Рейске қалай тіркелуге болады?
Сіз бірнеше нұсқада тіркеуден өте аласыз:
Рейске тіркелу қашан жабылады?
Рейске тіркелу Қазақстан бойынша ұшудан 40 минут бұрын және халықаралық рейстерде 60 минут бұрын жабылады.
Онлайн тіркелу ақылы ма?
Онлайн тіркелу қызметі тегін.
Онлайн тіркеуді қайдан өтуге болады?
Онлайн тіркелу тек FlyArystan мобильді қосымшасында және flyarystan.com ресми сайтында қолжетімді.
Онлайн тіркеу қашан ашылады және жабылады?
Рейске онлайн тіркелу 30 күн бұрын ашылады, Қазақстан бойынша рейстерде жоспарланған ұшу уақытынан 40 минут бұрын және халықаралық рейстерде 60 минут бұрын жабылады.
Онлайн тіркеуден қалай өтуге болады?
FlyArystan мобильді қосымшасында төменгі панельде "Тіркеу" батырмасын немесе сайтта басты беттегі "Рейске тіркелу" батырмасын басып, өзіңіздің жеке деректеріңізді және брондау нөміріңізді – билетте немесе билетті сатып алу туралы электронды растауда көрсетілген алты таңбалы әріптік-цифрлық кодты (1BYR13) енгізіңіз. Әрі қарай, тіркеу үшін рейс пен жолаушыларды таңдап, онлайн-тіркеу ережелерімен және қауіпті жүктерді тасымалдау ережелерімен танысу қажет. Әрі қарай, жүйе сізге қосымша ақыға ең ыңғайлы орындарды таңдауды ұсынады, бірақ егер сіз орын сатып алуға дайын болмасаңыз, онда "Жалғастыру" түймесін басыңыз, жүйе сізге кез келген орынды тегін тағайындайды. Онлайн тіркелу кезінде қажетіңізге қарай қосымша багаж бен тамақ сатып алуға болады.
Онлайн тіркелу кезінде орындарды таңдай аламын ба?
Онлайн тіркелу кезінде сіз қосымша ақы үшін өзіңізге ыңғайлы орындарды таңдай аласыз.
Орын таңдағаннан кейін онлайн тіркеуден өткен болып санала ма?
Процесс аяқталғаннан кейін экранда электронды/мобильді отырғызу талоны шығуы керек. Егер экранда отырғызу талоны пайда болмаса, онда онлайн тіркеу аяқталмаған болып саналады.
Орынды сәтті таңдағаннан/сатып алғаннан кейін "Жалғастыру" түймесін басып, тіркеуді аяқтау керек.
Отырғызу талоны поштаға автоматты түрде келе ме?
Онлайн тіркеу сәтті аяқталған соң брондауда көрсетілген электронды мекенжайға отырғызу талонына сілтеме келеді.
Мобильді құрылғыдан отырғызу талонының фотосуретін немесе скринін көрсете аламын ба?
Мобильді құрылғы экранынан отырғызу талонының фотосуреті/скрин қабылданбайды. Отырғызу талонын басып шығару керек немесе PDF форматында сақталған мобильді отырғызу талонын көрсету қажет.
Электронды отырғызу билетінің орнына әуе билетін көрсете аламын ба?
Электронды билет отырғызу талоны болып саналмайды.
Отырғызу талонын басып шығару керек пе?
Отырғызу талонын басып шығару керек немесе PDF форматында сақталған мобильді отырғызу талонын көрсету қажет. Әуежайда iJan терминалы арқылы ішкі рейстерге отырғызу талонын басып шығару ақылы – 500 тг.
Онлайн тіркеуден өттім, бірақ маған орын ұнамады, оны қалай өзгертуге болады?
Борттағы орынды өзгерту үшін FlyArystan қосымшасындағы "Менің сапарларым" бөлімінде немесе сайттағы "Брондауды басқару" бөлімінде онлайн тіркеуден бас тарту керек. Нәтижесінде сіз онлайн тіркеуден қайта өтіп, ыңғайлы орынды таңдауға/сатып алуға мүмкіндік аласыз (тарифтік пакетке байланысты).
Онлайн тіркелу қай жолаушыларға қолжетімді емес?
Онлайн тіркелу мына жағдайда қолжетімді емес:
Онлайн тіркелу міндетті ме?
Біз өз жолаушыларымызға тегін онлайн тіркелу қызметін пайдалануды ұсынамыз. Әуежайда да, iJan өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдарында да тіркелу ақылы.
Неліктен мен онлайн тіркеуден өте алмаймын?
Мен онлайн тіркеуден өттім, бірақ отырғызу талонын байқаусызда өшіріп алдым. Не істеуім керек?
Онлайн тіркеу аяқталғаннан кейін отырғызу талонына сілтемесі бар хабарлама брондауда көрсетілген электронды мекенжайға келеді. Сіз оны қайта жүктеп алсаңыз болады. Егер сіз брондау нөміріңізді білсеңіз, отырғызу талоныңызды FlyArystan мобильді қосымшасындағы "Онлайн тіркелу" бөлімінен немесе flyarystan.com сайтының басты бетінен жүктей аласыз. Бұл мүмкіндік рейске тіркелу аяқталғанға дейін қолжетімді: ішкі рейстерде 40 минут және халықаралық рейстерде 1 сағат қалғанға дейін. Сондай - ақ, iJan терминалы арқылы 500 теңгеге ішкі рейстердің отырғызу талонын ақылы түрде шығарып алуға болады.
Мен онлайн тіркеуден өттім, бірақ отырғызу талонын таба алмадым, қосымшада жоқ.
Онлайн тіркеу аяқталғаннан кейін отырғызу талонына сілтемесі бар хабарлама брондауда көрсетілген электронды мекенжайға келеді. Сіз оны қайта жүктеп алсаңыз болады. Егер сіз брондау нөміріңізді білсеңіз, отырғызу талоныңызды FlyArystan мобильді қосымшасындағы "Онлайн тіркелу" бөлімінен немесе flyarystan.com сайтының басты бетінен жүктей аласыз. Бұл мүмкіндік рейске тіркелу аяқталғанға дейін қолжетімді: ішкі рейстерде 40 минут және халықаралық рейстерде 1 сағат қалғанға дейін. Сондай - ақ, iJan терминалы арқылы 500 теңгеге ішкі рейстердің отырғызу талонын ақылы түрде шығарып алуға болады.
Онлайн тіркеуден қалай бас тартуға болады?
Мобильді қосымшаның төменгі жолағында "Менің сапарларым" бөліміне өтіп немесе сайттағы "Брондауды басқару" бөлімінің басты бетін таңдап, фамилияңызды латын қаріптермен теріп, электронды билетте көрсетілген алты таңбалы әріптік-цифрлық кодты (1bry13) енгізіңіз. Әрі қарай, тіркеуден бас тарту үшін рейс пен жолаушыны таңдап, "Жалғастыру" түймесін басып, тіркеуден шығарыңыз.