат бұрын мына мекен-жайға жазып, ескертуді сұраймыз: special.services@flyarystan.com. Толығырақ ақпаратты мына сілтеме бойынша оқи аласыз.

Ұшақ салонына портативті оттегі концентраторын кіргізуге бола ма?

Сіз портативті оттегі концентраторын бортқа кіргізе аласыз, бірақ бізгемына мекен-жай бойынша алдын ала хабарлау қажет: special.services@flyarystan.com. Рұқсат етілген ПОК тізімімен сілтеме бойынша танысуға кеңес береміз.

Менің аяғым гипстелген. Бұл ұшуыма әсер ете ме?

Тізесін бүге алмайтындай етіп сынған аяғын гипстесе, онда жолаушы рейске жіберілмейді.

Ауыр науқас адамның ұшуына медициналық қарсы көрсетілімдер бар ма?

Саяхатты жоспарлау кезінде емдеуші дәрігердің ұсыныстарын орындау қажет. Егер медициналық қорытындыда ұшу денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін деп көрсетілсе, әуекомпания жолаушыны бортқа кіргізбеуге құқылы.

Егер мен ауыр науқас адаммен бірге сапарласам, дәрі-дәрмектерді өзіммен бірге алып жүруге бола ма?

Қатты түрдегі дәрі-дәрмектерге (таблеткалар, капсулалар, ұнтақтар немесе драже) шектеулер жоқ. Сұйық түрдегі дәрі-дәрмектерге (сироптар, тұнбалар, ерітінділер, жақпа, кремдер) басқа сұйықтық түрлеріне қойылатын талаптар мен шектеулер (әр құты 100 мл-ден аспауы керек) қолданылады.

Барлық дәрі-дәрмектерді зауыттық қаптамада тасымалдауға кеңес береміз.

Егер сіз дәрі-дәрмекті дәрігердің нұсқауы бойынша қабылдасаңыз, онда дәрігердің тағайындауын өзіңізбен бірге алып жүріңіз, өйткені тексерушілер дәрі-дәрмектерді көрсетуді сұрауы мүмкін.

Егер жолаушыға өмірлік қажетті препараттар болса, мұндай жағдайда ұшатын әуежайыңыздың тексеру аймағының өкілдеріне жүгінуіңіз қажет.

Іздеген сұрағыңызға жауап таба алмадыңыз ба?