Ұшаққа өзіммен бірге қанша қолжүк алып кіре аламын?
Әрбір жолаушыға көлемі 56*23*36 см болатын және салмағы 5 кг-нан аспайтын бір дана қолжүгін алып кіруге рұқсат етіледі.
Қолжүкте қанша сұйықтық рұқсат етіледі?
Қолжүгіне сұйықтықтарды (ыдыстағы сұйықтық көлеміне қарамастан) 100 мл-ге дейінгі контейнерлермен (құтыда, бөтелкеде, ыдыста, түтіктерде және т.б.) алуға болады. Олардың жалпы көлемі бір жолаушыға 1 литрден аспауы керек. Егер сыйымдылығы 100 мл-ден асса, бірақ құты толмаған болса да тасымалдауға тыйым салынады, оны багажға тапсыру керек.
Мен 1 рет аялдап барып қайтадан ұшамын. Duty Free сұйықтықтарын қолжүгімде алып жүре аламын ба?
Duty Free-ден алған сұйықтықты қолжүгіңізде тасымалдауға болады. Алайда, аялдап келесі рейсіңізге отырар кезінде оларды жолжүк ретінде тапсыру қажет болатынын ескеріңіз.
Қолжүгіне косметика алуға бола ма?
Қолжүгіне сұйықтықтарды, сондай-ақ косметикалық заттарды (ыдыстағы сұйықтық көлеміне қарамастан) 100 мл-ге дейінгі контейнерлермен (құтыда, бөтелкеде, ыдыста, түтіктерде және т.б.) алуға болады. Жалпы көлемі бір жолаушыға 1 литрден аспауы керек.
Қолжүгіне парфюмерия/одеколон/иіс суын алуға бола ма?
Егер парфюмерия мен одеколон көлемі 100 мл-ден аспаса (ыдыстағы сұйықтық көлеміне қарамастан) қолжүгімен тасымалдауға болады.
Қолжүгіңізге дезодорант/шаш спрейін алуға бола ма?
Көлемі 100 мл-ге дейінгі сұйық дезодоранттарды (спрей емес) қол жүгіне алуға болады.
Жағуға арналған сұйық емес дезодорантты шектеусіз алуға болады, спрейлер тек жолжүкте өткізіледі.
Жанғыш заттарды өзіңізбен бірге алып жүрмеуге және оларды балама нәрсемен ауыстыруға кеңес береміз.
Ұшақта сусабынды қалай алып жүруге болады: қолжүгінде немесе багажда?
Кез келген көлемдегі сусабынды багажда тасымалдауға болады, ал қол жүгінде бір құтының көлемі 100 мл-ден аспауы тиіс (ыдыстағы сұйықтық көлеміне қарамастан). Бұл жағдайда сұйықтықтардың жалпы көлемі 1 литрден аспауы керек.
Қолжүгіне крем алуға бола ма?
Бір ыдыстың көлемі 100 мл-ден аспауы керек. Егер сізде 200 мл құтыдағы крем жартысынан аз қалса да, оны қолжүгіне алуға рұқсат етілмейді.
Қолжүгіне тіс пастасын алуға бола ма?
Бір сыйымдылықтың көлемі (ыдыс, түтік және т.б.) 100 мл-ден аспауы тиіс (сыйымдылықтағы сұйықтық көлеміне қарамастан).
Азық-түлікті қол жүгімен тасымалдауға бола ма?
Қазақстан бойынша мынадай санаттарға шектеулер бар: ет және балық өнімдері, сүт және ашытылған сүт өнімдері, бал және желе тәрізді өнімдер. Егер сіз өнімдерді өзге елге алып кеткіңіз келсе, онда баратын еліңіздің кедендік ережелері бойынша тасымалдауға рұқсат етілгеніне көз жеткізіңіз.
Ет және ет өнімдерін қалай тасымалдауға болады?
Ет пен балықты орау талаптарын сақтаған жағдайда багажда тасымалдауға болады. Халықаралық рейстер үшін ветеринарлық сертификат қажет. Толығырақ мына жерде.
Қазыны ұшаққа алып кіруге бола ма?
Зауытта қапталған қазыны багажда тасымалдауға болады. Халықаралық рейстер үшін ветеринарлық сертификат қажет. Толығырақ мына жерде.
Балықты ұшаққа алып кіруге бола ма?
Балықты орау талаптарын сақтаған жағдайда багажда тасымалдауға болады. Халықаралық рейстер үшін ветеринарлық сертификат қажет. Толығырақ мына жерде.
Қолжүгіне бал салып алуға бола ма?
Балды тек жолжүкке салып тасымалдауға болады. Тасымалдауға қойылатын талаптар туралы толығырақ мына жерде.
Ұшақта ірімшікті қалай алып жүруге болады: қолжүгінде ме, әлде жолжүкте ме? Өзіммен бірге қанша ірімшік ала аламын?
Ашытылған сүт өнімдері тек жолжүкте тасымалданады. Қазақстан бойынша: тасымалдауда шектеулер жоқ (сіз сатып алған жолжүк мөлшеріне байланысты). Халықаралық рейстер бойынша: баратын немесе шығатын елдің кедендік ережелерін тексеру қажет.
Ұшақта жаңғақтарды қалай алып жүруге болады: қолжүгінде ме, әлде жолжүкте ме?
Жаңғақтарды қолжүгінде де, жолжүкте да тасымалдауға болады.
Ұшақта жемістерді қалай тасымалдауға болады: қолжүгінде ме, әлде жолжүкте ме?
Жемістерді қолжүгінде де, жолжүкте де тасымалдауға болады.
Кәмпиттер мен тәттілерді ұшақта қалай тасымалдауға болады: қолжүгінде ме, әлде жолжүкте ме? Өзіңізбен бірге қанша алуға болады?
Егер кәмпиттер сіз сатып алған қолжүк/жолжүк нормасынан аспаса, оларды қолжүгінде де, жолжүкте де тасымалдауға болады.
Алкогольді қолжүкпен алып өте аламын ба?
Duty Free дүкенінен сатып алынған алкогольді салонға қолжүгімен алуға болады, бастысы қолжүктің жалпы салмағы 5 кг-нан аспауы керек (үлкен қолжүкті сатып алған жағдайда 10 кг-нан аспауы керек). Егер алкоголь тексеру аймағына дейін сатып алынған болса, оны жолжүкке тапсыру керек. Тасымалданатын алкогольдік сусындардың көлемі баратын елдің кедендік бақылау ережелеріне сәйкес болуы тиіс.
Мен баламен ұшып барамын. Өзіммен бірге бортқа баланың тамағын алып өте аламын ба?
Ұшақ салонына балалар тамағын алып кіруге рұқсат етіледі. Тағам мөлшері ұшу уақытына есептелуі керек.
Мен баламен ұшамын. Баланың арбасын ұшақ трапына дейін қолдана аламын ба?
Сіз рейске тіркелу барысында әуекомпания қызметкерлеріне бала арбасы туралы хабарлап, оған арнайы бирка тағып, трапқа дейін пайдалануға болады.
Егер 5 жасқа дейінгі баламен ұшсаңыз және бала арбасының көлемі 56*23*36 см өлшеміне сәйкес келсе, онда арбаны ұшақтың салонына кіргізуге болады.
Егер арбаның көлемі 56*23*36 см өлшемінен асып кетсе, онда оны жолжүкке салу үшін траптың жанында қалдыру керек. Жеткен соң бала арбасын жолжүк лентасынан аласыз.
Егер мен баласыз ұшсам, бала арбасын қалай тасымалдауға болады?
Сіз арбаны стандартты жолжүк ережелеріне сәйкес жолжүкке тапсыру арқылы алып жүре аласыз.
Бортта құнды заттарды қалай тасымалдауға болады? (картиналар, музыкалық аспаптар және т.б.)
Егер құнды затыңыздың жалпы саны 1 данадан аспайтын болса және салмағы 5 кг-нан аспаса (үлкейтілген қолжүк сатып алғанда 10 кг-нан аспауы керек), сіз қолжүк ретінде алып жүре аласыз.
Тасымалданатын құнды зат авиациялық қауіпсіздіктің барлық ережелеріне сәйкес өтуі тиіс. Егер тасымалданатын құнды зат қолжүгінің өлшемдеріне сәйкес келмесе, онда сіз әуебилетіңізге салондағы қосымша орынды рәсімдеуіңіз керек. Бұл қызмет байланыс орталығында, туристік агенттіктерде немесе әуекассаларда билет рәсімдеу кезінде ғана сатып алынады.
Қолжүгінде шағын тұрмыстық техниканы алып жүруге бола ма?
Техника қолжүк өлшемі мен салмағына сәйкес келуі керек – 56*23*36 см және 5 кг. Егер техника аккумулятордан қуаттанса, онда оның тасымалдау ережесіне сәйкес келетінін анықтау керек. Литий-ионды батареялар қолжүгінде болуы керек, сыйымдылығы 100 ватт-сағаттан аспауы қажет.
Тексеруден өту кезінде сізден шағын тұрмыстық техникаңызды қолжүгіңізден шығарып көрсетуді талап ету мүмкін.
Ноутбукты қолжүкке сала аламын ба?
Ноутбукты қолжүгіне салуға болады. Бір жолаушыға салмағы 5 кг-нан аспайтын 1 дана қолжүгіне рұқсат етіледі (үлкейтілген қолжүгін сатып алғанда 10 кг-ға дейін рұқсат етіледі)
Телефонға немесе компьютерге арналған қуаттағышты қолжүкке салуға бола ма?
Сымды қуаттағыштарды қолжүгіңізге салуға болады.
Пауэрбанкті қолжүгіне салуға бола ма?
Power Bank-ті тек қана қолжүгімен тасымалдауға болады.
Ұшақта батареяларды алып жүруге бола ма? Қайда: қолжүгінде ме, әлде жолжүкте ме?
Литий батареяларын ұшақпен тасымалдау мүмкіндігі олардың ватт-сағат (Вт-сағ) сыйымдылығына (литий-ионды қайта зарядталатын батареялар үшін) немесе олардың құрамындағы литий (СЛ) көлеміне (литий-металл қайта зарядталмайтын батареялар үшін) байланысты рұқсат етіледі.
Қосалқы литий батареяларын тек қолжүгімен тасымалдауға болады. Тіркелген жолжүкте қосалқы батареяларды тасымалдауға тыйым салынады.
Сыйымдылығы 100 Вт-сағаттан 160 Вт-сағатқа дейінгі литий-ионды батареяларды FlyArystan компаниясының алдын ала рұқсатымен қосалқы батареялар ретінде немесе жабдықтың құрамында қолжүк ретінде ғана тасымалдауға болады.
Әрбір жолаушыға жеке қорғаныспен жабдықталған сыйымдылығы 100-ден 160 Вт-сағатқа дейінгі 2 (екі) қосалқы батареяны тасымалдауға рұқсат етіледі.
Осы тармақта келтірілген шекті параметрлер бойынша өлшемдерге сәйкес келмейтін, орнатылған немесе қосалқы батареялары бар портативті электрондық құрылғыларды жолаушының жолжүк пен қолжүгі ретінде тасымалдауға тыйым салынады.
Стандартты ноутбук үшін литий-ионды батареялардың сыйымдылығы шамамен 53 Вт-сағ.
Толығырақ келесі сілтеме арқылы танысуды сұраймыз.
Дронды қалай алып жүруге болады: жолжүк немесе қолжүкте ме?
Дронды қолжүгінде де, жолжүкте де тасымалдауға болады. Басқа елдерге тасымалдау үшін сол елдің кедендік бақылау ережелерімен танысуыңызды сұраймыз.
Фотокамераны қолжүгімен алып жүруге бола ма?
Фотокамераны қолжүгіне салуға да, жолжүк ретінде де тапсыруға болады. Бір жолаушыға салмағы 5 кг-нан аспайтын 1 дана қолжүгіне рұқсат етіледі (үлкейтілген қолжүгін сатып алғанда 10 келіге дейін рұқсат етіледі). Фотоаппаратты жолжүкке салған жағдайда, жолжүктің салмағы сіз сатып алған жолжүк нормасынан асып кетпеуі керек.
Қолжүкке не салуға болмайды?
Қолжүкте тасымалдауға тыйым салынған заттардың тізімін келесі сілтеме арқылы таба аласыз. Өзге елге барарда қолжүкпен тасымалдауға рұқсат етілмейтін заттарды сол елдің кедендік бақылау ережелерінен білуге болады.
Өзіммен бірге ұшаққа не алып кіре аламын?
Өзіңізбен бірге салонға құнды заттарды және рейсті күту кезінде қажет болуы мүмкін заттарды алыңыз. Мысалы, зергерлік бұйымдар, ақша, құжаттар, ұшу уақытына қажетті дәрі-дәрмектер.
Қолжүгіңіздің салмағы мен өлшемдері әуекомпания мен әуежайдың бақылау қызметінің стандарттарына сәйкес келуі керек екенін ұмытпауыңызды сұраймыз.
Ұстараны қолжүгіне салуға бола ма?
Қолжүгіне электрлік ұстараны, сондай-ақ тримерді салуға болады. Ал қырыну ұстарасы мен оған арналған кассеталарды жолжүкке тапсыру керек.
Қызуөлшегіш (термометрді) ұшақта алып жүруге бола ма?
Қызуөлшегішті (сынап термометрлерін) тек жолжүкпен тасымалдауға рұқсат етіледі, ал электронды термометрлерді салонға алуға болады.
Қолжүгіне қайшыны салуға бола ма?
Кез-келген қайшыны, тіпті маникюрге арналған кішкентай түрін де жолжүкке тапсыру керек.
Ұшақта тонометрді қалай алып жүруге болады: қолжүгінде ме, әлде жолжүкте ме?
Электронды немесе механикалық тонометрді өзіңізбен бірге салонға алып кіруіңізге болады. Сыйымдылығы 100 ватт-сағаттан аспайтын литий-ионды батареяларды қолжүгіне салу керек. Құтысы бар сынап тонометрін жолжүкке тапсыру керек.
Ұшақта сіріңке мен оттықты алып жүруге бола ма?
Өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес сіріңке тасымалдауға тыйым салынады. Оларды жолжүкте де, қолжүгінде де тасымалдауға болмайды.
Сіз өзіңізбен бірге бір дана газ оттығын алып жүре аласыз: ол қалтаңызда болуы керек. Бензин оттықтарын тасымалдауға қатаң тыйым салынады, себебі олар жарылғыш заттарға жатады. Халықаралық рейстерде ұшып баратын еліңіздің кедендік шектеулер ережесін қарауды ұсынамыз.