1. FlyArystan-ның миссиясы қандай?

Біздің миссиямыз – азаматтардың барлық санаттары үшін, олардың табысына, әлеуметтік мәртебесі мен жасына қарамастан, қол жетімді және қауіпсіз саяхат ұсына отырып, адамдарды біріктіру.

2. FlyArystan-ның Air Astana-ға қандай қатынасы бар?

FlyArystan Air Astana тобының мүшесі, сондықтан қауіпсіздік стандарттары мен техникалық қызмет көрсету және пайдалану стандарттары Air Astana деңгейінде қалады.

3. Лоукостер деген не?

Лоукостер (бюджеттік әуекомпания) – өте төмен жол ақысын ұсынатын және жолаушыларға өз қажеттіліктеріне қарай қосымша қызметтерді таңдауға, мысалы: жүкті, борттағы қолайлы орынды сатып алу, немесе ұшу кезінде тамақ және сусын сатып алуға мүмкіндік беретін әуекомпания.

4. Демек мен төмен бағаға билет сатып алсам, қосымша қызмет түрлеріне төлем жасамаймын, солай ма?

Ия, егер сіз қосымша қызметтерді сатып алғыңыз келмесе, онда оларға төлем жасамайсыз.

5. FlyArystan қандай бағыттарда ұшады және жол ақысы қанша тұратын болады?

Бастапқы тарифтер мен бағыттар тізімі 2019 жылдың наурызында қолжетімді болады.

6. FlyArystan алғашқы рейсін қашан іске асырады?

FlyArystan алғашқы рейсін 2019 жылдың екінші тоқсанында орындайды.

7. FlyArystan халықаралық бағыттырда рейстерді орындайды ма?

Ия, FlyArystan ішкі және халықаралық бағыттырда рейстерді орындауды жоспарлайды.

8. FlyArystan рейстеріне орындарды қашан сатып алуға болады?

FlyArystan алғашқы рейстері мен бағыттарына орындар 2019 жылдың наурыз айында қолжетімді болады.

9. FlyArystan-ның рейстеріне орындарды қалай сатып алсам болады?

Орындар 2019 жылдың наурыз айында қолжетімді болады. Орындарды әуекомпанияның вебсайтында, мобильді қосымшасы немесе ақпарат және брондау орталығы арқылы сатып алуыңызға болады. Сонымен қатар, сіз орындарды Air Astana-ның сату кеңселерінен және қалайтын туристік агенттіктен сатып ала аласыз.

10. FlyArystan-ның рейстеріне орындарды Air Astana-ның ақпарат және брондау орталығы арқылы брондауға болады ма?

Жоқ, 2019 жылдың наурыз айында билеттерді сату барысы өндірілген кезде FlyArystan-ның меншікті ақпарат және брондау орталығы болады.

11. FlyArystan қандай ұшақтар түрімен рейстерді орындайды?

FlyArystan 180 орындық конфигурациядағы Airbus 320-232 ұшағымен рейстерді орындайды.

12. FlyArystan ұшақтарының пайдалану мерзімі қанша жыл?

FlyArystan A320 ұшағының пайдалану мерзімі шамамен 6 жыл, сондықтан FlyArystan компаниясын Қазақстанның ең жас реактивті ұшақ флоты бар әуекомпания деп санауға болады.

13. FlyArystan-ның әуекемелерінде техникалық қызметтерді кім орындайды?

Air Astana тобының мүшесі болғандықтан FlyArystan-ның әуекемелерінде Air Astana-ның инженерлік бөлімі техникалық қызметтерді орындайды.

14. Қандай қосымша қызметтерді сатып алуға болады?

Сіз жүк, борттағы қалаған орынды немесе ұшу кезінде тамақ және сусындарды сатып ала аласыз. Қосымша қызметтер мен өнімдердің толық тізімі 2019 жылдың наурыз айы билеттерді сату барысы өндірілген кезде қол жетімді болады.

15. FlyArystan бизнес-класты ұсынады ма?

Жоқ, FlyArystan қызмет көрсетудің тек бір класын ұсынады.

16. FlyArstan рейстеріне орындардың сатылымы басталғанын қалай білуге болады?

Біздің жаңалықтарды және сату басталу күнін білу үшін осы жерде тіркеліңіз. Орынды ертерек сатып алып, төменірек баға төлеңіз.

airastana.com