Қандай жағдай болмасын, жолаушылар мен жұмысшылардың денсаулығы мен қауіпсіздігі әрқашан бірінші орында.
Осы себептен барша әлемді дүрліктірген короновирустан (COVID-19) қандай сақтандыру шаралары жүргізіліп жатқандығын хабарлаймыз.
Салондағы ауа бірнеше минут сайын 99,97% миробтарды ұстап қалатын жоғары тиімділіктегі HEPA фильтірімен сүзгіден өтіп, жаңарып тұрады. Фильтрлер ұшақ өндірушінің қойған ережелері бойынша тұрақты түрде ауыстырылып тұрады.
Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі Еуропалық агенттіктің өткізген зерттеулері салондағы ауа қарапайым ғимараттардағы ауа сапасымен бірдей немесе одан да жақсырақ екендігін көрсетеді.
Біз EASA және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының кеңестеріне жүгіне отыра тазалықтың ең биік стандарттарын сақтаймыз.
Кабиналар, туалеттер, орындықтар және үстелшелер әр түн сайын тазаланып, дезинфекцияланады. Сонымен қатар ұшақтар тазалық сақтау мамандарымен тұрақты түрде терең және ұқыпты тазалану шараларынан өтеді.
Біз сіздерге қауіпсіз және жайлы саяхат тілейміз.