UMNR Landing Banner

Жетелеушісі жоқ баланың саяхаты: үдерісі және талаптары

Бұл нұсқаулық балаңызды жетелеушісіз ұшуға дайындауға көмектеседі.

Қажетті құжаттар

⦿ Өтініш формасының (жүктеу) 4 данасы алдын ала толтырыңыз, басып шығарып, қол қойыңыз. Толтырылған форманың үлгісін мына жерден көре аласыз.

⦿ Баланың туу туралы куәлігінің түпнұсқасы.

⦿ Ата-анасынан немесе заңды қамқоршысынан баланы жауапты (қарсы алатын) ересек адамға тапсыруға келісімі туралы нотариалды куәландырылған хат және жауапты ересек адамның жеке басын куәландыратын құжат.

 

Әуежайда

⦿ Құжаттарды дайындау және тіркеу үшін қажетті уақытты қамтамасыз ету үшін бала мен оны шығарып салушы әуежайға ұшуға дейін 2 сағаттан кешіктірмей келуі керек.

⦿ Жердегі қызмет агенттеріміз барлық жол жүру құжаттарының дұрыс толтырылғанын тексереді. Өтініштің 1 данасы шығарып салушыға қайтарылады.

⦿ Бала және оның жолжүгі (қажет болса) тіркеледі. Жолжүкті тасымалдау ережелері туралы мына жерден оқыңыз.

⦿ Қауіпсіздік ережелеріне сәйкес ересектердің еріп жүруінсіз кәмелетке толмаған жолаушыларға тіркеу кезінде тек қана ұшақ салонының артқы қатарында, экипаж аймағына жақын жерде орын беріледі.

⦿ Жауапты шығарып салушы ересек адам баланы агентке табыстағанға дейін әуежайда қалуы тиіс.

⦿ Бала бортсеріктерге табысталғанға дейін (ұшу алдындағы тексеруді қоса алғанда) жердегі қызмет агентінің бақылауында болады.

 

Ұшаққа отырғызу және ұшу барысында

⦿ Бала ұшақ бортына басым тәртіппен бірінші кезекте отырғызылады және оны жердегі қызмет агенті әуекемең экипажына табыстайды.

⦿ Бортсеріктер ұшу кезінде баланы бақылай алуы үшін оған соңғы қатарда орын беріледі. Сондықтан жолаушылардың осы санаты үшін "орын таңдау" қызметі қолжетімсіз. Жетелеушісі жоқ бала әйел жолаушының (жасы 18-ден жоғары) жанына отырғызылады.

⦿ Біздің экипаж сіздің жас саяхатшыңыздың сапары жағымды, жайлы болуы және ұмытылмас әсер қалдыруы үшін бар күшін салады.

 

Ұшып келу пунктінде

⦿ Межелі әуежайға келгеннен кейін жетелеушісі жоқ бала бортсеріктердің және баланы қабылдайтын жергілікті қызметкерлердің бақылауымен ұшақ жолаушыларының соңғысы болып шығады.

⦿ Сауалнамада көрсетілген ересек (қарсы алушы) адамның жеке басын растағаннан кейін, бала оған табысталады. Баланы қарсы алушы адам жеке куәлігін көрсетуге дайын болуы керек. Бала қарсы алушыға табысталғаннан кейін, әрі қарай баланың әл-ауқаты үшін осы адам толық жауап береді.

⦿ Егер баланы қарсы алуға жауапты адам жоспарланған уақытта әуежайға келмесе, оған жердегі қызмет көрсететін компанияның өкілі хабарласады. Егер қарсы алушы адаммен 30 минут ішінде байланысу мүмкін болмаса, бала жергілікті полиция бөліміне жіберіледі. Баланы ұшып шығу әуежайында шығарып салған адамға бұл туралы дереу хабарланады.

 

Маңызды! Қауіпсіздік мақсатында және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345-II «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы» заңына сай, ұшу уақыты (ұшып шығу қаланың уақыты бойынша) сағат 23:00-ден таңғы сағат 06:00 уақыт аралығында жетелеушісі жоқ кәмелеттік жасқа толмаған (18 жасқа дейінгі) балалар FlyArystan әуекомпаниясының рейстеріне, басқа рейс болмаған жағдайда да, қабылданбайды.