Артқа

Шымкент

Шымкентке әуебилеттер – саяхат жасау кезі

Шымкент – Қазақстандағы республикалық маңызы бар үш қаланың бірі. Оның аумағында көптеген тарихи ескерткіштер орналасқан, ал оның тұрғындары мәдениетінің еш жерден табылмайтын өз ерекшеліктері бар

Шымкент әуежайы қонақтарды барлық жерден оңтүстіктің жүрегіне қабылдауға дайын. Ал лоукостерді пайдалана отырып, баға — сапа деген ең жақсы арақатынасқа қол жеткізуге болады, өйткені ұшаққа арзан билет алу деген — бұл шындық. FlyArystan бірінші қазақстандық лоукостерінің сайты заманға сай тәсілі мен қарапайым интерфейсіне орай билеттерді тез және төмен бағамен сатып алуға мүмкіндік береді.

Шымкентке жеткізетін ұшаққа билет

FlyArystan ресми сайтында арзан әуебилеттерді онлайн режимінде сатып алуыңызға болады. Лоукостер рейстерінің тиімділігі – қажетті қосымша қызметтерді, яғни: багажды тасымалдау, ұшақ бортында тамақтану, өзіне ұнайтын орынды таңдауды жолаушы билетке бронь қойған кезде өзі белгілейді. Әуе рейсіне Қазақстандағы ең жаңа реактивті әуе паркі қызмет көрсетеді. Airbus A320 ұшақтары жоғары жайлылық пен қауіпсіздік деңгейімен белгілі.  

Шымкентке әуебилетті қалай сатып алуға болады?

Шымкентке билеттерді пернені бірнеше рет басып сатып алуға болады. Өзіңізге керек ұшу уақыты мен жерін таңдаңыз, жолаушылар санын, қосымша қызметтерді көрсетіңіз. Электрондық билетті онлайн режимінде ресімдеу өте оңай, бар болғаны жолаушылар туралы ақпаратты толтыру керек (қол астында төлқұжат немесе жеке куәлік болғаны жөн), рейс барысында пайдаланғыңыз келетін барлық қызметтерді таңдап, кредиттік карта арқылы Шымкентке ұшақ билеттеріне дереу төлеуіңіз керек. Егер сіздің сауалдарыңыз болса, байланыс орталығымыздың операторлары сізге әрқашан көмектесуге дайын болады. Әуе рейстері туралы ақпаратпен сайттың бас бетіндегі «Жоспарлау және сатып алу» қосымша бетінде таныса аласыз. Керек бағытты көрсетіңіз, жүйе сізге нақты ақпарат береді. Рейстің нөмірі, ұшу ұзақтығы, ұшу мен қону уақыты.

Шымкентте не көруге болады?

Шымкентті бақ қала деп атайды. Тіпті орталық аудандар да күн ортасында адасып кетуге болатын саябақтарға толы. Сізді Шымкентке жеткізетін ұшақ қаланың үстінен ұшып бара жатқан кезде, оның көптеген жасыл аймақтарына назар аударыңыз. Әуежай алдындағы тұраққа шыққан бетте сізді жанға жайлы сая беретін көптеген ағаштар саны таң қалдырар. Бұл жерде такси немесе автобус арқылы жүруге болады, алайда ол автокөлік саны бойынша Қазақстандағы екінші қала екенін, соның салдарынан көптеген көшелерде кептелістер пайда болатынын ескеру қажет. Шымкент қаласынан қырық километр жерде орналасқан тау тізбектері белсенді демалыс пен әдемі пейзаждар әуесқойларына қызықты болады. Көтерілуге болатын ең жақын тау биіктігі 1768 метрге жететін Қазығұрт тауы.

Қаланың ішінде ойын-сауықтың түр-түрі бар: аквапарк, хайуанаттар бағы, дендропарк, ипподром, цирк, балалар темір жолы және көптеген ойын-сауық кешені.

Көруге болатын көрнекі жерлер:

  • облыстық филармония;
  • Кен-баба паркі;
  • орталық парк;
  • этникалық архитектурасы бар ескі қала;
  • Жер ана монументі бар Ордабасы алаңы.

Шымкенттегі климат

Қаланың климаты орташа жылы. Қыста жазға қарағанда жауын-шашын айтарлықтай көп жауады.. Наурыз айында жаңбыр ең көп жауады, тамыз жауын-шашын ең аз болатын ай. Ең жылы ай – шілде, орташа температурасы 26,5 °C, ал ең суық – қаңтар айы, орташа температурасы -2,0 °C


Сатып алу

Күн

calendar