• Брондау және брондауды өзгерту
  • Ақпарат
  • Көмек
Артқа

Дубай

FlyArystan әуекомпаниясымен Ақтаудан Дубайға тікелей рейс 

Теңізде шомылу, шопинг және сафариде саяхаттауды қалайтындарға FlyArystan Ақтау — Дубай тікелей рейсін ұсынады. Рейске ауысып отырусыз бірнеше сағаттың ішінде Бурдж Халифаны өз көзіңізбен көре аласыз.

Атырау тұрғындарына керемет жаңалық! Енді сенбі күндері Атырау – Дубай (Ақтау арқылы) бағыты бойынша бар-жоғы 2 сағаттық ыңғайлы транзитпен ұша аласыз.

Әуебилеттері және брондау

Дубайға ұшып бара жатқан жолаушылар үшін қайтар билетінің болуы міндетті! БАӘ-ге кіру талаптары туралы толығырақ ақпарат.

Әуебилеттерінің бағасы 58 000 KZT (валюта бағамына байланысты) басталады және оларды: 

  • FlyArystan ресми парақшасында;
  • FlyArystan мобильді қолданбасында;

  • сондай-ақ басқа да әуебилеттерін сатып алуға болатын платформаларда онлайн брондай аласыз.

Жылдам әрі жеңіл тіркелу әуежайда уақытыңызды үнемдеп, сапарыңыздың ыңғайлы өтуіне мүмкіндік береді.

Әуежай және отырғызу

Ақтау әуежайы жолаушылар үшін қолайлы, паспорттық бақылау процесі тез және  заманауи терминалдармен қамтамасыз етілген. 

Ұшу кестесі

Рейс 29 қарашадан бастап әр сенбі күні аптасына бір рет, ал мерекелік кезеңдерде (16.12.2025 – 06.01.2026 және 10.03.2026 – 24.03.2026) рейстер аптасына екі рет — сейсенбі және сенбі күндері орындалады. Ұшу уақыты шамамен 4 сағат. Ыңғайлы кесте демалысқа да, іскерлік сапарға да тиімді.

Бұл рейс

  • жылы теңіз жағасында демалуды;

  • әлемдік деңгейдегі ірі сауда орталықтарында шоппинг жасауды;

  • қолжетімді әрі ыңғайлы отбасылық сапарды;

  • жаңа эмоция мен ұмытылмас естеліктерді қалайтын жолаушыларға және

  • уақытты үнемдеп, маңызды кездесулерге тез барғысы келетін іскерлерге арналады.

Билеттеріңізді қазір брондап, FlyArystan-мен бірге Дубайға саяхаттаңыз!

Сатып алу

Рейс күні

calendar