Жолаушының тегін немесе атын өзгерту
FlyArystan рейстеріне билеттегі аты-жөні қате жазылған жолаушылар жіберілмейді.
Билетте жолаушының тегі мен аты төлқұжатқа немесе жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес латын әріптерімен жазылады.
Жолаушы билетте аты-жөнін қате енгізсе:
*Деректерді түзету кезінде жаңа билет жазылады және осы негізде қызмет ақысы алынады.
Жолаушы аты-жөнін өзгерту жолдары:
Әуежайда аты мен тегі бойынша деректерді түзетуге бола ма?
Тегі немесе атын жазуда 3 әріпке дейін қате кетсе, әуежай супервайзерлері мағынасы жоғалмаған атауды қосымша ақыға түзете алады. Егер тегі мен аты керісінше енгізілсе, жолаушы дереу байланыс орталығына 8 727 331 10 10 нөмірі бойынша хабарласуы керек. Басқа жағдайларда жолаушы байланыс орталығына өтінішті ұшуға дейін кемінде бір тәулік бұрын алдын ала қалдыруы қажет. Өтінім жеке және кезек тәртібімен қаралатын болады.