Егер жоспарым өзгеріп, ұшу күнін ауыстыру немесе билеттен бас тарту қажет болса, қайда хабарласуым керек?
Қайта брондау/қайтару мына тәсілдер арқылы қолжетімді:
Билетті қайтару/қайта брондауға өтінім неше күн ішінде қарастырылады?
Өтінімдер кезек тәртібімен қарастырылады. Өтінішті қарағаннан кейін сіз міндетті түрде өтініш қалдырған электрондық поштаға хат аласыз.
Егер жоспарлар өзгерсе, ұшу бағытын өзгертуге бола ма?
Әуебилеттегі бағытты өзгертуге болмайды.
Неге менің рейсімнің өзгерістері туралы sms/email арқылы ақпарат келген жоқ?
Рейстің ұшуы бойынша өзгерістер туралы хабарламаларды жіберген кезде біз жолаушылар билетті брондау кезінде енгізетін байланыс деректерін пайдаланамыз. Сондықтан дұрыс деректерді брондау кезінде қалдыру өте маңызды.
Деректерді "Брондауды өзгерту"арқылы жаңартуға болады.
Егер мен бағытты байқаусызда немесе қателесіп таңдасам ше?
Сіз тариф ережелеріне сәйкес билетті қайтара аласыз және дұрыс маршрутқа жаңа билетті сатып ала аласыз.
Мен FlyArystan билетін басқа сайттан немесе туристік агенттіктен сатып алдым және оны ауыстырғым келеді. Мұны қалай жасауға болады?
Билетті қайта брондау\қайтаруды тек билетті сатып алған жерде ғана жүзеге асыра аласыз.
Мен барып қайтуға билет сатып алдым. Қайту билетін ғана пайдалана аламын ба?
Ия, сіз рейсті орындай аласыз, бірақ алғашқы рейске билеттің құны қайтарылмайды.
Мен билетімді басқа адамға қайта рәсімдей аламын ба?
Басқа адамға әуебилетті қайта рәсімдеуге тыйым салынады.
Мен билет сатып алдым, бірақ медициналық себептермен ұшып кете алмадым. Маған билет үшін ақша қайтарыла ма?
Ұшуға рұқсат бермейтін медициналық құжат көрсеткен жағдайда билеттің ақшасын қайтарып алуға болады.
Ол үшін ішкі рейстерде ұшқанға дейін 2 сағаттан және халықаралық рейстерде 3 сағаттан кешіктірмей келесі сілтеме бойынша өтіп "Жолаушының денсаулығына байланысты брондауды жою" тармағын таңдап, кері байланыс формасын толтырып, қажетті құжаттарды тіркеп, жіберу қажет.
Мен билет сатып алдым, бірақ жақын туысымның қайтыс болуына байланысты ұшып кете алмадым. Билетті айыппұлсыз қайтара аламын ба?
Егер өтінім қалдырушы қайтыс болған туысымен бірге ұшуды жоспарлап, билет сатып алған болса, онда мұндай жағдайда билет құны қайтарылады. Басқалай жағдайда, тариф ережелері бойынша қайтару үшін билетті сатып алу орнына жүгіну қажет.
Егер менімен бірге ұшатын адам ауырып қалса, мен де билетті толық қайтара аламын ба? Онсыз ұшудың мағынасы жоқ.
Ауырып қалған жолаушы билетін қайтарғаннан кейін бірге ұшатын туысы да (балалары, ата-аналары, қамқоршылары, ата-әжесі, туған аға-әпкесі, жұбайының ата-анасы) егер бір рейстің жолаушылары болса билетті өткізуге өтініш білдіре алады. Басқалай жағдайда, тариф ережелері бойынша қайтару үшін билетті сатып алу орнына жүгіну қажет.
Менің балам ауырып қалды, билеттерді ауыстыра аламын ба немесе қайтара аламын ба?
Иә, ұшуды жүзеге асыру мүмкін еместігін растайтын медициналық құжат көрсеткен жағдайда. Ол үшін ішкі рейстерде ұшқанға дейін 2 сағаттан және халықаралық рейстерде 3 сағаттан кешіктірмей келесі сілтеме бойынша өтіп, "Жолаушының денсаулығына байланысты брондауды жою" тармағын таңдап, өтінішті жіберу қажет.
Ваучер дегенім не?
Ваучер - бұл әуебилетін қайтарғаннан кейін алған сомаңызды сақтайтын электронды құжат. Сіз оны билет немесе қосымша қызметтерді сатып алу үшін пайдалана аласыз.
Мен әуебилетті қайтару барысында соманы Ваучер түрінде алдым. Оны қалай пайдалануыма болады? Мен жақын уақытта ұшпасам, ваучер күйіп кетпей ме? Ваучер қайда сақталады?
Бұл ваучерді сіз келесі жолы әуе билетті немесе қосымша қызметтерді сатып алған кезде, төлем жасағанда flyarystan.com ресми сайтында немесе FlyArystan байланыс орталығы арқылы төлем тәсілі ретінде ваучерді таңдап, пайдалана аласыз. Ваучердің жарамдылық мерзімі берілген сәттен 3 айға жарайды. Ваучер автоматты түрде сіздің поштаңызға жіберіледі. Толығырақ ақпаратты сілтеме бойынша алуға болады.
Төлем кезінде ваучерді қалай пайдалануға болады?
FlyArystan қосымшасында немесе сайтында билетті немесе қосымша қызметтерді брондау кезінде төлем қадамына өткеннен кейін ғана ваучерді пайдалануға болады (күндер мен бағыттарды таңдағаннан, жолаушы туралы деректерді енгізгеннен кейін).
Төлем кезеңіне жеткенде "Ваучермен төлеу" әдісін таңдау керек, содан кейін жолаушының атын таңдап, ваучердің нөмірін енгізіп, "Қолдану" бастырмасын басыңыз.
Ваучер нөмірін "465420000000" сияқты сызықшалар мен бос орындарсыз бірге енгізгеніңізге көз жеткізіңіз.
Ваучер нөмірін қалай табуға болады?
Егер сіз билетті қайтару кезінде ваучер нөмірін сақтап үлгермесеңіз, онда WhatsApp-тағы +77027020227 нөміріне немесе FlyArystan мобильді қосымшасы мен сайтындағы livechat арқылы (тек мәтіндік хабарламалар) байланыс орталығына хабарласуыңыз қажет.
Ваучер нөмірін қалай алуға болады?
Ваучер нөмірін әуебилетті қайтарған кезде сақтап немесе жазып алу қажет.
Менің ваучерім қанша уақытқа жарамды?
Ваучер берілген күннен бастап 3 ай бойы жарамды.
Ваучерді басқа адамға бере аламын ба?
Ваучер номиналды, оны тек жолаушының өзі қолдана алады.
Мен ваучерді қолма-қол ақшаға айналдыра аламын ба?
Ваучер – бұл электронды құжат. Оны тек FlyArystan қосымшасында немесе сайтында билетті\қосымша қызметтерді электронды төлеу кезінде ғана пайдалануға болады.