• Брондау және брондауды өзгерту
  • Ақпарат
  • Көмек
Артқа

Шымкент

Алматы–Шымкент әуебилеттері

Алматы мен Шымкент арасындағы ұшу жиілігі аптасына 10 рейсті құрайды – күніне бір рет, дүйсенбі, жұма, жексенбі күндері екі рет ұшады.

FlyArystan ұсынатын күндізгі Алматы-Шымкент әуерейстерінің негізгі артықшылықтары

  • Сапалы сервис – бүкіл экипаж жолаушылармен жұмыс істеуді бастамас бұрын арнайы дайындық курстарынан өтеді.
  • Алматы-Шымкент ұшағына ұшып шығу және қайту билеттерін, сондай-ақ барлық қосымша қызметтерді (тамақ, орын таңдау, алғашқы болып отыру, жолжүкті тасымалдау) FlyArystan сайтында сатып алуға болады. Оларды компьютер немесе ноутбук арқылы ғана емес, ұялы телефон арқылы да сатып алуға болады.
  • Сонымен қатар билеттерді FlyArystan байланыс орталығы арқылы брондауға болады.
  • Жаңа қазақстандық лоукостер сыйымдылығы 180 орынды құрайтын Airbus 320-232 моделіндегі ұшақтарды пайдаланады.
  • Алматы-Шымкент бағытындағы ұшақтардың барлығы жаңа, пайдалану мерзімі шамамен 6 жыл. Бүгінгі таңда бұл Қазақстандағы реактивті ұшақтардың ең жас әуепаркі болып саналады.
  • Ұшақтарға техникалық күтімді ең жоғары деңгейде Air Astana компаниясының инженерлері жасайды.
  • FlyArystan ұшақтарында бизнес класс жоқ, бортта 180 орын бар, бұл Алматы-Шымкент ұшағына билеттерді барынша төмен бағамен сатып алуға мүмкіндік береді.

Шымкент (CIT) әуежайынан қалаға қалай жетуге болады?

Халықаралық әуежай қаладан бар болғаны он километр қашықтықта орналасқан. Ғимараты өте шағын, ішінде қажетті заттардың барлығы бар, дәретхана, анықтама бюросы, бар немесе дүкен сияқты қажетті жерлерді таба алмай адасу мүмкін емес деуге болады.

Ішінде және сыртында түсінікті навигациялық жүйе қарастырылған. Барлық жазулар екі тілде: қазақ және орыс тілдерінде берілген.

Әуежай аумағында заманауи кафе жұмыс істейді, полиция бекеті және ана мен бала бөлмесі бар. Жеке тұрған ғимаратта тамағы дәмді әуежай асханасы орналасқан, онда қолжетімді бағамен тамақтануға болады.

Әуежайдан Шымкентке автобуспен қалай жетуге болады?

Қоғамдық көлік аялдамасы әуежай ғимаратына қарама-қарсы орналасқан. № 12, 12а және 12б автобустары күнделікті таңғы сағат 6.00-ден бастап кешкі сағат 19.00-ге дейін жүреді. Жүру интервалы шамамен 15-20 минут. Бұдан ерте немесе кеш ұшып келсеңіз, такси шақыруға тура келеді.

Әуежайдан Шымкентке таксимен қалай жетуге болады?

Такси жүргізушілерін автобус аялдамасының қасынан табуға болады, олар жолаушыларды тегін көлік тұрағында күтеді. Жеке тасушылар қалаға дейін жеткізуді өздері бірінші болып ұсынуы мүмкін. Жергілікті такси қызметіне қоңырау шалсаңыз, жол жүру ақысы үш есе төмен болады.

Шымкент туралы өзекті ақпарат

Қала климаты қоңыржай, қысқы уақытта орташа температура –2 °C, ал жазғы уақытта шамамен +25 °C құрайды. Метеорологтардың айтуынша, Наурыз айы – ең жаңбырлы ай.

Шымкенттің көрнекі жерлері:

  • Ж. Шанин атындағы қазақ драма театры
  • Шымкент опера және балет театры
  • «Кен-баба» этносаябағы
  • Оңтүстік Қазақстан орыс драма театры
  • Саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайы
  • Тәуелсіздік саябағы
  • Шымкент өлкетану мұражайы
  • ОҚО орталық мешіті
  • Шымкент хайуанаттар бағы
  • Қуыршақ және жасөспірімдер театры

Жергілікті тұрғындар ақкөңілділігімен ерекшеленеді және қала қонақтарының барлық сұрақтарына қуана жауап береді.

Сапарды ұйымдастырған кезде қайту билетін қолжетімді бағамен сатып алуды ұмытпаңыз. Қайту билеттерін FlyArystan сайтынан брондасаңыз, сапарыңыз қолайлы әрі арзан болады.

Сапарыңыз сәтті болсын!

Сатып алу

Күн

calendar