Артқа

Павлодар

Павлодарға әуебилеттер

Павлодар – Қазақстанның солтүстік-шығысында Ертіс өзенінің жағасындағы қала, ресми құрылған кезі – 1720 жыл. Қазіргі уақытта бұл еліміздің қарқынды дамып келе жатқан заманға сай, өндірістік орталықтарының бірі. Қонақтар қалаға өз жұмыстарымен, сондай-ақ туристік мақсаттарда келеді. Тікелей әуе рейстері Павлодарға поез, автобус тіпті машинаға қарағанда екі-үш рет жылдамырақ жетуге мүмкіндік береді. Бұған қоса бірінші қазақстандық лоукостер FlyArystan Павлодарға арзан әуебилеттер ұсынады. Әуекомпанияның жайлылық пен қауіпсіздік деңгейімен ерекшеленетін Airbus A320 реактивті ұшақтарының әуепаркі Қазақстандағы ең жаңа болып табылады.

Арзан әуебилеттер

Барлық саяхатшылардың ойы бір жерден шығады — ең аз қаражатпен тамаша сервиске қол жеткізу. Біз жайлылық сапасын төмендетпей, жолаушылардың сапалы қызметтерге қол жеткізуі үшін бәрін жасадық. Ұшаққа билеттерді барынша тиімді түрде сатып алу үшін бірнеше қарапайым, бірақ өте пайдалы кеңесті пайдаланыңыз:

  • Сапарыңызды алдын ала жоспарлаңыз. Әдетте аптаның ұшу күні бағаның құрылуына ықпал етеді. Жұмыс күндері көбінесе тариф демалыс күндеріне қарағанда төмендеу болады.
  • Қосымша қызметтерді бронь қойған кезде сатып алыңыз, бұл әуежайда қосымша төлегеннен арзандау болады.
  • Жеңілдіктер мен сатылымдар туралы ақпаратты жедел түрде алып отыру үшін әуекомпания жаңалықтарын email арқылы таратуына және әлеуметтік желілерге жазылыңыз.

Ұшаққа билет сатып алу жолы

Павлодарға билеттерді пернені бірнеше рет басып сатып алуға болады. Өзіңізге керек ұшу уақыты мен жерін таңдаңыз, жолаушылар санын, қосымша қызметтерді көрсетіңіз. Содан кейін жолаушылар туралы ақпаратты толтыру керек (қол астында төлқұжат немесе жеке куәлік болғаны жөн), рейс барысында пайдаланғыңыз келетін барлық қызметтерді таңдап, кредиттік карта арқылы Павлодарға ұшақ билеттеріне дереу төлеуіңіз керек.

Павлодар әуежайы (IATA: PWQ, ICAO: UASP)

Әуежай қала орталығынан не бары 14 километр қашықтықта орналасқан. Бұл шағын әуежай 2011 жылы қайта құрылды, жылдық жолаушылар ағыны 200 мың адамды құрайды. Темір жол станциясы мен әуежай арасында қала орталығына жету үшін пайдалануға ыңғайлы 22 автобус бағыты өтеді.

Павлодардың көрнекі жерлері

Павлодар шағын қала болғанына қарамастан, бұл жерде айналысатын іс табылады. Саяхат барысында міндетті түрде мына жерлерді көріңіз:

  • Ертіс өзенінің жағалауы;
  • Мәшһүр Жүсіп мешіті;
  • Баянауыл ұлттық саябағы;
  • Жауынгерлік даңқ мұражайы;
  • Благовещение ғибадатханасы;
  • Чехов атындағы облыстық драма театры;
  • Потанин атындағы тарихи-өлкетану мұражайы.

Сонымен қатар Павлодарда туристтерге қызықты экскурсиялар ұсынылады:

  • Павлодармен танысыңыз (әртүрлі экскурсанттарға арналады)
  • Қаланың әуе қақпасы
  • «Павлодар – Ертіс жағалауындағы қала» шолу экскурсиясы
  • «Ескі қаланың сырлары» квест экскурсиясы
  • Теплоходпен серуендеу
  • Түнгі Павлодар

Павлодардың климаты

Павлодарда орташа-суық климат басым болады. Қаланы жаңбырлы деп те атауға болады, өйткені орташа жылдық жауын-шашын мөлшері шамамен 278 мм құрайды. Бұл ретте ең жаңбырлы – шілде, ал ең құрғақ деп – наурыз айы саналады.


Сатып алу

Күн

calendar