Әуекомпания кодын ауыстырғаннан кейін менің билетім жарамды бола ма?
Билет барлық рейстерге өзгеріссіз жарамды болып қалады. Жаңа FS коды бойынша рейстер 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырылады.
Егер мен 2024 жылдың желтоқсанында ұшып, 2025 жылы қайтып келсем ше?
Сізге ыңғайлы болу үшін сізде бір брондау нөмірі болады. Әуежай таблосында сіздің рейсіңіз қаңтардан бастап КС орнына FS деп көрсетіледі. Мысалы, желтоқсан айында әуежай таблосындағы рейсіңіз KC 7152 деп көрсетілсе, қаңтарда FS 7152 ретінде көрсетіледі.
Жарамды брондау автоматты түрде өзгере ме, әлде әрбір жолаушы компания өкіліне жеке жүгіну қажет пе?
Сатып алынған әуебилет жарамдығын жоймайды, барлығы өзгеріссіз қалады.
Рейсімнің жаңа нөмірін қалай білуге болады?
Әуебилетте көрсетілген рейс нөмірі өзгеріссіз қалады.
Жаңартылған ақпаратты қалай аламын?
Барлық ақпарат әуебилетті брондау кезінде қолжетімді болады.
Әуекомпания кодының өзгеруіне байланысты менің рейсім тоқтатыла ма, әлде кейінге шегеріле ма?
Жоқ, Сіздің рейсіңіз өзгеріссіз жарамды болып қалады.
Код өзгерген жағдайда тариф ережелері (билеттерді қайтару немесе айырбастау процедурасы) өзгере ме?
Тарифтерді қолдану ережелері өзгеріссіз қалады.
Әуекомпанияның веб-сайты өзгере ме?
Әуекомпанияның www.flyarystan.com сайты өзгеріссіз қалады.
Менде жарамды ваучер бар, оны әуекомпанияның жаңа коды бар рейстеріне пайдалана аламын ба?
Иә, ваучердің жарамдылық мерзімі аяқталғанша дейін пайдалануға болады.
Осы өзгеріске байланысты билетті қайтару немесе ұшудан бас тарту мүмкін бе?
Барлық өзгерістер билет тарифінің ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
Онлайн тіркеуді қайдан өтуге болады?
Барлығы өзгеріссіз қалады, сілтеме https://flyarystan.com/kk/online-checkin.
Мен онлайн тіркеуден өттім, ол әлі де жарамды ма? Немесе қайтадан өтуім керек пе?
Сіздің онлайн тіркелуіңіз жарамды болып қалады.
Мен iJan терминалы арқылы тіркеліп, отырғызу талонын ала аламын ба?
Иә, сіз iJan терминалы арқылы тіркеліп, отырғызу талонын ала аласыз.
Егер менде ескі кодқа тіркелген қосымша қызметтер (орын, жолжүк, тамақ және т.б.) сатып алынса, оларды пайдалану мүмкін бе?
Сіздің брондауыңыздағы барлық қызметтер сақталады.
Әуежайда тіркелу ережелері өзгере ме?
Қосымша мен сайтта да, әуежайдағы iJan терминалы арқылы да тіркеу ережелері өзгеріссіз қалады.
Менің ағымдағы қызметтерім (тарифтік пакеттер немесе басқа қосымша қызметтер) сақтала ма?
Барлық қызметтер сақталады.
Әуекомпания кодының өзгеруі ескі коды бар рейске сатып алынған жолжүкті рәсімдеуге қалай әсер етеді?
Кодтың өзгеруі жолжүкті рәсімдеуге әсер етпейді.
Жолжүгім межелі жерге дұрыс жеткізіле ме?
Өзгертілген код жолжүкті тасымалдауға әсер етпейді.
Әуекомпанияның жаңа коды жолжүк/қолжүк ережелеріне әсер ете ме?
Жолжүк/қолжүк шарттары өзгеріссіз қалады.
Жолжүк және басқа қызметтердің тарифтерімен қайдан танысуға болады?
Қосымша қызметтер тарифтерінің құны сайтта кез-келген уақытта қолжетімді https://flyarystan.com/kk/services-and-fees
Әуежайлардағы таблода әуекомпанияның ескі әлде жаңа коды көрсетіле ме?
2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін KC коды болады, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап FS коды болады.
Рейс ауыстырар кезде жаңа рейс нөмірін қалай білуге болады?
Әуебилетті сатып алу кезінде нақтыланған рейс пен әуекомпанияның коды көрсетіледі.
Бұрын сіздерде Air Astana рейстерімен тоғыспалы бағыттарда жолаушыларды қолдау саясаты болатын, бұл саясат өзгеріссіз қала ма?
Бұл саясат өзгеріссіз қалады.