Ыстамбұл – әлемдегі ең үлкен және ең көне қалалардың бірі болып табылады. Бұл бұрынғы Константинополь, мемлекеттің тарихи-мәдени орталығы, Византия империясының астанасы. Ол Босфор бұғазының жағасында орналасқан, Еуропа мен Азияны байланыстырады, Мәрмәр теңізі мен Қара теңізбен қоршалған. Ыстамбұлда әртүрлі мәдениеттерден жиналып 15 миллион адам тұрады, бұл қаланы әлемдегі халқы ең көп және әртүрлі қалалардың біріне айналдырады.
Қарағанды (KGF) – Ыстамбұл (IST) тікелей рейстері 4 маусымнан 29 тамызға дейін сәрсенбі және жұма күндері орындалады. Билеттер сатылымда!
Қарағанды – Ыстамбұл ұшағымен ұшып келіп, сіз азия мен еуропа мәдениеттерінің араласуын, көне көрікті жерлерін көріп, түрік асханасының жарқын дәмін татып, арзан шопингке бара аласыз.
FlyArystan-ның кең бағдарлар желісін пайдаланып, өзіңіздің қаланыздан тоғыспалы рейстер арқылы Ыстамбұлға дейін жету мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар.
FlyArystan - Орталық Азияның жетекші авиакомпаниясы Air Astana-ның еншілес кәсіпорны болып табыламыз. Біз техникалық қолдауды, қауіпсіздік қолдауды, оқытуды, жүйелер мен қызметтерді Air Astana авиакомпаниясынан аламыз.
Біз өз қызметімізді 2019 жылдың мамыр айынан жүргіземіз. Бүгін Алматыда, Астанада, Атырауда, Қарағандыда және Шымкентте Airbus A320 CEO мен NEO ұшақтарының заманауи парктерінде негізделген қазақстандық және шетелдік арзан бағалы желістерін басқарамыз.
Жолаушылар максималды жайлылықты тиімді бағамен алады да, бізбен ұшудың келесі артықшылықтарын атап өтеді: төмен тарифтер, заманауи ыңғайлы ұшақтар, қосымша қызметтердің кең тандауы.
Қарағанды – Ыстамбұл билеттерінің бағасын білу және оларды базалық баға бойынша брондау үшін смартфонға арналған FlyArystan қосымшасын немесе ресми сайтты пайдалануды ұсынамыз. Лоукост авиакомпаниялармен саяхаттағанда сіз қажетті қызметтердің барлық тізімін таңдау арқылы саяхатыңызды арзанырақ етесіз: багажды тасымалдау, борттағы тамақтану, орынды таңдау және т.б.
Әуе билеттерді екі жаққа және алдын ала брондасаңыз, саяхатыңыз одан да тиімді болады.
Халықаралық рейстер Ыстамбұл Халықаралық әуежайына (IST) келеді, оны Жаңа Ыстамбұл әуежайы деп те атайды. Ыстамбұл орталығына метро, автобус, такси немесе жалға алынған көлікпен жете аласыз.
Билетті брондау үшін iOS немесе Android-ке арналған FlyArystan мобильді қосымшасын пайдаланыңыз.
Cілтеме арқылы Түркияға кіру талаптарымен алдын ала танысуды сұраймыз.