Астана
Алматы–Астана рейсі – Қазақстандағы ең кең тараған бағыттардың бірі. Жыл мезгілігне және апта күніне қарамастан, Алматы–Астана билеттеріне әрдайым сұраныс бар. Туристер демалып, қаланың көрнекі жерлерін көру үшін астанаға жыл бойы сапар шегеді, бизнесмендер іскерлік мәселелерін шешу үшін бару және қайту билеттерін сатып алады, саяхатшылар туыстарына немесе достарына барып қайту үшін ұшады. Сапар мақсатына қарамастан, барлық жолаушылар межелі жерге жайлы әрі жылдам жетуді қалайды. Сондықтан көпшілік қайта отырғызусыз ұшуды артық көреді.
Қалалар арақашықтығы 1000 км шамасынан асады. Сапар ұзақтығы 13 сағаттан басталатын пойызға қарағанда, Алматы–Астана бағытында ұшу уақыты шамамен екі сағатты құрайды. Алматы–Астана ұшағына билет сатып алу үшін сайтта қажетті күн мен уақытты көрсетіп, қосымша қызметтерді таңдап, жолаушылар деректері көрсетілетін шағын ақпараттық блокты толтырып, сапарды онлайн төлеу қажет. Бірнеше шерту жасап, жолға жинала беруге болады!
Алматы–Астана әуебилеттерін сатып алғанда үнемдеудің түрлі әдістері бар, бір бағыттың бағалары мүлдем өзгеше болуы мүмкін. Лоукост тасымалдаушының әуебилеттері әділетті түрде ең бюджеттік болып саналады.
Бірнеше есе қымбат төлемеу үшін FlyArystan әуекомпаниясының қызметтерін пайдаланыңыз. Біз әуебилеттерді Қазақстан бойынша ең тиімді бағамен ұсынамыз. Біздің әуежелілерімізді борттағы қажетсіз қызметтер үшін төлегісі келмейтін және ел іші мен одан тыс жерлерге бюджеттік жолмен саяхаттауды артық көретін адамдар таңдайды. Сапарыңызда айтарлықтай үнемдейсіз. Классикалық әуекомпаниялардың билеттерінің және лоукост ұсыныстардың баға айырмасы кейде сапарыңыздың барлық шығындарын өтей алады.
Сонымен қатар FlyArystan лоукост сапарларының төмендегі артықшылықтарын атап өтуге болады: