Артқа

Алматы

Қарағанды — Алматы әуебилеттері

Қарағанды – Алматы бағытында ұшақпен саяхаттауды ұсынатын рейстер көп. Бірақ бағасы төмен болғандардың саны шамалы, өйткені билеттің бағасына көбінесе қосымша қызметтер, сатушының комиссиясы және басқа да дәлелсіз үстеме құн қосылған. Бірінші қазақстандық FlyArystan лоукостері бұл бағыт бойынша ұша бастады, бұл Қарағанды – Алматы әуебилеттерінің құны бұрыннан қолжетімді болғанын білдіреді.

Қазақстанның оңтүстік астанасы туристер арасында аса танымал. Бұл жерде назар аударуға болатын көрнекі жерлер көп: музейлер, көлдер, таулар және көптеген басқасы. Бюджеттік турист болмасаңыз да, Алматыға іскерлік сапармен барған кезде, әуебилеттер арқылы үнемделген қаражат ешқашан артық болмайды.

Орташа алғанда, лоукостер арқылы ұшу әдеттегі әуежелілерге қарағанда саяхатшылар үшін екі есе арзанырақ түседі. FlyArystan әуекомпаниясы арқылы 1 мың км құрайтын қашықтықты сіз небары бір жарым сағат ішінде өтесіз.

Қарағанды Алматы тікелей рейстерді flyarystan.com сайтынан көріңіз.

Осы бағытта қолжетімді рейстер туралы білу үшін сайтымыздағы ұшу кестесімен танысыңыз. Қазіргі уақытта FlyArystan әуе жолының ұшақтары Қарағандыдан Алматы әуежайына күн сайын таңертеңгі рейстермен ұшады. Қарағандыдан сағат 7:45-те ұшады, сағат 9:10-да Алматыда боласыз. Жылдамдық – әуе сапарларының ең басты артықшылығы. Өйткені бір қаладан басқа қалаға жету үшін шамамен 15 сағатыңыз кетеді.

Қарағанды – Алматы бағытында әуебилеттердің болуын алдын ала қарай аласыз, олардың бағаларын да ашық түрде көруіңізге болады.

Қарағанды – Алматы ұшағына билет сатып алу жолы

Әуебилеттерді сатып алу үшін ресми сайтты пайдаланыңыз, бірнеше минуттан кейін билеттер қолыңызда болады. Қарапайым және ыңғайлы функционал бірнеше минут ішінде тіпті интернетті жаңа пайдаланушыларға авиабилеттерге бронь қоюға мүмкіндік береді. Тиісті маршрутты белгілеңіз, ұшудың ыңғайлы күні мен қажетті қосымша қызметтерді таңдаңыз. Содан кейін жолаушылардың нақты паспорттық деректерін көрсету керек. Егер бронь қойған кезде қосымша сұрақтарыңыз пайда болса, сіз әркез біздің байланыс орталығымызға хабарласа аласыз. Біздің мамандарымыз сізге көмектесуге және ұшуларға бронь қою мәселелері бойынша кеңес беруге әркез дайын.

Қарағанды — Алматы арзан әуебилеттері

Қарағандыдан Алматыға апаратын ұшаққа ең арзан билеттерді сатып алу жөнінде бірнеше кеңес:

  • Бағаларды салыстырыңыз, бірден ұшып кету және қайту билеттерін сатып алыңыз. Сапарды басқа күнге белгілеуге болса, іздеу ауқымын кеңейтіңіз. Әртүрлі апта күндеріндегі ұсыныстарды қараңыз, бағалар әртүрлі болуы мүмкін.
  • Біздің сайтымыздағы және әлеуметтік желілердегі ақпараттың жаңартылғанын бақылап жүріңіз.
  • Қосымша қызметтерді билетке бронь қойған кезде сатып алыңыз. Осылай әуебилет тарифы барынша тиімді болады.
  • Мереке күндері мен каникул кезінде саяхаттау, әдетте, қымбатырақ болады. Сапарды жоспарлаған кезде, осыған назар аудару керек.

Сенімділік және қауіпсіздік

FlyArystan қызметкерлері сіздің жайлығыңыз бен жету жылдамдығы жөнінде ғана емес, жолаушылардың қауіпсіздігіне де ерекше көңіл бөледі. Әуепаркіміздегі ұшақтардың орташа пайдалану мерзімі шамамен 6 жылды құрайды. Біздің қолданатынымыз еліміздегі реактивті ұшақтардың ең жаңа әуе паркі

Лоукостердің көлік құралдарына Air Astana компаниясының ең үздік инженерлері қызмет көрсетеді. Біз жолаушыларымыз бен олардың бізге артқан сенімін бағалай білеміз, сондықтан ұшақтарды қолдану мен оларды тексеруге барынша жауапты қараймыз.

Сатып алу

Күн

calendar