• Брондау және брондауды өзгерту
  • Ақпарат
  • Көмек

Билетті брондау тәсілдері

Брондауды растау коды

Брондауды жасағаннан кейін сізге растау коды жіберіледі, ол сізге рейске тіркелу кезінде қажет болады.

Электрондық пошта мекенжайыңызға ішінде төмендегі мәліметтері бар брондауды растау хабарламасы жіберіледі:

  • брондауды растау бірегей коды;
  • билет нөмірі;
  • рейс нөмірі;
  • ұшу күні мен уақыты;
  • ұшып кету және келу пункттері туралы ақпарат;
  • билеттің толық құны;
  • қосымша қызметтер туралы ақпарат және олардың бағасы;
  • сапар туралы ақпарат.

FlyArystan әуекомпаниясы жолаушыларды тікелей екі қала арасында ғана тасымалдайды. Егер сізде екіден көп қаланы байланыстыратын тоғысқан рейс болса, әр рейске қолжүкпен алдын ала тіркелуіңіз қажет.Егер жолаушы өздігінен екі бөлек билет (ауысым) сатып алса, бірінші рейстен екінші рейске уақытылы ауысып үлгеруге жолаушының өзі жауапты. Билет алу барысында ауысу уақытының кемінде 90 минут болуын қадағалап, рейстер кестесін мұқият тексеріңіз. 

Хабарландырулар

Брондауды жасаған кезде көрсеткен байланыс ақпаратыңыз рейс деректерінің өзгергені туралы хабарландыруларды жіберу үшін пайдаланылуы мүмкін. Бізге келесі байланыс ақпараты қажет:

  • мобильді телефон нөмірі;
  • электрондық пошта мекенжайы.

Электрондық пошта мекенжайын және (немесе) телефон нөмірін қате беру; жолаушының көрсеткен электрондық пошта мекенжайына қол жеткізе алмау немесе поштасын жүйелі түрде тексермеуі; жолаушыға көрсетілген телефон нөмірлері бойынша қоңырау шала алмау салдарынан болатын шығындарға FlyArystan компаниясы жауапты болмайды.