Рейс статусының өзгеруі (кешігу/тоқтату/кестенің өзгеруі)

Рейс статусы неліктен өзгеріске ұшырауы мүмкін?

Кейде әуекомпаниялар рейстің ұшуына әсер етуі мүмкін белгілі бір өзгерістер енгізуге мәжбүр. Ұшудың өзгеру себептерін шартты түрде екі түрге бөлуге болады- әуекомпанияның шешімі бойынша және әуекомпанияға тәуелсіз.
Біріншісіне әдетте ұшу кестесіндегі маусымдық өзгерістер, техникалық немесе басқа өндірістік себептер бойынша рейстің кешігуі немесе орындалмауы, ал екіншісіне ауа - райы жағдайлары (ұшып келу/ұшып кету пунктінде және қосалқы әуежайда), табиғи апаттар, әуежайдың жабылуы/жөнделуі және әуекомпания әсер ете алмайтын басқа да форс-мажорлық жағдайлар жатады.

Рейс статусының өзгеруі туралы ақпаратты қалай және қашан біле аламын?

FlyArystan рейс жолаушыларын билетті сатып алу кезінде көрсетілген абоненттік нөмір және электронды пошта бойынша, өзгерістер туралы ақпарат алғаннан кейін бірден жолаушыларды хабардар ету үшін қажетті шараларды қабылдайды. Сондықтан брондау кезінде жолаушының жеке байланыс деректерін көрсету өте маңызды. Хабарландыру мерзімі өзгерістердің қашан болатынына байланысты өзгеруі мүмкін.
Сондай-ақ, рейсіңіздің нақты ұшу және қону уақыты туралы ақпаратты кез келген ыңғайлы уақытта FlyArystan сайтының басты парақшасында ("рейс статусы" https://flyarystan.com/flight-status) өзіңіз тексере аласыз.

Бүгінгі ауа райы ашық әрі шуақты, бірақ рейстің кешігу себебі ретінде "ауа-райының қолайсыздығы " көрсетілген, неге?

Терезенің сыртында, бір қарағанда, бұлтсыз ашық ауа-райы болса да, сіздің рейсіңіз қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты кешігуі немесе орындалмауы мүмкін. Мұндай жағдайлардың орын алу себебі- әуекомпания ұшу кезінде, сондай-ақ ұшып келу пунктінде ұшаққа, экипажға немесе жолаушыларға қауіп төндіретін ештеңе жоқ екеніне көз жеткізеді.

Ауа-райы жағдайлары ұшуға қалай әсер етуі мүмкін?

Негізгілерін тізімдесек:
-Жауын-шашын. Биіктікте жауын-шашын бұршаққа немесе мұзға айналуы мүмкін, бұл ұшақтың ұшу кезінде зақымдану ықтималдығын арттырады.
- Жел және оның бағыты. Жел әуе кемесінің ұшу бағыты мен жылдамдығына, ұшу және қону ұзындығына әсер етеді. Бүйірлік жел ұшу/қонуды қиындатады, ал қатты жел тіпті ұшақтың ұшу/қону шектеулерінен асып кетуі мүмкін. Әрбір ұшақ түрлерінде желдің күшіне байланысты ұшу шектеулері бар. Сонымен қатар, ұшақ әрқашан желге қарсы ұшады және қонады.
- Көріну. Әдетте, қалың бұлт / тұман-бұл кешігудің ең көп таралған метео себептерінің бірі. Қону кезінде «шешім қабылдау» биіктігі белгіленеді, егер осы биіктікте ұшқыш жердегі жолақты көрмесе, оның төмендеуді жалғастыруға құқығы жоқ, қосалқы әуежайға кетуге мәжбүр.
Егер ұшып келу пунктінде көріну нашар болса, онда ұшудың да мағынасы жоқ.Тұман көбінесе жергілікті ауа-райы құбылысы болып табылады, ол әуежайдан басқа жерде болмауы мүмкін екендігін ескеруңізді сұраймыз.
- Нақты ұшу/қону әуежайының техникалық жарақтандырылуы және жай-күйі. Ұшақтың ұшуы үшін әуе кемесінің өзіне ғана емес, әуежайға да бірқатар міндетті талаптар қойылады. Мысалы, борт пен жолақты ұшуға дайындауға арналған арнайы мұздануға қарсы жабдықтың болуы, ұшу-қону жолағын тұманға қарсы жарықтандыру және т. б.

Рейстің кешігуі алдымен аз уақытқа берілуі мүмкін, содан кейін кешігу уақыты тағы ұзарады. Бұл немен байланысты?

Ұшу туралы шешім нақты метеожағдайлар бойынша қабылданады (нақты ауа-райының қысқаша мазмұны әр жарты сағат сайын шығады). Сонымен қатар, ауа-райы жағдайлары ұшу пунктінде ғана емес, сонымен қатар қону пунктінде де ескеріледі. Ауа-райының жақсару болжамы кезінде ұшу және қону өте маңызды.

Неліктен бір қону пунктіне кейбір әуекомпанияның ұшағы ұшады, ал басқа тасымалдаушылардың дәл сол әуежайға рейстері ауа-райының жақсаруын күтеді?

Бұл қалыпты жағдай. Әр әуекомпанияның белгілі бір экипажға, ұшаққа және тіпті аэродромға арналған ауа-райының минимумдары бар. Мысалы, кейбір ұшқыштардың біліктілігі желдің жылдамдығы 17м/с болғанда ұшуға мүмкіндік береді, ал басқаларына бермейді. Сол сияқты-бір кеме желдің екпініне төтеп бере алады, екіншісі бере алмайды. Экипаж бен жолаушылардың қауіпсіздігі жайында сөз қолғалғандықтан, ұшуды сыни жағдайда орындау әрқашан ұшқыштың жауапкершілігі болып табылады

Рейс техникалық себептерге байланысты кешіктірілсе, дәл сол ұшақпен ұшу қаншалықты қауіпсіз?

Егер рейс техникалық себептермен кешіктірілсе, қорқудың қажеті жоқ. Әдетте, бұл қауіпсіздік тұрғысынан тез түзетілетін кішігірім ақаулар болып табылады.
Түзету жылдамдығы ақаулықтың қай пункте табылғанына байланысты болады. Егер ұшақ әуекомпанияның негізгі әуежайында тұрса, онда инженерлер ұшақты қосалқы бөлшектер болған жағдайда бірнеше сағат ішінде жөндейді. Егер бұзылу аймақтық шағын әуежайда, яғни базадан тыс жерде орын алса, ұшақты жөндеу үшін инженерлердің келгенін немесе қосалқы бөлшектердің жіберілуін, тіпті басқа ұшақты күтуге тура келеді.

Менің рейсім кешіктірілгенде, мен әуежайға бастапқы жоспарланған уақыт бойынша келуім керек пе?

Ерте келудің қажеті жоқ. Рейс статусының өзгеруі туралы ақпарат, әуежайда ұшуды күтуге уақытыңызды жұмсамау үшін жіберіледі.
Алайда, сіз өзгертілген уақыт бойынша рейске тіркелу/отырғызу аяқталғанға дейін келуіңіз керек. Естеріңізге сала кетейік, рейске тіркелу жоспарланған (өзгертілген) ұшу уақытынан 40 минут бұрын жабылады, отырғызу - 30 минут бұрын аяқталады.

Ұшу уақытының өзгеруіне байланысты мен жұмысқа кешігіп барамын. Рейстің кешігуін растайтын анықтаманы қайдан алуға болады?

Рейстің кешігуі/орындалмауы туралы анықтама сайтта автоматты түрде беріледі (https://flyarystan.com/flightstatusletter). Анықтаманы алу үшін сізге рейс нөмірі мен күнін енгізу жеткілікті.

Менің алғашқы рейсім кешіктірілуде, осыған байланысты келесі түйісу рейсіне үлгермеймін. Түйісу рейсімнің уақытын тегін қайта брондауга болады ма?

Егер сіздің барлық маршрутыңыз FlyArystan немесе Air Astana рейстеріне ресімделген болса, сіздің түйісу рейсіңіз тегін қайта брондалады. Билеттеріңізге өзгерістер енгізу үшін міндетті түрде әуекомпанияға хабарлауыңыз керек.

Рейс статусы өзгерген жағдайда FlyArystan жолаушыларына қандай көмек ұсынады?

Әуекомпания рейс статусы өзгерген жағдайда, әрқашан өз жолаушыларына көмек көрстуге дайын. Біріншіден, әрине, бұл барлық жолаушыларға өзгеріс туралы ескерту. Күту уақытына байланысты - әуежайда сусындар/ыстық тамақ, кейбір жағдайларда-рейстің ұшуын күту кезеңінде қонақүйде тұру қамтамасыз етіледі. Барлық қызметтер тегін ұсынылады. Сондай-ақ, күту уақыты белгілі бір мерзімнен асқаннан кейін жолаушыларға басқа рейспен ұшу немесе толық қайтару баламалары ұсынылады.
Жауапкершілік дәрежесі әрқашан өзгерістің себебіне байланысты екенін ескеру маңызды. Егер өзгеріс әуекомпанияға тәуелсіз себеппен орын алса (мысалы, ауа райы жағдайлары), бұл қызметтердің тізімі қысқарады. Толығырақ ақпаратты Сіз сайттан келесі сілтеме бойынша https://flyarystan.com/flyarystan-fight-delay-or-cancellation-policy
ала аласыз.

Рейс кешіктірілген жағдайда әуекомпания ұсынатын қызметтерді қалай алуға болады?

Сіз әуежайдағы әуекомпания өкіліне жүгініп, оған рейс пен әуе билетіңіздің нөмірін айтуыңыз керек

Егер мен әуежайда әуекомпания өкілдерін таппай, тамақтану/ орналасуды өзім ұйымдастыруға тура келген жағдайда не істеу керек?

Барлық чектерді міндетті түрде сақтауңызды сұраймыз. Себебі, әуекомпания төлем құжаттары негізінде шығындарыңызды өтеуге дайын. Алайда, әуекомпания өтемақыны ішінара мақұлдай алады, бұл қызмет құнының мөлшеріне байланысты екендігін ескеруңізді сұраймыз.