• Брондау және брондауды өзгерту
  • Ақпарат
  • Көмек
Артқа

Астана

Кутаиси Астана әуебилеттері!

Кутаисиден (KUT) Астанаға (NQZ) FlyArystan тікелей рейстерімен, аптасына 3 күн және ыңғайлы Airbus A320 ұшақтарымен саяхаттаңыз.  

Назар аударыңыз! Кутаиси әуежайындағы ұшу-қону жолағында жоспарланған жөндеу жұмыстарына байланысты, 10 - 24 қазан аралығында FlyArystan рейстері Тбилиси әуежайына/нан орындалады.

FlyArystan тарихи Кутаисиді Қазақстанның жас астанасымен байланыстырады. Әуе билетті брондап, сіз 4 сағатта 2400 шақырымды ұшып өтіп Қазақстанның елордасында уақытыңызды өткізе аласыз.

Нұр - Сұлтан - 1997 жылдан Қазақстанның жаңа астанасы. 20 жылдан кейін қала аймақтың талантты және өршіл жастарын тартатын орталыққа айналды. Бұл елдің стратегиялық ғылыми тұғырнамасы. Қаланың саяси маңыздылығына байланысты мұнда Қазақстанның барлық аймақтарынан келген адамдарды кездестіруге болады. Астана – мәдениеттер мен халықтар тоғысқан мекен.

Елорда Есіл өзенімен «оң» және «сол» жағалауға бөлінген. Оң жағалау тарихи рөл атқара отырып, бұрынғы Целиноградтың тарихы мен сәулетін сақтайды. Сол жағалау - қаланың барлық заманауи сәулет өнері мен үкімет орналасқан бөлігі.

FlyArystan-ның кең бағдарлар желісін пайдаланып, өзіңіздің қаланыздан тоғыспалы рейстер арқылы Астанаға дейін жету мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар.

Бізбен саяхаттың артықшылықтары

FlyArystan - Орталық Азияның жетекші авиакомпаниясы Air Astana - ның еншілес кәсіпорны болып табыламыз. Біз техникалық қолдауды, қауіпсіздік қолдауды, оқытуды, жүйелер мен қызметтерді Air Astana авиакомпаниясынан аламыз.

Біз өз қызметімізді 2019 жылдың мамыр айынан жүргіземіз. Бүгін Алматыда, Астанада, Атырауда, Ақтауда және Шымкентте Airbus A320 CEO мен NEO ұшақтарының заманауи парктерінде негізделген қазақстандық және шетелдік арзан бағалы желістерін басқарамыз.

Жолаушылар максималды жайлылықты тиімді бағамен алады да, бізбен ұшудың келесі артықшылықтарын атап өтеді: төмен тарифтер, заманауи ыңғайлы ұшақтар, қосымша қызметтердің кең тандауы.

Билетті қалай тиімдірек сатып алуға болады?

Үстеме ақысынсыз билетті брондау үшін iOS және Android жүйелеріне арналған FlyArystan қосымшасын немесе осы ресми веб-сайтты пайдаланыңыз. Классикалық авиакомпанияларға қарағанда лоукост әуе билеттері әрқашан арзанырақ болады. Себебі, мұнда жолаушы барлық қажетті қосымша қызметтерді өз бетінше таңдай алады: багажды тасымалдау, борттағы тамақтану, сүйікті орынды таңдау және басқа қызметтер. Нәтижесінде билет құнын өзіңіз анықтайсыз.

Билеттерді алдын ала және екі бағытта брондау ұсынылады. Бұл сапарыңызды одан да тиімді етеді.

Әуежайдан қала орталығына қалай жетуге болады?

Барлық рейстер елорданың басты – Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына келеді. Келушілер қала орталығына автобуспен және таксимен жетеді:

  • Автобус. № 10 немесе № 12. Жол жүру уақыты: 40 минут.
  • Такси. Жол жүру уақыты: 30 мин. Бағасы 2000 теңгеден басталады.

Нұр - Сұлтанның маңызды орындары

Астананың ең танымал көрікті жерлері:

  • Бәйтерек. Жас ағашты білдіретін қаланың басты ескерткіші. Ол бай тарихы бар жас мемлекетті бейнелейді.
  • Хан Шатыр. Үлкен киіз үй тәрізді сауда кешені. Құрылым есте қаларлық, мүмкін бұл оны әйгілі Foster + Partners сәулет агенттігі салғандықтан шығар.
  • Бейбітшілік және келісім сарайы. Қазіргі Қазақстанның бейбітсүйгіш сыртқы саясатын бейнелейтін пирамида тәрізді құрылым. Мұнда мемлекет басшыларының кездесулері өтеді.
  • Астана ЭКСПО. Экспо 2017 халықаралық көрмесіне орайластырылған павильондар кешені. Павильондардан басқа «Нұр-Әлем» сфералық мұражайы мен серуендеу алаңы бар.
  • Бурабай. Боровое ұлттық саябағы деген атпен танымал. Бурабай – көптеген көлдері, таулары мен ормандары бар Қазақстанның табиғи көрікті жері. Бұл аймақта жыл сайын мыңдаған келушілерді қабылдайтын көптеген қонақүйлер мен мейрамханалар бар.

Билеттерді брондау

Билетті брондау үшін iOS-ке арналған FlyArystan мобильді қосымшасын пайдаланыңыз: https://clck.ru/WxvbZ және Android-ке арналған қосымша: https://clck.ru/Wxvi4 немесе flyarystan.com веб-сайтында сапарыңызды брондаңыз.

Cілтеме арқылы Қазақстанға кіру талаптарымен алдын ала танысуды сұраймыз.

Сатып алу

Күн

calendar